Get Mystery Box with random crypto!

ХАЛЫҚ ҮНІ

Telegram арнасының логотипі halyqunimedia — ХАЛЫҚ ҮНІ Х
Telegram арнасының логотипі halyqunimedia — ХАЛЫҚ ҮНІ
Арна мекенжайы: @halyqunimedia
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 7.44K
Арнадан сипаттама

Телеграм каналымыз еліміздегі соңғы жаңалықтардан хабардар етеді.
Ақпарат жіберіңіз: @halyquni_bot
Біздің сайт: https://halyq-uni.kz

Ratings & Reviews

3.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

2

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 65

2022-04-29 08:03:33 Тоқаевтың қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІ сессиясы ашылды.
7 views05:03
Ашу / Түсініктеме
2022-04-29 07:28:48 Маңғыстауда заңсыз салынбақ болған радиоактивті қалдықтар полигоны тоқтатылды

2021 жылы Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімінің қаулысымен «West Dala» ЖШС-ға ауданның Қосалқы жер қорынан өндірістік қалдықтарды қабылдау, уақытша сақтау, көму, өңдеу кешенін салу үшін жер учаскесі берілген.

Былтыр маусымда Қарақия ауданы әкімінің қаулысымен аталған жер учаскесінің нысаналы мақсаты «Радиоактивті қалдықтармен жұмыстарды жүзеге асыруға арналған арнайы кешен салу» деп өзгертілген.

Алайда, мұндай шешім қолданыстағы заңнамаға сәйкес ҚР үкiметiмен қабылданады, яғни аудан әкімдігінің қаулысы заңсыз және Маңғыстау облысының табиғат қорғау прокуратурасының наразылығы бойынша күшін жойған.
58 views04:28
Ашу / Түсініктеме
2022-04-28 21:17:17 Былтыр Қазақстандағы өзбек, ұйғыр, әзербайжан, түрік, дүнген, тәжіктердің саны өскен. Орыс, украин, неміс, беларус, татар, корей, поляктардың саны мен үлесі азайған.

Ал Қазақстандағы қазақтардың үлесі қанша екенін сілтемеден оқи аласыз...
73 views18:17
Ашу / Түсініктеме
2022-04-28 21:08:14 Солтүстік Қазақстан облысында шамамен 200-ден астам ауыл тіршілік нәріне жарымай отыр. Шал ақын ауданындағы 42 елді мекеннің 36-сында әлі орталықтандырылған су желісі жоқ. Ең өкініштісі, мұндағы Сухорабовка мен Ольгинка ауылдарының халқы радиацияланған су ішуге мәжбүр.
84 views18:08
Ашу / Түсініктеме
2022-04-28 18:09:27 Қаңтар оқиғасында қайтыс болған жігіт Шымкентте жерленген. Жергілікті полиция марқұмның ата-анасының қарсылығына қарамастан мәйітті қазып алып, эксгумация жасапты.
https://halyq-uni.kz/news/2258-kantar-okigasynda-kaitys-bolgan-shymkenttiktin-ata-anasy-saraptama-n-tizhesimen-kelispeidi/
100 views15:09
Ашу / Түсініктеме
2022-04-28 14:24:15 ҚР Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары лауазымына Нұржан Қаджиақбаров тағайындалды
135 views11:24
Ашу / Түсініктеме
2022-04-28 13:13:20
Талдықорғанда мектеп оқушысына күш көрсеткен мұғалім қызметінен кетті

Талдықорған қаласында оқушы қызды балағаттап, оған күш көрсеткен педагогке қатысты видео тарады. Бұл оқиға 11 сәуірде шаһардағы №6-шы білім ордасында болған.

Видеодан ағылшын пәні мұғалімінің 8-сынып оқушысына былапыт сөздер айтып, қол көтеріп жатқанын байқауға болады. Сондай-ақ оқушы қыз да ұстазына сөз қайтарып, ол да бейәдеп сөздер қолданған.

Алматы облысы білім басқармасындағылар осы оқиғадан кейін мұғалімнің өз еркімен қызметінен босатылғанын хабарлады.

«Ұстаз бен оқушы арасында болған жағдайдан кейін әдеп жөніндегі кеңес өтті. Оған оқушының анасы шақырылды. Кеңес барысында екі тарап татуласып, бір-біріне ешқандай кінә артпайтынын айтқан. Мұғалім өз еркімен жұмыстан босатылды. Ол арызында ақпан айынан бері денсаулығы нашарлап жүргенін жазған», - дейді басқармасындағылар.
190 views10:13
Ашу / Түсініктеме
2022-04-28 11:23:38 Қаңтар оқиғасынан кейін қоғам белсендісі Санжар Боқаев Namys деген атаумен жаңа саяси партия құратынын мәлімдеді. Ал бүгін Namys партиясының тіркеудің бірінші кезеңінен өткенін жариялады.
80 views08:23
Ашу / Түсініктеме
2022-04-28 09:47:50
Осыдан бір жыл бұрын Павлодардағы түнгі клубтардың бірінде қаза тапқан Әлішер Советханның жесірі марқұм күйеуіне қатысты тергеудің әділетсіз өтіп жатқанын айтып, ҚР президентінен көмек сұрады.
121 viewsedited  06:47
Ашу / Түсініктеме
2022-04-28 08:10:26
Досхан Жолжақсынов ресейлік режиссер Тигран Кеосаянның Қазақстан туралы сөздеріне жауап берді.
92 views05:10
Ашу / Түсініктеме