Get Mystery Box with random crypto!

ХАЛЫҚ ҮНІ

Telegram арнасының логотипі halyqunimedia — ХАЛЫҚ ҮНІ Х
Telegram арнасының логотипі halyqunimedia — ХАЛЫҚ ҮНІ
Арна мекенжайы: @halyqunimedia
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 7.44K
Арнадан сипаттама

Телеграм каналымыз еліміздегі соңғы жаңалықтардан хабардар етеді.
Ақпарат жіберіңіз: @halyquni_bot
Біздің сайт: https://halyq-uni.kz

Ratings & Reviews

3.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

2

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 71

2022-04-22 19:46:48 Жарты миллиард теңге екі айда жұмсалып кеткен: тексеріс басталады

Әулиеатадағы спорт секцияларының басшылары Жамбыл облысы әкімдігінің алдына жиналды. Себеп – Тараздағы тегін үйірмелер енді ақылы қызмет көрсетпек.

Секция басшылары мен ата-аналар облыс әкімінің шығуын күткен еді, бірақ халықпен орынбасары кездесті.

Толығырақ сілтемеде...
53 views16:46
Ашу / Түсініктеме
2022-04-22 19:43:17
Тоқаев ораза тұтқан бірқатар жанға аузашар дастарханын жайды

Президенттің айтқаны:

"Жақын арада Конституциямызды өзгертетін болдық. Бірақ, ең алдымен, жұртымыздың сана-сезімі жаңғыруы қажет. Бұл – оңай шаруа емес. Алдымызда көптеген түйткілдер бар, сондықтан бәріміз жұмыла еңбек етуіміз керек. Ең бастысы, ниетіміз таза, пейіліміз түзу болуға тиіс. Бір-бірімізге жанашырлық танытуымыз керек. Қазір бүкіл адамзатқа дәл осындай қасиеттер жетіспей жатыр".
57 viewsedited  16:43
Ашу / Түсініктеме
2022-04-22 17:57:23 Тоқаевтың төрағалығымен Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде кеңес өтті. Жиынға Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев, Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов, Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин, Президент әкімшілігінің басшысы Мұрат Нұртілеу, Әділет министрі Қанат Мусин және жұмыс тобының мүшелері қатысты.

Толығырақ сілтемеде...
32 views14:57
Ашу / Түсініктеме
2022-04-22 14:42:45 Бала-шағасын асырау, табыс табу мақсатында Кореяға жұмыс істеуге кеткен қазақстандық Канвондо қаласында қайтыс болды. Марқұмның денесін елге жеткізу үшін 3,5 млн теңге шамасында қаражат керек.

Толығырақ сілтемеде...
63 views11:42
Ашу / Түсініктеме
2022-04-22 13:29:10 Атырауда масамен күресуге бюджеттен 126 млн теңге бөлінді

Биыл Атырауда масаны улауға бюджеттен 126 миллион теңге бөлінді. Былтыр да дәл осы сома бөлінген болатын. Масаға қарсы дезинсекция жүргізу үшін мемлекеттік сатып алу конкурсының жеңімпазы әзірге анықталған жоқ.

Атырау әкімдігінің баспасөз хатшысы Нұрислам Ғұмардың айтуынша, тендерді екінші рет жариялауға тура келген. Біріншісі өз уақытында - жыл басында жарияланған. Алайда үміткерлердің құжаттары талапқа сай келмегендіктен, сәуір айының басында оны қайта жариялауға тура келіпті.

- Ай соңына дейін жеңімпаз анықталып, мамыр айында жұмыстар басталады, – дейді Нұрислам Ғұмар.
137 views10:29
Ашу / Түсініктеме
2022-04-22 13:26:03 ​​Олимпиада чемпионы Антикор жанындағы қоғамдық кеңеске мүше болды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігі жанындағы қоғамдық кеңеске бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сапиев және «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Дидар Смағұлов мүше болды.

«Мен қоғамдық кеңеске пайда әкелетініме сенімдімін, өйткені менің азаматтық ұстанымым бар. Мен елдің қарапайым азаматы ретінде адал мемлекетте, жемқорлықсыз, әділ мемлекетте өмір сүргім келеді... Тәжірибем мен ұстанымым мемлекетімізді дамытуға және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне, атап айтқанда, қоғамдық кеңеске ел игілігі үшін пайда әкелуге мүмкіндік береді деп ойлаймын», - деп атап өтті Олимпиада чемпионы Серік Сапиев.

Агенттік төрағасы Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысында көліктік бақылау саласындағы жемқорлық тәуекелдері, сондай-ақ полицейлердің заңсыз әрекеттері бойынша қылмыстық істердің тергеу барысы айтылды.
141 views10:26
Ашу / Түсініктеме
2022-04-22 07:25:29 Кәрім Мәсімовтің немере інісіне пара алды деген күдікпен іздеу жарияланды - Антикор

Антикор Павлодар облысы полиция департаментінің экс-бастығы полиция генерал-майоры Н.М. Мәсімовке қатысты аса ірі мөлшерде пара алды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді бастады (Қылмыстық кодекстің 366-бабы 4-бөлігі бойынша).

Осы факті бойынша оның іс-әрекеті сырттай сараланып, тергеу соты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасымен санкциялады.

Қазіргі уақытта Н.М. Мәсімовке іздеу жарияланды, іс бойынша оның орналасқан жерін анықтау бойынша қажетті жедел-іздестіру іс-шаралары және істің барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған басқа да тергеу іс-әрекеттері жүргізілуде.

Тергеу нәтижелері бойынша тиісті іс жүргізу шешімі қабылданатын болады.

Өзге ақпарат қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.
166 viewsedited  04:25
Ашу / Түсініктеме
2022-04-22 07:20:46 Ресей Байқоңырда пайдаланылмаған мүлкін Қазақстанға береді. Ресей үкіметінің тиісті бұйрығы құқықтық ақпараттың ресми интернет-порталында жарияланды.

Құжатқа сәйкес, «Роскосмос» ғарыш қызметі жөніндегі мемлекеттік корпорацияның ұсынысына сәйкес тізбе бойынша жылжымалы мүлікті федералдық меншіктен Қазақстанның мемлекеттік меншігіне өтеусіз беру туралы ұсыныс қабылданады.

Тізімде екі позиция бар - жинақтары және құрамдас бөліктері бар «Экран-М» спутнигінің өзі, сондай-ақ құрастыру-қорғау блогы, оның жинақтары мен құрылғылары. Алғашқы болып 90 жылдары жиналып, сол күйі орбитаға жөнелтілмеген Экран-М спутнигі мен оның қосалқы құрылғылары беріледі. Спутниктің де, блоктың да құны бір рубльге бағаланады.

Бұл мүлікті Қазақстанға тапсыру Федералды мүлікті басқару агенттігі мен Сыртқы істер министрлігіне жүктелген.

РИА Новости ақпарат агенттігінің хабарлауынша, зымыран-ғарыш саласындағы басқа дереккөздің айтуынша, «Экран-М» спутнигі ғарыш айлағына жеткізілген, бірақ ол ешқашан іске қосылмаған, өйткені дәл осындай құрылғылар жүйесі дұрыс жұмыс істеп тұрған және орбиталық топтаманы толтырудың мәні болмаған. Ол егер құрылғы дұрыс сақталса, онда ол әлі де орбитада жұмыс істеуге жарамды екенін айтты.
170 views04:20
Ашу / Түсініктеме
2022-04-22 07:05:55
Алматы қалалық мәслихатының депутаты Қайрат Құдайбергеннің ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Мұндай ақпаратты бірнеше дереккөз растап отыр.

Дереккөздердің хабарлауынша, депутатқа қаңтар оқиғасы кезінде жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды және оған қатысты (ҚР ҚК 272-бабының 1 және 2-бөлігі) деген айып тағылған.

Еске салайық, Қайрат Құдайберген қаңтар оқиғасы кезінде «Дикий» Арманның қасында болған.
181 viewsedited  04:05
Ашу / Түсініктеме
2022-04-21 20:22:15 Өскеменде бес жасар қыз автобус астына түсіп, көз жұмды

Өскеменде аялдамаға тоқтаған автобус жүргізушісі жолаушыларды түсірер кезде қауіпсіздік шараларын елемей, жүріп кеткен.

Қайғылы оқиға 21 сәуірде сағат 17:00-де Бажов көшесінде болған. Әжесімен бірге қоғамдық көліктен түспек болған 5 жасар қыздың аяғы есікке қысылып қалған. Ал жүргізуші бұл жағдайды елемей, автобус орнынан жүріп кеткен. 2017 жылы туған қыз оқиға орнында көз жұмған.

Бұл оқиғаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
180 viewsedited  17:22
Ашу / Түсініктеме