Get Mystery Box with random crypto!

ХАЛЫҚ ҮНІ

Telegram арнасының логотипі halyqunimedia — ХАЛЫҚ ҮНІ Х
Telegram арнасының логотипі halyqunimedia — ХАЛЫҚ ҮНІ
Арна мекенжайы: @halyqunimedia
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 7.44K
Арнадан сипаттама

Телеграм каналымыз еліміздегі соңғы жаңалықтардан хабардар етеді.
Ақпарат жіберіңіз: @halyquni_bot
Біздің сайт: https://halyq-uni.kz

Ratings & Reviews

3.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

2

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 69

2022-04-25 10:30:21 Тоқаев әскерде қайтыс болған маңғыстаулық сарбаздың жақындарына көңіл айтты

Мемлекет басшысы Жамбыл облысындағы Гвардейск әскери қалашығында маңғыстаулық сарбаз Әлібек Қалбайдың қаза болуына байланысты жақындары мен туыстарының орны толмас қайғысына ортақтасып, көңіл айтты.

Президенттің пікірінше, бейбіт күнде әскердегі сарбаз қаза болмауға тиіс. Ата-ана баласын әскерге жібергенде оның қауіпсіздігі үшін алаңдамауы керек. Бұл – мемлекетіміздің мойнына алған міндеті.

Президент осы оқиғаға қатысты Бас прокуратура мен Қорғаныс министрлігіне және құзырлы органдарға жауынгердің өліміне қатысты жан-жақты тексеру жүргізуді және шынайы себебін анықтауды тапсырды.
85 viewsedited  07:30
Ашу / Түсініктеме
2022-04-25 09:56:38 "Торонто университетіне түсу менің арманым еді. Өйткені бұл – Канададағы ең жақсы жоғары оқу орны. Сондай-ақ онда әлемнің түкпір-түкпірінен келген елдердің өкілдерін кездестіруге болады. Оқуға түсуге тыңғылықты дайындалдым. Эссе жазуды он бірінші сыныпта бастадым. Канадаға виза алу ғана қалды", - деді Сәбина Ахметжан.

Сәбина Ахметжан тағы 4 шетелдік университеттен жауап күтіп отыр.
44 viewsedited  06:56
Ашу / Түсініктеме
2022-04-25 09:37:31
Түркістан облысында нөсер жауынның салдарынан бес ауылды су басты

Су басқан ауылдарда адам шығыны тіркелмеген. Зардап шеккен жандар да жоқ.

Судың астында қалған төр ауыл - Қазығұрт ауданына, бір елді мекен Сарыағаш ауданына тиесілі.

Су басқан Сарапхана ауылдық округінде (Қазығұрт) қатты нөсер салдарынан 213 бас ұсақ мал қырылып қалды. Шығын есептеліп жатыр.
81 views06:37
Ашу / Түсініктеме
2022-04-25 08:45:14 «Өзімді өлтірейін бе?»

Белгілі вайнер Мейіржан Төребаевтың әйелі Тоқаевтан көмек сұрады.

Өткен аптада Алматыда Mudaraban Capital қаржы пирамидасына қатысты іс бойынша белгілі вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов қамауға алынды.

Толығырақ сілтемеде...
67 viewsedited  05:45
Ашу / Түсініктеме
2022-04-25 06:46:00
Өткен аптада Алматыда Mudaraban Capital қаржы пирамидасына қатысты іс бойынша белгілі вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов қамауға алынды.

Бүгін Мейіржан Төребаевтың әйелі Дана Есеева күйеуіне қатысты мәлімдеме жасап, Тоқаевқа видеоүндец жолдады.
60 views03:46
Ашу / Түсініктеме
2022-04-25 06:11:28
Түркістан облысында су тасқыны:

Қазығұрт ауданында нөсер жауынның салдарынан бес ауылды су басып, 50 шақты үйге су кірген. 200-дей малдың шығыны тіркелді.
118 viewsedited  03:11
Ашу / Түсініктеме
2022-04-24 16:19:56 Қайрат Құдайберген 1 айға қамауға алынды

Белгілі кәсіпкер Қайрат Құдайбергеннің 1 айға қамауға алынғанын оның адвокаты Мұрат Әмітов хабарлады.

Алматыда тергеу соты оған қатысты бір ай "қамауда ұстау" бұлтартпау шарасын санкциялаған.

Күдіктінің әрекетін саралау туралы қаулы шыққанға дейін осы қамауда ұстау шарасы күшінде болады.
82 views13:19
Ашу / Түсініктеме
2022-04-24 14:52:34
Маңғыстаудағы тасаттық:

Бүгін Маңғыстау жұрты Жаратқаннан жаңбыр тілеп, теңіз жағасында намаз оқуға жиналды.

Еске салайық, былтыр өңірде қуаңшылықтан жерде от болмай, мыңдаған мал басы қырылған еді.

Фотоларды түсірген: Өркен Жоямерген
60 views11:52
Ашу / Түсініктеме
2022-04-24 01:07:08 Елордадағы қалалық сенбілікке қатысқан Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов пара алды деген күдікпен іздеу жарияланған Кәрім Мәсімовтің немере інісіне қатысты тың деректер айтты.

Еске салайық, 22 сәуірде Павлодар облысы полиция департаментінің экс-бастығы полиция генерал-майоры Нұрлан Мәсімовке қатысты аса ірі мөлшерде пара алды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Толығырақ сілтемеде...
52 views22:07
Ашу / Түсініктеме
2022-04-23 16:40:03 ХАЛЫҚ ҮНІ pinned a photo
13:40
Ашу / Түсініктеме