Get Mystery Box with random crypto!

-ХАДИС: Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: «Аллаһтың елші | ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ

-ХАДИС:

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: «Аллаһтың елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Мұсылман – мұсылманның бауыры. Шынайы мұсылман бауырына опасыздық жасамайды, оған өтірік айтып алдамайды және тарыққанда қолдаусыз қалдырмайды. Мұсылманның ар-намысы, дүние-мүлкі мен қаны өзге мұсылмандарға харам», (44) – дегеннен кейін, қолымен көкірегін нұсқап: «Міне, тақуалық мына жерде. Мұсылман үшін мұсылман бауырын өзінен төмен санап, менсінбеуден өткен жаман (қылық) жоқ», – деп айтты» – делінген.

(Тирмизи: бирр 18).

(44) Яғни, шынайы мұсылман өзге мұсылманның ар-намысын таптап, дүние-мүлкіне қол сұғып, қанын төге алмайды.

@hadister_jinagy