Get Mystery Box with random crypto!

ХАЛЫҚ ҮНІ

Telegram арнасының логотипі halyqunimedia — ХАЛЫҚ ҮНІ Х
Telegram арнасының логотипі halyqunimedia — ХАЛЫҚ ҮНІ
Арна мекенжайы: @halyqunimedia
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 7.44K
Арнадан сипаттама

Телеграм каналымыз еліміздегі соңғы жаңалықтардан хабардар етеді.
Ақпарат жіберіңіз: @halyquni_bot
Біздің сайт: https://halyq-uni.kz

Ratings & Reviews

3.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

2

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 68

2022-04-26 07:08:25 Президент тапсырмасын орындамаған тағы бірнеше шенеунік қызметінен босатылды

Батыс Қазақстан облысында жол жөндеу жұмыстарының кешігуіне байланысты «Qazavtojol»ҰК»АҚ және ИИДМ автомобиль жолдары комитетінің бірқатар қызметкері жауапқа тартылды.

Мемлекет басшысының Батыс Қазақстан облысындағы жолдарды жөндеу бойынша тапсырмасын уақытылы орындамағаны үшін «Qazavtojol»ҰК»АҚ БҚО филиалының директоры Әмір Кәрімбаев жұмыстан босатылды. Бұдан басқа, әкімшілік сипаттағы шаралар QAJ орталық аппараты мен индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің автомобиль жолдары комитетінің басшылықтағы бірқатар қызметкері мен мамандарына қатысты қолданылды, – дейді ИИДМ.

Бұған дейін аталған себептерге байланысты индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев қызметінен шеттетілген болатын
116 viewsedited  04:08
Ашу / Түсініктеме
2022-04-25 22:41:11 ХАЛЫҚ ҮНІ pinned «ҚазБаттың экс-командирі бүй дейді: "Әскерге аяғымен барып, табытпен қайтқаны қай ата-ана үшін де ауыр. Бұлай болмауы керек.... Осындай жағдайлардан соң ата-аналар баласын әскерге жіберуге қорқады. Әрине, ұлын әскерге жібермеу туралы ата-ананың құқығы бар.…»
19:41
Ашу / Түсініктеме
2022-04-25 22:01:28
Түнгі позитив:

21 сәуірде Улан-Баторда өткен Азия чемпионатында әйелдер күресінен 68 келіде топ жарған Мәдина Бақбергенова ауылына оралып (Қызыләскер ауылы - Алматы обл.), сиыр сауып отыр. Ол финалда әлем чемпионы, Токио олимпиадасының қола жүлдегері Мейірім Жұманазарованы 3:2 есебімен жеңген еді.

Мәдинаның жеңісінен кейін оның сыңары Жәмила Бақбергенова да Азия чемпионы атанды. 72 келіде күрескен Жәмила төрт бірдей қарсыласын да жеңді.
53 viewsedited  19:01
Ашу / Түсініктеме
2022-04-25 21:32:37
Алматыда ақылы тұрақтар қала меншігіне қайтарылды

Алматы әкімдігіне компания иелерінен «Алматы спецтехпаркинг сервис» ЖШС-ның 70% мөлшеріндегі үлесін және Alan Parking ЖШС-ның 100% үлесін қала меншігіне қайтару туралы ұсыныс түсті.

25 сәуірден бастап ақылы тұрақтар қызметінен түскен барлық кіріс қала бюджетіне түсе бастады.

15 сәуірде Алматы қалалық тергеу сотының шешімімен «AlanParking» ЖШС бас директоры Мұхтар Базарбаев екі айға қамауға алынды. Әзірге Базарбаевты қай іс бойынша күдікке ілінгені айтылған жоқ.

18 сәуірде Алматыдағы ақылы автотұрақтарды қадағалайтын «Алматы СпецТехПаркинг Сервис» ЖШС директоры Марат Пірінбеков екі айға қамауға алынды.
67 viewsedited  18:32
Ашу / Түсініктеме
2022-04-25 20:56:30 Пара алғанға - 32 млн теңге, пара бергенге 16 млн теңге айыппұл

Атырау облысының Құрманғазы аудандық соты пара алу және қызметтік жалғандық жасау дерегі бойынша Құрманғазы ауданы Көптоғай ауылының әкіміне, пара беру және құжаттарды қолдан жасау дерегі бойынша ЖШС директорына үкім шығарды.

Толығырақ сілтемеде...
20 views17:56
Ашу / Түсініктеме
2022-04-25 17:48:16
Ауыл шаруашылығы вице-министрі тағайындалды

Әбілхайыр Тамабек 1994 жылдың шілдесінде Жамбыл облысында дүниеге келген.

Халықаралық бизнес университетін, Луис ұлттық университетін және ҚР президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген.
61 viewsedited  14:48
Ашу / Түсініктеме
2022-04-25 16:48:21 ҚазБаттың экс-командирі бүй дейді:

"Әскерге аяғымен барып, табытпен қайтқаны қай ата-ана үшін де ауыр. Бұлай болмауы керек....
Осындай жағдайлардан соң ата-аналар баласын әскерге жіберуге қорқады. Әрине, ұлын әскерге жібермеу туралы ата-ананың құқығы бар. Баланы дүниеге әкеліп, қатарынан кем қылмай өсіреді. Білім, тәрбие береді. Жол көрсетіп, өмірге баулиды. Солай өсірген ұлының әскерден мәйіті келеді. Олардың алдында жауап беру керек, басын иіп кешірім сұрау қажет".


Толығырақ сілтемеде...
51 views13:48
Ашу / Түсініктеме
2022-04-25 14:49:29 Маңғыстауда былтырғы қуаңшылық салдарынан шығынға батқан шаруалар биыл тек тасаттыққа сеніп отыра беруден қауіптенеді.

Былтырғы жұттан зардап шеккен маңғыстаулық шаруалардың дені малын алдына салып, басқа өңірге көшіп жатыр.

Толығырақ сілтемеде...
48 views11:49
Ашу / Түсініктеме
2022-04-25 12:28:36 Қазақстан нарығында мемлекеттік мекеме сатып алмақ болған тауар құны 8 млн теңгеден басталып, 11 000 000 теңгеге дейін бағаланады екен.

Қала әкімдігіне қарасты мемлекеттік мекеменің тапсырысына Антикор араласты.

Толығырақ сілтемеде...
79 views09:28
Ашу / Түсініктеме
2022-04-25 12:14:58 Ұлттық банк базалық ставканы 14% дейін көтерді

Наурыз айында Ұлттық банк базалық ставканы 13,5% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдаған еді.
103 views09:14
Ашу / Түсініктеме