Get Mystery Box with random crypto!

“Өмірді, адамдарды, жақындарын шын сүйе алмаған, қадірлей, бағ | Кітап үзіндісі

“Өмірді, адамдарды, жақындарын шын сүйе алмаған, қадірлей, бағалай алмаған, жақсылық жасай алмаған адам өмірдің мәнін де ұға алмайды, босқа ғұмыр кешеді” деп ойлады. Тек өз басын ойлайтын өзімшіл адам бақытты өмір сүре алмайды. Өйткені өмір тек жақсылықтан, қуаныштан, рахаттан ғана тұрмайды, оның қасіреті, қайғысы, жамандығы, бейнеті де аз емес. Бақытсыздыққа ұшыраған адам жалғыз болса, жанында жанашырлары, жақындары жоқ болса, нағыз сорлы, дәрменсіз, бейшара болып, одан сайын көп азап шегеді екен. Жалғыздықтың азабы осындай, басыңа қиын-қыстау күн туып, тауқымет түскенде анық сезіледі. Жақындарыңның, ата-анаңның, бауырларыңның, достарыңның қадірін, бағасын басыңа іс түскенде, қиналғанда білесің. Сау жүргенде адам көп нәрсені түсіне бермейді.. Қасында жанашырлары болмаса...

Нұртас Исабаев "Өмірге құштарлық"

@kitapuzindisi