Get Mystery Box with random crypto!

Кітап үзіндісі

Telegram арнасының логотипі kitapuzindisi — Кітап үзіндісі К
Telegram арнасының логотипі kitapuzindisi — Кітап үзіндісі
Арна мекенжайы: @kitapuzindisi
Санаттар: Әдебиет
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 9.85K
Арнадан сипаттама

📚 Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма?
Бұл арнада сондай үзінділер беріледі.
💌 Арнаға қатысты ұсыныс/сұрақтар: @Oqymysty_bot

Ratings & Reviews

4.40

5 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

3

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


.
.

Өте керемет арна екен.


sariberik
sariberik

Осы арнаға кіріп кітап үзінділерін оқып тұрам. Админдеріне құдай береке берсін.


All comments

Соңғы хабарлар 70

2021-07-23 08:00:09 Шіркін, дүние қайдан баянды болсын. Дүниені билеген мінезде баян болмаған соң, байыздап тұра ма! Ант ішейін, тегі, осы жеріңіздің, осы тұрған тауларына, айтайық, мынау Семейтау, Көкендеріне аяқ бітсе, олар да бір орында тұрмай, жүріп кетер еді-ау, ә! – деді.

Мұхтар Әуезов "Абай жолы"

@kitapuzindisi
300 views05:00
Ашу / Түсініктеме
2021-07-22 12:49:12 Жетім деп қандай отбасыны айтуға болады? Егер сол шаңырақта көршіге, туған-туысқа, қоғамға деген жақсылық болмаса, қайырымды іске жетім отбасы деп айтуға тура келеді. Жесір отбасыда әйелдің күйеуіне құрметі болмайды. Күйеуі қайтыс болған секілді қарым-қатынастан не қайыр? Күйеуінің де әйеліне сыйластық сезімі болмаса, жесір отбасының нақ өзі болады. Мүгедек отбасы деп ата-анаға, үлкендерге ізет-құрметі жоқ отбасыны айтуға болады. Ата-анаға қызмет ету – парыз. Ал кім парызды мойындамай, жоққа шығарса, мүгедек болмағанда басқа кім болады?! Мұхтар Әуезовтің «Қорғансыздың күні» әңгімесі не жайлы?

Жасанов Медет "Баспалдақ"

@kitapuzindisi
864 viewsAssel, 09:49
Ашу / Түсініктеме
2021-07-22 12:47:18 Шіркін, ұлы адамдар, данышпандар, дарындар жасаған ой әлемдері, ақын-жазушылар суреттеген табиғат, өмір көріністері қандай ғажап, керемет, сұлу десеңізші! Оқыған сайын адамның ой-өрісі кеңіп, жан-дүниесі байып, көңіл көкжиегі қанат жайып, қиялы алысқа, биікке самғап, өзін еркін сезініп, жүрегін қуаныш кернеп, жаны жадырап, тынысы ашылып, рухани кемелдене түседі. Осы білімге деген құштарлық – өмірге құштарлық секілді адам бойына біткен туа-бітті асыл қасиет секілді. Тән азығына тойған секілді жан азығына тойған кезіңде бойыңды ерекше қуаныш, рахат сезім билейді. Өмірде соны да түсінбейтін, жан-дүниесі кедей, тоғышар адамдар көп-ау!

Нұртас Исабаев "Өмірге құштарлық"

@kitapuzindisi
834 viewsAssel, 09:47
Ашу / Түсініктеме
2021-07-22 12:40:01 — Құлыным, қозым, кішкентайым! — дейді апам, мені кеудесіне қыса беріп, «Кішкентайы» еңкейіп, иіліп, әрең құшағына сыйып тұрғанында жұмысы да жоқ. Ана үшін бала — қашан да бала. Қашан да ана өзін үлкен санайды. Кірпіш жеген ақ алақан менің басымды қозыны сипағандай сипайды.

Ғабит Мүсірепов "Қазақ солдаты"

@kitapuzindisi
760 viewsАсель, 09:40
Ашу / Түсініктеме
2021-07-22 12:40:01 – Азаматым, – деген сонда ол, – Тiрлiк атты айдын екi нүктенiң арасы ғана. Туу мен өлу заңдылығын жоққа шығару пешенемiзге жазылмаған. Ендеше, тағдыр сол екi нүктенiң арасындағы көзге көрiнбес жiпке түзiлген, оның ұзындығы мен қысқалығын белгiлеу жаратқанның қолында. Десек те, саған байланысты тұстары да жетерлiк. Дүниеге неғұрлым анық көзбен қарасаң, солғұрлым ақиқатқа жүгiнесiң. Ал, ақиқат барда алдамшылыққа орын бұйырмаған. Осыны есiңнен шығарма…

Төкен Әлжантегі "Балдан тәтті ғұмыр"

@kitapuzindisi
766 viewsАсель, 09:40
Ашу / Түсініктеме
2021-07-22 12:40:01 Материалдық кедейліктен рухани өгейлік әлдеқайда қасіретті һәм қауіпті..

Исраил Сапарбай "Бір тамшы көздің жасындай"

@kitapuzindisi
740 viewsАсель, 09:40
Ашу / Түсініктеме
2021-07-22 12:40:01 Кім де кім өзгеге ажал азабының шербетін қанша ішкізсе, өзі де сол удан соншалық ішеді.

Ілияс Есенберлин "Алмас қылыш"

@kitapuzindisi
753 viewsАсель, 09:40
Ашу / Түсініктеме
2021-07-22 12:40:01 Менің Димекеңе өте риза болғаным, сол кездердің өзінде əңгімелерінің арқауы елдің, халықтың хал-жағдайы болды. Сөз арасында елдегі қызмет бабымен жолығып жүрген көптеген жігіттердің аты-жөнін ұмытпай, оларды сұрастырып отырды. Сонда отырып байқағаным жеке кітапханасы өте бай көрінді. Үлкен де биік бөлменің еденінен төбесіне дейін жеткен шкафтарда иінтірестіріп қойған сөрелер толы кітаптар бар екен.

Серік Əбдірайымұлы "Елу жыл ел ағасы" кітабы Əділ Сасбұқаевтың естелігінен

@kitapuzindisi
768 viewsАсель, 09:40
Ашу / Түсініктеме
2021-07-22 08:40:01 Біздің жастарға шаһарстандар ұнайтыны рас. Әсем қаланың тамаша көрінісін бұзатын, тынысын тарылтатын – мына біздің күнәміз. Ең азы көшені көк түкірікке толтырамыз, қоқыспен ластаймыз. Күнәнің сан түрі осы үлкен қаланың кез келген жерінен көрініп жатады. Шұрық тесік жолдың жөнделуін, инфрақұрылымның дамуын талап етуіміз дұрыс емес. Бәрібір біз адам секілді оның бәрін дұрыс қолдана алмаймыз, білмейміз. Ең алдымен, біз өзімізді жөнге келтіріп, артық әрекетімізді дұрыстауымыз қажет. Жол жүру ережесіне бағынбаймыз, қоқысты тиiстi орнына тастамаймыз. Сол себепті қаланың Стамбул болуынан пайда жоқ. Біздің алдап-арбайтын, билеп-төстейтін, жігітті қорлап, қызды зорлап, ойнастық жасайтын күнәміз қаланы молаға айналдырғаны қашан.

Жасанов Медет "Баспалдақ"

@kitapuzindisi
1.0K views05:40
Ашу / Түсініктеме
2021-07-21 11:40:12
Бақытжан Момышұлы "Жанымның жарық жұлдызы"

@kitapuzindisi
4.6K views08:40
Ашу / Түсініктеме