Get Mystery Box with random crypto!

-ХАДИС: Әбу Мұса әл-Әшғариден (р.а.) жеткен хадисте: «Бірде П | ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ

-ХАДИС:

Әбу Мұса әл-Әшғариден (р.а.) жеткен хадисте: «Бірде Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Садақа беру – әрбір мұсылманның міндеті», – дегенде, Әбу Мұса: «Егер садақа беретін жағдайы болмаса ше?» – деп сұрады. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Өз қолымен еңбек етіп, бір жағынан, өзіне пайда келтіріп, екінші жағынан садақасын береді», – деп жауап берді. Әбу Мұса: «Ал егер оған да мүмкіндігі болмаса ше?» – деп сұрады. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Таршылық көрген мұқтажға қолұшын созсын», – деді. Әбу Мұса үшінші рет: «Бұл да қолынан келмесе не істейді?» – деп сұрады. Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Онда адамдарды жақсылыққа (немесе
қайырлы іс жасауға) шақырсын», – деді. Әбу Мұса тағы да: «Егер бұл да қолынан келмесе ше?» – деді. Сонда Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Ендеше жамандық атаулыдан бойын аулақ ұстасын, өйткені ол да садақа», – деп жауап берді» – делінген.

(Бұхари, зәкәт 30; Муслим, зәкәт 55).

@hadister_jinagy