Get Mystery Box with random crypto!

-ХАДИС: Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: «Бірде Аллаһ ел | ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ

-ХАДИС:

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: «Бірде Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сахабаларынан: «Нағыз зиянға ұшыраушының кім екенін
білесіңдер ме?» – деп сұрағанда, олар: «Біз зиянға ұшыраған деп қолындағы бар дүниесінен айырылған адамды айтамыз», – деді. Сонда Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Менің үмбетімнің ішіндегі зиянға ұшыраған адам – қиямет күні (дүниеде жасаған) намаз, ораза және зекет секілді ізгі істерге қоса анаған тіл тигізіп, мынаған жала жауып, ана біреудің мүлкіне қол сұғып, мына біреудің нақақтан қанын төгіп, енді біреуді ұрып-соғып талай күнә арқалай келген адам. Оның жиған-терген сауаптары анаған да, мынаған да үлестіріліп, мойнындағы кісі ақысы бітпестен сауаптары таусылса, ақысы кеткендердің күнәлары мойнына жүктеліп сол күйі тозаққа тасталады», – деп айтты» – делінген.

(Муслим, бирр 59)

@hadister_jinagy