Get Mystery Box with random crypto!

30 күндік челлендж ертең 01.06. күні таңда басталады. Челлендж | Эльвира Ергалина

30 күндік челлендж ертең 01.06. күні таңда басталады. Челленджге қатысу үшін мына пункттерді ескеріңіз:

1. Бірден таңғы сағат 4-те, 5-те оянудың қажеті жоқ. Әдеттегі оянатын уақытыңыздан бір сағат, жарты сағат артқа шегеріп отырасыз. Бұл - ағзаға салмақ салмай, стреске түспей, режимді қалыпқа келтіру тәсілі. Бірден төртте оянам десеңіз, оянасыз. Бірақ екі күннен соң тастап кетесіз, тіпті каналымның есігін жауып, сыртынан теуіп кетуіңіз мүмкін
2. Дәптер мен қалам арнап қойыңыз. Бұрынғыларыңызды қолдануға болады, бастысы, жазуға дайын болыңыз.
3. Бүгіннен бастап, түнгі ұйқыға ерте жатыңыз. Төртте ояну үшін 21:00 ұйықтау тиімді. Шамаңыз жеткенше ерте ұйықтаңыз.
4. Ұйқыға жатарда және оянғанда міндетті түрде душқа түсіңіз. Шаш жумай-ақ, шайынуға болады.

Бүгінге осы. “Челлендждің соңына сүрінбей жетсем, өзімді мына сыйлықпен марапаттаймын” деп өзіңізге уәде беріп, сыйлығыңызды тағайындап, нақты ниетпен ұйықтаңыз

Соңына жетемін деп ойлайсыз ба? Күнде қандай тапсырмалар берем, сіздіңше?