Get Mystery Box with random crypto!

Парақорлық – кітап айтатын күнәнің үлкені... Парақорлық бұрынғ | Кітап үзіндісі

Парақорлық – кітап айтатын күнәнің үлкені... Парақорлық бұрынғы Кеңгірбай сияқты атақты бидің де сүйегіне басылған таңба еді. Өшпес міні, кешпес сұмдығы сол болатын. Ол, әсіресе қысылған жандардан, жазықсыз жұрттан түсетін жем. Көпшілікке айтқызсаң, Барлас, Шөжелерге айтқызсаң - ол ең бір кешірілмейтін күнә. Абырой, атақ әперіп отырған «Құдай үйінің» өзі де көптен-көп осындай малдан салынбады ма екен!..
Парадан жиылып та мешіт боп қалқиып тұрады екен. «Арамнан салындым» деп қаусап қалмайды. Оның ішінде де Құдай аты аталып, пайғамбар атынан «құтпа», «уағыз» сөйленеді. Сәлделі имам көзін сүзіп, «тәбәрәкті» созып, «Бұхар мақамын» күңірентеді екен. Жақсы көрдім деген баланың, жақсы тілеумен айттырдым деген келіннің ақ тілеуі, ақ күмбезі де жем-парадан үзік жамылып, жем-парадан шымылдық тігіледі екен.

Мұхтар Әуезов "Абай жолы"

@kitapuzindisi