Get Mystery Box with random crypto!

-БАП МҰСЫЛМАННЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚҰРМЕТТЕУ, ОЛАРҒА ЖАНАШЫРЛЫҚ ТАНЫТЫ | ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ

-БАП

МҰСЫЛМАННЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚҰРМЕТТЕУ, ОЛАРҒА ЖАНАШЫРЛЫҚ ТАНЫТЫП, БАУЫРМАЛДЫҚПЕН ҚҰШАҚ ЖАЮ


«Кімде-кім Аллаһтың қасиетті қылған нәрселерін құрмет тұтып ұлықтаса, Раббысының алдында өзі үшін қайырлы (іс істеген) болады»
(«Хаж» сүресі, 30-аят).

«Кімде-кім Аллаһ тағала қасиетті қылған діни рәсімдер мен нышандарды (43) құрмет тұтып ұлықтаса, бұл – жүректердегі тақуалықтың белгісі»
(«Хаж» сүресі, 32-аят).

«Мүміндерге өте мейірлі,
кішіпейіл бол»
(«Хижр» сүресі, 88-аят).

«Кімде-кім кісі өлтірмеген
немесе жер бетінде бұзақылық жасамаған жазықсыз адамды өлтірсе, күллі адамзаттың қанын төккендей болады. Сондай-ақ, кім бір адамды өлім аузынан аман алып қалса, бүкіл адамзатты өлімнен құтқарғандай болады»
(«Мәида» сүресі, 32-аят).

-ХАДИС:


Әбу Мұса (р.а.): «Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Мүмін мен мүмін (яғни, мұсылман қауымы) бейне бір әрбір бөлшегі бір-бірін жымдастырып тұрған бір үйдің құрылысы секілді», – деп, екі қолының саусақтарын бір-біріне айқастырды», – деген.

(Бұхари, саләт 88; Муслим, бирр 65).

(43) Яғни, қажылық, құрбандық рәсімі сияқты және Қағба, Сафа мен Мәруа таулары сияқты қасиетті нышандарды


@hadister_jinagy