Get Mystery Box with random crypto!

Кітап үзіндісі

Telegram арнасының логотипі kitapuzindisi — Кітап үзіндісі К
Telegram арнасының логотипі kitapuzindisi — Кітап үзіндісі
Арна мекенжайы: @kitapuzindisi
Санаттар: Әдебиет
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 9.85K
Арнадан сипаттама

📚 Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма?
Бұл арнада сондай үзінділер беріледі.
💌 Арнаға қатысты ұсыныс/сұрақтар: @Oqymysty_bot

Ratings & Reviews

4.40

5 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

3

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


.
.

Өте керемет арна екен.


sariberik
sariberik

Осы арнаға кіріп кітап үзінділерін оқып тұрам. Админдеріне құдай береке берсін.


All comments

Соңғы хабарлар 71

2021-07-20 12:13:24 Еркектің таңын атырып, күнін шығаратын, күндізін көрікті, түнін тәтті ететін, жақында жүрсе жанына қанат беріп, алыста жүрсе аңсататын, жұлдызын оңнан туғызып, еңбегін жемісті ететін сүйген жар екен ғой, шіркін!


Әзілхан Нұршайықов - Махаббат, қызық мол жылдар
848 views09:13
Ашу / Түсініктеме
2021-07-20 10:14:01 Жаңа мекенді қашан да жерсінбейтін хайуандар секілді адам баласы жаңа заманнан гөрі баяғы заманды аңсап отыратын әдеті ғой. Бірақ ол өзінің баяғы жастық шағын — жақсы шағын ғана сағынып отырғанын сезбейді. Ертең тағы да бүгінгі осы күнді ойлап, қайран заман деп отыратын ұрпақ келеді. Одан кейін тағы солай, тағы солай болып кете береді. Әркім өз бойының қуанышынан ия қайғысынан қоғамның қуаныш–қайғысын іздейді. Өстіп өмір, уақыт жайында мың түрлі ой–пікір пайда болады.

Төлен Әбдік "Өліара"

@kitapuzindisi
895 views07:14
Ашу / Түсініктеме
2021-07-19 10:14:42 Оқыңдар, қарақтарым, оқыңдар, — деді ағай біраздан кейін. — Қазақтың оқуда кеткен еншісі көп! Атаң үшін де оқы, әкең үшін де оқы, өзің үшін де оқы!
Сол екпінмен «шешең үшін де оқы!» деп айтар ма екен деп дәмеленіп ем, ағай оны айтқан жоқ. Онысы әйелдерден оқуды қызғану емес, ауыз байғұстың айтып әдеттенбегендігінен еді.

Ғабит Мүсірепов "Қазақ солдаты"

@kitapuzindisi
595 views07:14
Ашу / Түсініктеме
2021-07-19 10:14:15 Кіші немереміз Мадияр: «Әже, әже!» - деп мойнымнан құшақтап, бетімнен сүйіп жатыр.
-Бұл үйде мені Мадияр ғана осылай жақсы көреді, - дедім жүрегім елжіреп.
-Әжесі-ау, ол әлі кішкентай ғой, - дегені атасы маған қарап.

Зейнеп Ахметова "Әзіліңді сағындық"⠀

@kitapuzindisi
630 views07:14
Ашу / Түсініктеме
2021-07-11 12:02:58 Инста парақшамызға тіркеліңіздер.
436 views09:02
Ашу / Түсініктеме
2021-07-11 12:01:54 Он сегіз мың ғаламның тереңіне қанша сүңгісең де, маңдайың тірелетін бір ғана құпия бар, ол – қу дүниенің баянсыздығынан басқа түк те емес... Басқа түк те емес... Бақ та, дәулет те өткінші... Өлім ғана хақ...

Төлен Әбдік "Өліара"

@kitapuzindisi
6.3K views09:01
Ашу / Түсініктеме
2021-07-10 08:00:01 Сұм дүниенің ортасында отырсаң, оның сұмдығын да білуің керек. Айналаңа шимай шытырман зұлымдық торы құрылып жатса, оны білмесең, сен кімсің?

Ғабит Мүсірепов "Қазақ солдаты"

@kitapuzindisi
689 views05:00
Ашу / Түсініктеме
2021-07-08 08:00:12
Данияр Жігітбек "Лайфхактар"

@kitapuzindisi
@dzhigitbek
5.7K views05:00
Ашу / Түсініктеме
2021-07-07 08:00:10 Ендеше, жаратқан адамды жаратқанда не түрлi сынақты ойлап қойған. Одан сүрiнбей шыққандар ғана адам деген атқа лайық. Мойыдың ба – пендесiң. Ал, пенделiктi еншiлегендер перiште көңiлдi перiге жығып беруге әуес. Олардың дiттегенi – тiршiлiктi жын-ойнаққа айналдыру. Әлiң жетсе дәл осыған қалқан бол. Сонда жұмақ пен тозақ арасы алшақтап, ақ пен қараның ортасына сына қағылады.

Төкен Әлжантегі "Балдан тәтті ғұмыр"

@kitapuzindisi
1.2K views05:00
Ашу / Түсініктеме
2021-07-06 08:00:10 — Қасқа адамның ақылы көп бола ма, сақалы ұзын адамның ақылы көп бола ма?
Адамның ақылы шашына жау болатындай-ақ біразымыз:
— Ақылы көп адам қасқа болады, оған таласпа! — дейміз.
— Жоқ... Анау сақалы беліне түсіп отырған Толстой деген кісі... Олай болса, сақалды адамның ақылы көп болады! — деп қарсы жағымыз бой бермейді.

Ғабит Мүсірепов "Қазақ солдаты"
512 views05:00
Ашу / Түсініктеме