Get Mystery Box with random crypto!

ХАЛЫҚ ҮНІ

Telegram арнасының логотипі halyqunimedia — ХАЛЫҚ ҮНІ Х
Telegram арнасының логотипі halyqunimedia — ХАЛЫҚ ҮНІ
Арна мекенжайы: @halyqunimedia
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 7.44K
Арнадан сипаттама

Телеграм каналымыз еліміздегі соңғы жаңалықтардан хабардар етеді.
Ақпарат жіберіңіз: @halyquni_bot
Біздің сайт: https://halyq-uni.kz

Ratings & Reviews

3.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

2

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 72

2022-04-21 18:59:33 ХАЛЫҚ ҮНІ pinned «Аралда колледж басшылығы бірден 14 мұғалімді жұмыстан заңсыз шығарған Қызылорда облысы Арал ауданындағы индустриалды-техникалық колледждің бір топ мұғалімі жұмыстан шығарылған. Оқу жылы басталғалы бері білім ошағы басшылығы мен мұғалімдер арасында болған…»
15:59
Ашу / Түсініктеме
2022-04-21 18:08:46 "Репетитор жалдаңыз". Мәжіліс депутаты Қорғаныс министрін қазақ тіліне құрметпен қарауға шақырды

Аманжол Әлтаевтың үндеуі:

"Руслан Фатихұлы!
Сіз, қатардағы азаматтың бірі емес, арқасына ел аманатын арқалаған Қорғаныс министрісіз. Сондықтан мемлекеттік тілге салғырттық танытпай, құрметпен қарауға тиіссіз. Мемлекеттік тілде сөйлеу арқылы артыңыздағы сан мыңдаған сарбаздарға өнеге көрсетуге міндетті екеніңізді естен шығармаңыз. Әскеріміздің және оның кеңсесінің тілі толық қазақша болатын уақыт жетті. Өзіңіз айтқандай, қырық қазақ отырып ортадағы жалғыз өзге ұлт өкілі үшін орыс тілінде сөйлеу кеңестік жүйеден қалып қойған отарлық сананың көрінісі. Сондықтан да тәуелсіз елдің қолбасшы генералы ретінде бұл мәселеге жаңаша қараңыз.
Мен сіздің әскери маман ретінде кәсіби тәжірибеңізге, атқарып келе жатқан еңбегіңізге құрметпен қараймын. Отанымыздың әскерін басқару үшін мемлекеттік тілді еркін меңгеру аса маңызды. Сіз секілді мемлекетік тілде сөйлеуге басында қиналса да кейін талабы мен жігерінің арқасында ана тілінде еркін, көркем сөйлеуге қол жеткізген генерал Тоқтар Әубәкіров ағамыз сізге жақсы үлгі бола алады. Репетитор жалдаңыз, қазақша кітап оқыңыз, отбасында қазақша сөйлесіңіз. Көп кешікпей жақсы нәтижеге қол жеткізе аласыз.
Отан қорғау жолындағы аса маңызды жұмысыңызға сәттілік тілеймін!".
236 viewsedited  15:08
Ашу / Түсініктеме
2022-04-21 14:57:13 Талдықоғанда салынған әрбір "ақылды" аялдамаға қала қазынасынан 8,5 млн теңге жұмсалған. Облыс орталығында мұндай 21 аялдама бар. Жалпы алғанда оның бәрін орнатуға 180 млн теңгедей қаржы кеткен.

Бірақ "ақылды" аялдамалар күндіз жолаушылар, түнде кезбелер паналайтын орынға айналған.

Толығырақ сілтемеде...
270 views11:57
Ашу / Түсініктеме
2022-04-21 12:33:38 Қаладағы айыппұл тұрағының алдында жатқан қоқыстардың арасынан ұлттық киім киген қыздың мүсінін кездестіруге болады. Безендіруге арналған жарық шамдар үйіліп жатыр. Темір конструкциялар да бар.

Оның бәрі Петропавлда наурыз мерекесіне орай қаланы безендіру үшін әзірленген декорациялар.

Мақаланы оқыңыз...
301 views09:33
Ашу / Түсініктеме
2022-04-21 10:25:55 26 сәуірде Amanat партиясының кезектен тыс XXIII съезі өтеді. Съезде ADAL саяси партиясының Amanat партиясына қосылуы туралы мәселе қаралады деп жоспарланып отыр.
82 views07:25
Ашу / Түсініктеме
2022-04-21 10:21:15 Алматыда Mudaraban Capital қаржы пирамидасына қатысты іс бойынша белгілі вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов қамауға алынған еді. Мейіржанның әйелі Дана Есееваның маңызды мәлімдемелерімен бөлісуді жөн көрдік.

Материал сайтымызда
93 views07:21
Ашу / Түсініктеме
2022-04-21 09:32:10
Ұлан Сарқұлов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.
149 views06:32
Ашу / Түсініктеме
2022-04-21 08:59:57 Рудныйдағы колледж студенттері жаппай тамақтан уланып қалды

Рудный тау-кен технология колледжінің 70-тен астам студенті жергілікті асханада уланған. Зардап шеккендер жүрегі айнып, құсқысы келгенін айтып медицина мекемелеріне жүгінген.

Қостанай облысы денсаулық сақтау басқармасындағылар емдеуге жатқызылған 10 студенттің жағдайын айтты.

«Студенттер ауруханаға жаппай шағымданды. Жағдайы - жеңіл және орташа ауыр. Көпшілігі амбулаториялық емдеуге жіберілді. Дәрігерлер науқастардың асқазанын жуып, алғашқы көмек көрсетті, сосын үйіне қайтарды», - деп түсіндірді облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Рудный тау-кен технология колледжі 1966 жылғы 1 ақпанда ССГОК үшін білікті жұмыс кадрларды даярлау бойынша кеншілердің кәсіби-техникалық училищесі ретінде ашылған.
175 views05:59
Ашу / Түсініктеме
2022-04-21 08:48:32 Аралда колледж басшылығы бірден 14 мұғалімді жұмыстан заңсыз шығарған

Қызылорда облысы Арал ауданындағы индустриалды-техникалық колледждің бір топ мұғалімі жұмыстан шығарылған. Оқу жылы басталғалы бері білім ошағы басшылығы мен мұғалімдер арасында болған даудың соңы осылай біткен.

Мақаланы оқу
2.2K views05:48
Ашу / Түсініктеме
2022-04-21 06:47:23 2019 жылы 5 мамырда Қаражал қаласы сотының төрағасы Дархан Бейсеновтің ата-анасы жол апатынан қайтыс болды. Екеуі де ауруханаға жеткізілгенімен, анасы көп ұзамай қайтыс болған, ал әкесі келесі күні ота жасалған соң бақилық болды.

Қайғылы жағдайдан кейін судья әкесінің өліміне дәрігерлерді кінәлаған. Кеше аппеляциялық сот үш жылға созылған іске нүкте қойды.

Толығырақ сілтемеде...
217 views03:47
Ашу / Түсініктеме