Get Mystery Box with random crypto!

- Адам неге азып барады? Рухани тұрғыдағы азғындыққа жоламай-а | Кітап үзіндісі

- Адам неге азып барады? Рухани тұрғыдағы азғындыққа жоламай-ақ қой, өзгесін айтшы...Неге біз аурушаң, әлжуаз боп кеттік? Неге ауру–сырқау, жұқпалы дерт, індет жайлағыш? Неге кемтар нәрестелер көбейді?
- Енді оның себебі көп қой, экологиялық ахуал қиындады...,- деп білгенімді айтпаққа оқтала бергенімде, «Былжырақ», - деп қолын бір сермеді.
- Білмейсің! Көзің ашық болғанмен мұрныңның астында сүңгідей болып қатып тұрған қаспақты көрмейсің.
- Білсең айтшы қане көреген данышпаным, - деп мен қитығып қалдым.
- Біле білсең, осының бәріне ғылым, оның ішіндегі медицина ғылымы кінәлі...
- Қалай?
- Қалай болса-солай. Алдымен мына сұрағыма жауап бер, сенің әжең қанша құрсақ көтерген?
- Жетеу
- Соның қаншасы адам болып кетті?
- Төртеуі, тұңғышы бір жасында шетінеген, одан кейінгі екі ұлы туа салып кетіпті.
- Міне, көрдің бе? Сол замандағы адамдардың барлығынан сұра сенбесең, кемінде бір–екі баласын жерге берген. Өйткені бұрынғы адамдар бала күнінде табиғи сұрыптаудан өтетін. Ана құрсағында жақсы жетілген, өмір сүруге қабілетті сәбилер ғана аман қалатын. Әлжуаздар туа салып шетінеп кететін немесе бертінде түрлі ауруларға төтеп бере алмай қыршынынан қиылады.
- Түсінбедім ойыңды, не айтқың келіп отыр?
- Сөзімді бөлмей тыңда! Қазіргі медицина өлейін деп жатқан шақалақты тірілтіп алады. Әлжуазды дәрі–дәрмек салып, әйтүп-бүйтіп адам қыламыз. Содан тұқым аламыз. Әлжуаздан дімкәс туады, дімкәстан көксау, көксаудан ауру, ал аурудан кемтар туады.
- Суворов шала туған, Мемлекеттік тудың авторы Шәкен Ниязбеков шала туған,
деп ойыма түскен шалатуғандарды тізбелей бастап едім орнынан атып тұрды.
- Сен мыңнан бірін айтып отырсың, - деді бәсең үнмен. Негізінде солай, адамзат азбауы үшін тек мықтылардан тұқым тарату керек. Айналайын–ау, қораңдағы қойға да қошқар сайлағанда кәтегінен емес, ірісінен таңдайсың ғой қозылары кесек болсын деп...Бұл да–сондай селекция. Қазіргі түрлі ауру–сырқау тұрмақ ырбиған-тырбиған жігіттердің пайда болуы, қызтекелердің қаптауының түп негізі соған барып тіреледі.

Есболат Айдабосын "Тибет аруы"

@kitapuzindisi