Get Mystery Box with random crypto!

Эльвира Ергалина

Telegram арнасының логотипі ergalina — Эльвира Ергалина Э
Telegram арнасының логотипі ergalina — Эльвира Ергалина
Арна мекенжайы: @ergalina
Санаттар: Блогтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 4.50K
Арнадан сипаттама

Санасын, сезімдерін сау қылып, жанын емдеп;
сапалы, бақытты әрі табысты өмір сүргісі келетіндерге арналған канал❤️

Ratings & Reviews

1.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

2

1 stars

1


Соңғы хабарлар 12

2021-02-03 02:35:56 «Өмірімді өзгертем деген сайын проблемаға батам, қарызым көп, жасаған әрекеттерім кері кетеді. Не істеймін? Нені дұрыс жасамай жатырмын? Қалай қарай қимылдаймын?»

Кейде дәл осылай сұрақ қойып, жауап таппайтын кез болатын шығар, иә? Жиі қайталанатынын да сезіп тұрмын. Ендеше мұқият оқыңыз.

Оңтүстік Африкада қызық мамандық бар екен: страус балапандарын бағатын няня. Ақша тапқысы келген ақыл-есі дұрыс ерікті барып жұмыс істей алады. Естімеген елде көп! Мұны неге айтқанымды төменде түсіндірейін.

Жалпы адамның бүкіл мақсаты орындалады. Түгел. Мәселе мақсатының қандай болғанында. Мақсат қоюды емес, қандай мақсат таңдағаныңды жетік меңгеру керек, меніңше.

Енді қараңыз, түрлі себеппен ата-анасынан қолдау көрмей өскен екі баланы алайық. Ержеткен соң қолынан бірдеңе келетінін, адам, тұлға екенін әке-шешесіне дәлелдеп, назары мен махаббатын, қолдауын алғысы келеді. Екеуінің де мақсаты айқын, бірақ екі түрлі тәсілді қолданады.

• Бірі білім алып, дамып, табысқа ұмтылып, елден алғыс жиып, соңында ата-анасының алдында марқайып тұрады. Бұл саналы жолмен жетті.
• Ал екіншісі бірден табысқа күмп ете қалғысы кеп бизнес бастады, кредит алды, банкрот болды, қарызға батты, бірдеңеге ұрынды, ауру болды, тағысын тағы проблемаларға тереңдей берді. Бұл да мақсатына жетті, бірақ бейсаналы түрде, яғни негатив жолмен.

«Қалай ол мақсатына жетті, қой-ей!» дерсіз. Асықпаңыз.
Әлгі табысты бала: ата-анасының назарын (внимание) алды ма, алды. Махаббатын ше? Алды. Өз перзенті екенін мойындады, қолдау көрсетті, мақтан тұтты, мейірім-махаббатын берді. Мақсат орындалды
Ал проблемаларға ұрынған екінші баланы алайық. Ол қиындыққа ұшыраған сайын ата-анасы уайымдады, қолдау мен көмек көрсетуге тырысты. «Қиналып жүр ғой» деп көңіл бөлді, назар (внимание) аударды. Бәлкім, жиі хабарласқан да шығар. Тікелей жақсы көрем демесе де, уайымының артында махаббаты, мейірімі тұрғанын сезді, перзенті ғой, қайда барады?! Түпкі мақсат орындалды ма, орындалды!

Мақсатқа жету (қандай жолмен болсын) кез келген адамға ұнайды және оны адам тағы-тағы қайталап, көбірек бағындырғысы келеді. Наркотик сияқты. Сондықтан өскен адам ракета жылдамдығымен көтеріле береді, ал проблемаға кірген адам сол жылдамдықпен қиындыққа бата береді. Мақсатқа жетудің жолын жақсы біледі (қалай болса да), дәмін сезді, нәтижесін алды.

Ал енді Африкадағы страус балапанының нянясына оралайық. Бекер жазған жоқпын). Күнде страус көріп жүрмегесін ерекше мамандық сияқты, «мәә» дейміз. Әйтпесе, африкалықтарға дым жаңалық емес. Тіпті мен осыны жазбайынша мұндай кәсіп бары кейбіріңіздің миыңызға кіріп-шықпауы да мүмкін. Ойламадыңыз да, білмедіңіз де, прям нөл болды.

Біз ақпарат алмайынша, білмейінше миымызда жоқ болған, мүлде таныс емес ситуацияның бәрін өмірімізден көрмейміз. Бетімізге тақалып тұрса да, танымаймыз. Сіз танымаған талай мүмкіндік жаныңыздан зулап өтіп жатыр сәт сайын. Жоғарыдағы ата-анасының махаббатын проблемамен алған балада да сәт сайын миллион мүмкіндік болған. Бірақ ол өзі танитын қиындықтар мен сәтсіздіктерді ғана таңдады.

«Өмірімді жақсарту үшін ананы да жасадым, мынаны да жасадым, дым шықпады. Шаршадым!» дейтін жандарды ерекше құрметтеймін. Себебі бұлар ең жолыболғыш жандар. Мақсатына тіке бара салатындар. Просто қандай тәсілмен екенін айқындамаған да. Сұрай алсам, көздегені проблема арқылы бірдеңе алу не бірдеңеге жету боп шығар еді. Өзім сондай болғам, мың пайыз кепілмен айта алам.

Он жыл бұрын 2011 жылы сәуірде 4 қабаттан секіріппін. Он жыл, Карл! Оған дейін көп сәтсіздік болған, проблема бірінен кейін бірін шыға берді мыңбасты айдаһар ұқсап. Соңында «Бүйткен өмірі құрысын! Көне алмайм, шыдай алмайм» деп, өлмек болғам ғой. Сол сәттегі өмірімді өзгертем деген шешімім. Жәй шешіп қана қоймай, әрекет еттім.

Мақсатым әп-сәтте орындалды: өмірім астаң-кестең өзгеріп кетті. Ауруханаға төсекке таңылдым, жұмысқа жарамсыз болдым, қанша жақынымды уайымдаттым, алаңдаттым. Тіпті кейін жұрттың назарын, аяушылығын, көмегін алатын құралға айналды. Аноооу баста саналы жолмен жете алмаған көп дүниеге мықты құрал қылып алдым! Жұрттың вниманиесін айтсаңшы!
3.3K views23:35
Ашу / Түсініктеме
2021-01-31 21:06:16 Каналым да, контентім де сіздерге арналғандықтан бірауыз пікіріңізді біліп, кері байланысыңызды алғым келеді. Дәл қазір сіз үшін қай тақырып актуал? Шешімін таппай, миыңызды қатырып жүрген сұрақ бар ма?
Төменге жаза кетіңіз, дәл сол тақырыптарды ашамын
3.4K views18:06
Ашу / Түсініктеме
2021-01-31 21:01:05 Ал қош көрдік! Қалай, идеям ұнай ма?
anonymous poll

Супер! Ұнап тұр! – 336
69%

Маған керегі осы еді, жақсы болды – 148
30%

Онша ұнамады – 6
1%

490 people voted so far.
3.2K views18:01
Ашу / Түсініктеме
2021-01-31 20:58:25 Эльвира Ергалина pinned «Сәлем! Бұл - ЭЛЬВИРА ЕРҒАЛИНАның каналы. Бұл каналда ойыңды, санаңды, құндылығыңды трансформациялау және сапалы, бақытты әрі табысты өмір сүру құпиялары туралы жазамын. БҰЛ КАНАЛДЫ АШУЫМА НЕ СЕБЕП? 4 жылдай боп қалды, осознанность, тұлғалық даму, SMM, копирайтинг…»
17:58
Ашу / Түсініктеме
2021-01-31 20:53:09 Сәлем! Бұл - ЭЛЬВИРА ЕРҒАЛИНАның каналы. Бұл каналда ойыңды, санаңды, құндылығыңды трансформациялау және сапалы, бақытты әрі табысты өмір сүру құпиялары туралы жазамын.

БҰЛ КАНАЛДЫ АШУЫМА НЕ СЕБЕП?
4 жылдай боп қалды, осознанность, тұлғалық даму, SMM, копирайтинг салаларында түрлі авторлық курс өткіздім. Соңғы 2 жылында қатысушыларға өз еңбегін сату арқылы АҚША ТАБУДЫ үйретіп келем. Көбінің қолына нақты табысқа әкелетін инструмент берсем де, нәтиже шығара алмағандар бар. Біразы қабілеті, білімі бола тұра, өзі қалаған ақшаға, табысқа жете алмай жатыр. Бар мәселе ақпаратты жатқа соғуда емес, сұмдық білімді болуда емес. Ішкі күйдің, сананың, түпсананың, адамның ЖАҢА ДЕҢГЕЙге дайындығында. Сол жағынан аудиторияма көмек болатын контент, материалдарды осында салмақпын. Сіздерге арнайы дайындаған “қызықтың” бәрі алда, осы каналдың өсуіне ат салысыңыз, бөлісіңіз, чаттарға таратыңыз, жақындарыңызға айтыңыз Оқырман көп болғанына шабыттанып, мен де пайдалы инфоны үйіп-төгейін.

БҰЛ КАНАЛДА НЕ БОЛАДЫ?
Өз тәжірибемнен өткен, тексерілген, нәтижелі ақпараттар болады. Кез келген салада қызмет ететін, тіпті еш жұмыс істемейтін жандардың сапалы өмір сүруіне, қайталайын, қайғы-мұңсыз ӨМІР СҮРУІНЕ көмектесетін контент дайындаймын. Миымызды позитивке программалаймыз. Көөөп тосынсыйым бар, шетінен айта жатармын Сіз қолдасаңыз болды
3.5K views17:53
Ашу / Түсініктеме
2021-01-31 20:52:37 Channel name was changed to «Эльвира Ергалина»
17:52
Ашу / Түсініктеме
2021-01-31 20:52:30 Channel photo updated
17:52
Ашу / Түсініктеме
2019-08-14 00:17:43 Эльвира Ергалина pinned Deleted message
21:17
Ашу / Түсініктеме