Get Mystery Box with random crypto!

ХАЛЫҚ ҮНІ

Telegram арнасының логотипі halyqunimedia — ХАЛЫҚ ҮНІ Х
Telegram арнасының логотипі halyqunimedia — ХАЛЫҚ ҮНІ
Арна мекенжайы: @halyqunimedia
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 7.44K
Арнадан сипаттама

Телеграм каналымыз еліміздегі соңғы жаңалықтардан хабардар етеді.
Ақпарат жіберіңіз: @halyquni_bot
Біздің сайт: https://halyq-uni.kz

Ratings & Reviews

3.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

2

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 70

2022-04-23 16:19:11 Талдықорғанда Qnet компаниясына алданғандар ісі бойынша сот отырысы өтті. Онда Қылмыстық кодекстің 217-бабы (қаржылық пирамида құру және оған басшылық ету) негізінде айыпталушы «М» деген азаматшаға қатысты үкім шықты.

Бірақ жәбірленушілер салған ақшасын қайтара алмаймыз ба деп алаңдайды.

Себебі, сотталушы қымбат коттеджі мен көлігін өз атына емес, жақындарының атына рәсімдеген болуы мүмкін. Әзірге анықталғаны, өз атында екі баспанасы бар. Бірақ оны сатқан күннің өзінде де жәбірленушілердің салған ақшасын өтей алмайды.

Толығырақ сілтемеде...
112 views13:19
Ашу / Түсініктеме
2022-04-23 15:12:59 Бұған дейін Атырау облысының Құрманғазы, Қызылқоға, Исатай, Махамбет аудандарында малдың жаппай қырылып жатқаны хабарланды. Шаруалар малдың неден қырылып жатқанын білмей келді.

Осыған байланысты облысқа арнайы мамандар барып, жылқылардың неден қырылып жатқанын анықтады.
143 views12:12
Ашу / Түсініктеме
2022-04-23 14:28:18
Әскерге шақырылған маңғыстаулық сарбаз төрт күннен кейін қайтыс болды

Алайда, Әлібектің туыстары министрліктің мәлімдемесіне сенбей отыр. Олар жас жігітті соққыға жықты деп санайды.

«Қазір оның анасымен бірге мәйітханада отырмыз... Ол басынан бірнеше рет соққы алған, ізі де бар. Бүгін Ақтау қаласына ораламыз. 13 сәуірде оны күштеп әскерге жіберді, 18 сәуірде әскери бөлімшеге жеткізілді. Ал кеше таңертең оның қайтыс болғаны туралы қаралы хабар жетті... Қазақстандықтар білсін, әскерде ұрып-соғады, жас балалар қыршын кетіп жатыр. Оның әскерге барғысы келген жоқ, бірақ оны жұмысынан іздеп, айыппұл саламыз деп қорқытты», - дейді марқұмның туысы Динара Тілесова.

ФОТО: Әлібекті жақындары әскер қатарына шығарып салып тұр, inaktau.kz
166 viewsedited  11:28
Ашу / Түсініктеме
2022-04-23 12:09:13 Тоқаевтың сынынан кейін вице-министр Берік Қамалиев қызметінен кетті

Мемлекет басшысының Батыс Қазақстан облысындағы автомобиль жолдарын жөндеуге қатысты тапсырмаларының уақытында орындалмағаны үшін Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиев қызметінен босатылды.
213 viewsedited  09:09
Ашу / Түсініктеме
2022-04-23 10:31:03 Қайтыс болған маңғыстаулық сарбаздың өліміне қатысты тексеру басталды

2022 жылдың 22 сәуірінде Гвардейск әскери қалашығындағы госпитальде қатардағы жауынгер Қалбай Әлібек Саламатұлы қайтыс болды.

Таңертең сапта тұрған жауынгер кенеттен есінен танып қалған. Әскери қызметшіге қажетті медициналық көмек көрсетілгенмен, ол есін жимаған күйі қайтыс болған.

Жас жігіт биыл көктемде Маңғыстау облысынан мерзімді әскери қызметке шақырылды.

Сарбаздың өліміне қатысты тексеру жұмыстары басталды.
65 viewsedited  07:31
Ашу / Түсініктеме
2022-04-22 23:46:11 Нұрдәулет Қилыбай, Ақтау қаласының әкімі:

"Егер 4250 адамды жұмысқа орналастыра алсаңыз, мен сізге ескерткіш қоямын. Егер орналастыра алмасаңыз, халықтың алдына шығып кешірім сұрайсыз... Жарайды 3 мың адамды жұмысқа орналастырып беріңізші. Маған күнделікті есеп беріп отырасыз".



16 views20:46
Ашу / Түсініктеме
2022-04-22 21:59:32 Алматы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаевтың ұлының өлімі үшін айыпталған дәрігер Қанат Тезекбаевқа қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылды. Бұл туралы академик Алмаз Шарман жазды.

Бұл іске кезінде ҚР президенті араласқан еді.
23 viewsedited  18:59
Ашу / Түсініктеме
2022-04-22 21:36:08 Бүгін, 22 сәуірде Қытайдың Шынжаң өлкесінен 20 қазақ отбасы Алматыға ұшып келді. Оларды Алматы әуежайынан күтіп алған «Отандас ел» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Мұқан Мамытхан осыдан бес жыл 2017-2018 жылдары Қытайда тұратын 100 отбасыға көші-қон шақыртуы жіберілгенін айтады.

1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 90,1 мың этникалық қазақ оралған
.
48 viewsedited  18:36
Ашу / Түсініктеме
2022-04-22 20:39:35 Қылмыстық іс-әрекетке мемлекеттік мекемелердің ондаған қызметкері, мекеме басшыларының туыстары тартылған. Олар қағаз жүзінде жұмысқа орналастырылып, ай сайын (жұмыс істемей) жалақы алып отырған, іссапарларға жіберілген, сыйақы алған.

Ақмола облыстық прокуратурасы мемлекеттік мекемелерге қатысты біраз былықтың бетін ашты.
46 views17:39
Ашу / Түсініктеме
2022-04-22 20:18:22 ХАЛЫҚ ҮНІ pinned «Бала-шағасын асырау, табыс табу мақсатында Кореяға жұмыс істеуге кеткен қазақстандық Канвондо қаласында қайтыс болды. Марқұмның денесін елге жеткізу үшін 3,5 млн теңге шамасында қаражат керек. Толығырақ сілтемеде...»
17:18
Ашу / Түсініктеме