Get Mystery Box with random crypto!

ХАЛЫҚ ҮНІ

Telegram арнасының логотипі halyqunimedia — ХАЛЫҚ ҮНІ Х
Telegram арнасының логотипі halyqunimedia — ХАЛЫҚ ҮНІ
Арна мекенжайы: @halyqunimedia
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 7.44K
Арнадан сипаттама

Телеграм каналымыз еліміздегі соңғы жаңалықтардан хабардар етеді.
Ақпарат жіберіңіз: @halyquni_bot
Біздің сайт: https://halyq-uni.kz

Ratings & Reviews

3.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

2

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 67

2022-04-27 06:04:05
Алматыда «Сергек» жүйесіне тағы бір функция іске қосылды

«Қорғау Сергек» бағдарламасының көмегімен жалған нөмірлі көліктердің жүргізушілері анықталып жатыр.

Алматыда «Қорғау Сергек» жүйесі 2021 жылдың қараша айынан бастап пилоттық режимде қолданылып келеді. Алматы қалалық полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы, полиция полковнигі Манап Саттаровтың мәлімдеуінше, жүйе көмегімен жыл басынан бері жалған мемлекеттік нөмірмен жүрген (ҚР ӘҚбК-нің 590-бабы 3,4 бөлігі) 171 жүргізуші ұсталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Көліктер айыппұл тұрағына қойылды. Сонымен қатар, өткен тәулікте арнайы жарық-дыбыс және дауысты сигналдарды заңсыз пайдаланған екі көлік жүргізушісі, 7 мас жүргізуші көлікті басқарудан шеттетілген.
9 viewsedited  03:04
Ашу / Түсініктеме
2022-04-26 15:33:48 Атырауда №36 мектептің жоғары сыныпта оқитын жеті бірдей оқушысы өздерінен төмен оқитын баланы жабылып ұрған. Ауыр соққылардан жағы сынған оқушы ауыр халде ауруханаға жеткізілген.

Алайда мекемеде балаға қажетті медициналық көмек көрсететін бет хирургі жоқ болып шыққан. Тіпті, ондай маман Атырау облысында жоқ болып шыққан. Сондықтан мектеп оқушысын ата-анасы көрші Батыс Қазақстан облысына алып кеткен.

Обл. балалар ауруханасының баспасөз қызметі бұл жағдайды растап отыр.
56 views12:33
Ашу / Түсініктеме
2022-04-26 12:40:11 Тоқаев Amanat партиясынан шықты

"Мемлекет басшысы ешбір партияға басымдық бермегені жөн, яғни саяси тұрғыдан бейтарап болуы қажет. Бұл – менің айқын ұстанымым", - деді ол.

Тоқаев Amanat партиясының төрағалығына Мәжіліс спикері Ерлан Қошановты ұсынды.

Бүгін Amanat партиясының кезектен тыс XXIII съезі өтіп жатыр.

Съезд барысында ADAL саяси партиясының Amanat партиясына қосылуы туралы мәселе қаралады деп жоспарлануда
133 viewsedited  09:40
Ашу / Түсініктеме
2022-04-26 12:18:23 Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданына қарасты Бұлақ ауылдық округінің әкімі Болат Бейсенбаев бүгін қой кезекте жүр

"Бұл қойлар менікі де емес, мен тұрып жатқан үй иесінікі. Бір туысым Көкшетау қаласына көшіп кеткен. Соның малы менің мойнымда. Кезекпен бағамыз".

"Аудандық басшылыққа ескерттім, осындай жағдай барын айттым. Кейбіреулер мені қой кезекке кісі жалдауға шақырады. Оларға "сендер мені олай жемқорлыққа итермелемеңдер, өзім бағамын" деп айттым".

Толығырақ сілтемеде...
381 views09:18
Ашу / Түсініктеме
2022-04-26 12:11:28 Игорь Дужнов өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Алматыда бес адамды атып өлтірген Игорь Дужнов өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

Алматыда қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта бес адамды атып өлтірген Игорь Дужновқа қатысты үкім шықты. Сот үкімін судья Еркін Майшинов оқыды.
159 viewsedited  09:11
Ашу / Түсініктеме
2022-04-26 10:03:03 Өтенбаевтың үстінен қылмыстық іс қозғалмақ

Шымкент қаласында 7-20-25 бағдарламасы аясында үй алуға 12 мыңға жуық тұрғын өтініш берген екен. Кейін конкурс қорытындысы шыққан соң өтініш бергендер тізімінің басына қаладағы шенеуніктер шығып кеткен. Арасында екі аудан әкімі де бар екен.

Бұл халықтың наразылығын тудырып, бүгін 50 шақты адам "Түркістан сарайына" жиналды.

Толығырақ сілтемеде...
207 views07:03
Ашу / Түсініктеме
2022-04-26 09:32:53 2020 жылы екі қабаттан тұратын - 30 мың шаршы метрлік сауда орталығының құрылысы басталған. Ғимараттан орын алу үшін 800 кәсіпкер бірігіп «Altyn Orda QazTrade LTD» ЖШС арқылы құрылысқа 4 млрд теңге ақша салған. Бүгінгі таңда «Altyn Orda QazTrade LTD» ЖШС бастаған құрылыстың 95%-ы бітіп тұр.

Саудагерлер салынып жатқан сауда кешеніне алдын ала төлеген қаражатына қарамастан далада қалуы мүмкін.

Толығырақ сілтемеде...
68 views06:32
Ашу / Түсініктеме
2022-04-26 08:36:59
27 views05:36
Ашу / Түсініктеме
2022-04-26 07:49:09 24 сәуірде Түркістан облысы Қазығұрт, Сарыағаш аудандарында нөсер жаңбыр жауып, табиғи апат салдарынан 50 адам қауіпсіз аймаққа көшірілді. Адам шығыны жоқ. Алдын ала есеп бойынша, 53 үйдің ауласына, 19 үйге, 1 мейрамхана мен 16 ғимаратқа су кіргені анықталды. Сондай-ақ 370 мал басы қырылды.

Бұл жағдайға қатысты Түркістан облысында арнайы комиссия құрылып, облыстық бюджеттің резервінен қаржы қаралып, келесідей көмек көрсетілетін болады:

Қырылған мал үшін ережеге сәйкес өтемақы төленеді;
Зардап шеккен тұрғын үйлер қайта қалпына келтіріледі;
Ғимараттар мен тұрғын үйлердің шатыры қалпына келтіріледі;
Шаруашылық ғимараттарды қалпына келтіруге көмек көрсетіледі;

Қазір табиғи апат салдарынан болған нақты шығын көлемі есептеліп жатыр.



69 views04:49
Ашу / Түсініктеме
2022-04-26 07:35:00 Шымкент қаласында экс-полицей қамауға алынды

Шымкент қаласы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметінің бұрынғы бастығына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Оның үстінен қызмет бабын пайдалана отырып алаяқтық фактісі бойынша (Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі 2-тармағы бойынша) сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

25 сәуірде Мұхтар Бұхарбаев қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128, 131-баптарының тәртібінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Еске салайық, бұған дейін оның қол астындағылардың бірі бұрынғы бастығына қатысты президентке шағымданған.
89 views04:35
Ашу / Түсініктеме