Get Mystery Box with random crypto!

Қазақстанда марқұмды жерлеу жоралғысына кететін шығын екі есег | Инсайттар

Қазақстанда марқұмды жерлеу жоралғысына кететін шығын екі есеге өсті. Ranking сайтының дерегінше, бұл көрсеткіш әсіресе Маңғыстауда көтерілген — 62%.

Алматыда жерлеу рәсімін ұйымдастыруға кем дегенде 150 мың теңге қаражат кетеді екен. Оның ішіне табыт, мата, кілем, мәйітті тасымалдайтын көлік пен жерлеу кіреді.

Жерлеу рәсімін ұйымдастыратын ұйымдардың айтуынша, қызмет бағасы құрал-жабдыққа кететін шығынның өсуіне байланысты өседі. Кейде марқұмды басқа қалаға тасымалдау қажеттігі туындайды. Енді бірі зират басына қоятын тасын ерекшелеуді қалайды. Ал енді бірі сапалы табыт сұрайды.

Кейбір қазақстандықтардың қалталары қабір тасты да көтере алмайды. Гранит, мәрмәрдан жасалатын тастардың бағасы, мысалы, миллионға дейін баруы мүмкін. Жерлеуді ұйымдастыру бағасы Маңғыстау облысында көш бастап тұр. Онда аталған қызмет құны шамамен 62%-ға өскен. Мұнан соң Алматы, Атырау облысы тұр.

@janaarna