Get Mystery Box with random crypto!

Эльвира Ергалина

Telegram арнасының логотипі ergalina — Эльвира Ергалина Э
Telegram арнасының логотипі ergalina — Эльвира Ергалина
Арна мекенжайы: @ergalina
Санаттар: Блогтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 4.50K
Арнадан сипаттама

Санасын, сезімдерін сау қылып, жанын емдеп;
сапалы, бақытты әрі табысты өмір сүргісі келетіндерге арналған канал❤️

Ratings & Reviews

1.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

2

1 stars

1


Соңғы хабарлар 4

2022-05-31 17:46:17
30 күндік челлендж ертең 01.06. күні таңда басталады. Челленджге қатысу үшін мына пункттерді ескеріңіз:

1. Бірден таңғы сағат 4-те, 5-те оянудың қажеті жоқ. Әдеттегі оянатын уақытыңыздан бір сағат, жарты сағат артқа шегеріп отырасыз. Бұл - ағзаға салмақ салмай, стреске түспей, режимді қалыпқа келтіру тәсілі. Бірден төртте оянам десеңіз, оянасыз. Бірақ екі күннен соң тастап кетесіз, тіпті каналымның есігін жауып, сыртынан теуіп кетуіңіз мүмкін
2. Дәптер мен қалам арнап қойыңыз. Бұрынғыларыңызды қолдануға болады, бастысы, жазуға дайын болыңыз.
3. Бүгіннен бастап, түнгі ұйқыға ерте жатыңыз. Төртте ояну үшін 21:00 ұйықтау тиімді. Шамаңыз жеткенше ерте ұйықтаңыз.
4. Ұйқыға жатарда және оянғанда міндетті түрде душқа түсіңіз. Шаш жумай-ақ, шайынуға болады.

Бүгінге осы. “Челлендждің соңына сүрінбей жетсем, өзімді мына сыйлықпен марапаттаймын” деп өзіңізге уәде беріп, сыйлығыңызды тағайындап, нақты ниетпен ұйықтаңыз

Соңына жетемін деп ойлайсыз ба? Күнде қандай тапсырмалар берем, сіздіңше?
1.4K viewsElvira, 14:46
Ашу / Түсініктеме
2022-05-31 17:10:31 Сәлем-сәлем! Қалдарыңыз қалай?
Бұ жолы сіздерге құр қол келгем жоқ, 30 күндік челлендж ала келдім

Ертеңнен бастап таңда ерте оянып, тұра сала таңғы ритуалдар жасауға көшеміз. Осы жерде. Күн сайын пункт-пунктпен жазып отырамын, бәріміз бірге орындаймыз. Отыз күн бойы. Отыз!

Қалай сізге идея? Дайынсыз ба?
1.4K viewsElvira, 14:10
Ашу / Түсініктеме
2022-03-22 19:51:57 Наурыз құтты болсын! Ақ мол болсын!

Ата-бабамыз дәл осы мейрамға ерекше мән берген, мен де маңызын айта кетпекпін.

Білесіздер, қазақ ғасырдан-ғасырға ұлан-асыр дүркіреткен Наурызды Кеңес үкіметі “діни мейрам” деп танып, 1926 жылы тойлауға ресми түрде тыйым салды. Тек 1988 қайта жаңғырып, міне жыл сайын атап өтеміз.

НЕГЕ НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ МАҢЫЗДЫ?

20-нан 21-не қараған наурызда күн мен түн теңеседі, Жер планетасының биологиялық ритмі өзгереді. Яғни өсу, өну жылдамдығы артады, тіршілік оянады.

Мұны білген Қазағым: дәл осы кездері тал отырғызып, гүл еккен.

Сондай-ақ, дәл осы кезеңде Ақ пен Қара теңеседі. Жер бетіндегі мейірім мен зұлымдықтың, ақ ниет пен қара ниеттің нүктесі тоғысып, энергия жаңарады.

Мұны білген Қазағым: “Ақ мол болсын!” деп көп тілеген. Ақ ниетті көбейткен, жетімді үйлендіріп, қиналғанға жылу жинаған.

Дәл осы күндері Өткен мен Болашақ бір сызыққа келеді. Өткен - қыс, болашақ - көктем. Жаңа тіршіліктің, өмірдің басталатын сызығы. Ал адам екеуінің ортасында тұрып, таңдау жасайды: не өткеннің қаңқасын сүйретеді, не жаңаға құшақ ашады.

Мұны білген Қазағым: өткеннің өкпе-ренішін ұмытып, бір-бірінен кешірім сұрап, татуласқан. Ренжіскен екі жақты дәл осы мейрамда татуластырған.

“Жаңа оянған тіршілік қуанышқа, тойға толсын” деген ниетпен ән шырқап, би билеген, түрлі ұлттық ойыннан жарыс ұйымдастырған. Өткеннің асымен қоштасқан, яғни қыстың сүр етінен Наурыз көже дайындап, құрамына ақ қосып, жаздың жеңіл тағамына (айран-сүт) ауысқан.

Даналығына балта шабылып, құндылығы қиратылып барып, енді қалыпқа келе бастаған Қазағымның әр дәстүрінде табиғатпен үндесу бар. Ғаламның заңына, жылдамдығына ілесу бар. Тек ұрпаққа толық жетпей жатыр.

Құрметтілерім, Наурызда көже ішіп, бауырсақ жеп, картинамен құттықтап ғана қоймай, мазмұнына мән берейікші.

АҚ ниетімізді көбейтейік. Өткеннің өкпе-ренішінен арылып, ренжіскен жандармен татуласайық, кешірім сұрайық. Жан-жағымызға мейірім мен ізгілік таратайық.
Және…
Жер барлық нәрсе өсіп, көбейетін фазаға енді. Қазір отырғызған дәннің жемісі біраз уақыттан соң көріне бастайды. Сіз не отырғыздыңыз? Алған бағытыңыз қандай? Түпкі ниетіңіз қандай?
Сіздің әлемде АҚ мол болуын тіледім!
1.9K viewsElvira, 16:51
Ашу / Түсініктеме
2022-03-20 20:40:35 song.link | via
2.1K viewsElvira, 17:40
Ашу / Түсініктеме
2022-03-20 20:40:34 Наурызға арналған өте әдемі, нәзік ән Видеоларыңызға керек боп қалар
2.0K viewsElvira, 17:40
Ашу / Түсініктеме
2022-03-12 13:24:17 Қалдарыңыз қалай? Ресейде Инстаграм бұғатталып, паникасына ілесіп кеткен жоқсыздар ма?

Қандай сезім болып жатыр сізде жалпы?
3.6K viewsElvira, 10:24
Ашу / Түсініктеме
2022-03-10 21:25:20 song.link | via
3.8K viewsElvira, 18:25
Ашу / Түсініктеме
2022-03-10 21:20:58 ПАНИКАНЫ, ҮРЕЙДІ УАҚЫТША БАСУ ТӘСІЛІ

Мидағы үрейді, паниканы, қорқынышты басу үшін арнайы толқындағы (бета, альфа, тета, дельта) музыкаларды тыңдауға болады. Мұны бинауральные ритмы деп атайды.

Проблемаларыңыздың түп-тамырын жойып жібермейді, психологиялық мәселелеріңізді шешуге көмектеспейді. Тек бір сәттегі, дәл қазіргі күйіңізге әсер етеді. Яғни эффекті уақытша.

Қатты шошып, үрейленіп, тынышыңыз қашқанда немесе ұйықтай алмай жатқанда осы музыканы қосып қойыңыз. Просто қосылып тұрсын, миыңыз толқындарын қағып алады. Ойыңызды лезде жинақтауға, өзіңіз жинақталуға көмегі бар.

Бірнеше нұсқасын осында саламын. Қосып қоя салуға ыңғайлы болсын. А негізі ютубта, интернетте мұндай музыка өте көп.
3.4K viewsElvira, 18:20
Ашу / Түсініктеме
2022-03-10 13:07:43 Өмірдегі әр ситуация бізді өсіру үшін болады. Физикалық өсу емес, тәніміздің өсуі емес, РУХАНИ ӨСУ. Жаныңның, психикаңның ересек болуы үшін.

Лап еткен эмоцияларының құрбаны болмай, әр оқиғаны саяз ойламай, тереңді және алысты көре алатындай өсейік

Ситуацияларды тереңнен көруге бейімделем десеңіз, “Хижина” фильмін ұсынамын. Жанры фантастика, бірақ айтары көп.

Дәл қазір әлемде аласапыран болып жатқан уақта бәрімізге көріп шығу қажет-ақ сияқты



3.1K viewsElvira, 10:07
Ашу / Түсініктеме
2022-03-09 20:51:05 СІЗ ЖАЛҒЫЗ ЕМЕССІЗ! Ешқашан жалғыз болмағансыз.

Қазір себепсіз мұңаю, көңілсіздік, жалғызсырау болса, мына эфирді көріп шығыңыз. Соңындағы проработканы жасаңыз. Сізге сөзсіз көмегі тиеді

https://www.instagram.com/tv/Ca4_g1rIFCi/?utm_medium=copy_link
2.6K viewsElvira, 17:51
Ашу / Түсініктеме