Get Mystery Box with random crypto!

Қазақстан мен Ресей экономикалық тұрғыдан одақтас, әскери негі | KzNews

Қазақстан мен Ресей экономикалық тұрғыдан одақтас, әскери негізде бір ұйымда, ал саяси тұрғыдан серіктес.

Екі елді тек қана ресми байланыстардан бөлек жеті мың шақырым шекара, Ресейдегі миллион қазақ пен Қазақстандағы екі жарым миллион орыс, КСРО құрамындағы ортақ тарих пен өзге де байланыстырушы факторлар біріктіреді.

Алайда сол біріктіруші факторларды екі ел арасындағы достықты дамытушы сипатта қолданудың орнына, Кремль қысым жасаушы рычаг ретінде пайдалануды көздейді. Мысалы ортақ шекараны ресми мойындап, бірақ бейресми “біздің тарихи жеріміз” деген сандырақты айтады.