Get Mystery Box with random crypto!

Эльвира Ергалина

Telegram арнасының логотипі ergalina — Эльвира Ергалина Э
Telegram арнасының логотипі ergalina — Эльвира Ергалина
Арна мекенжайы: @ergalina
Санаттар: Блогтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 4.50K
Арнадан сипаттама

Санасын, сезімдерін сау қылып, жанын емдеп;
сапалы, бақытты әрі табысты өмір сүргісі келетіндерге арналған канал❤️

Ratings & Reviews

1.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

2

1 stars

1


Соңғы хабарлар 5

2022-03-06 14:11:41 Мына медитацияны қайта салайын. Түсініксіз, біртүрлі күй болса, наушникпен жасай қойыңыз. Жеңілдеп қалуыңызға көмектеседі



3.7K viewsElvira, 11:11
Ашу / Түсініктеме
2022-03-06 13:41:56 Қазір неге көп жанда түсініксіз күй? Әлемдегі жағдайдың әсері ме?
Себепсіз көңілсіздік неге болады? Ондайда не істеу керек?

Осы сұрақтарға жауап беріп көрдім. Қандай да бір ой түйіп жатсаңыз, кері байланысыңызды күтем. Бұл аудионың көмегі тиеді-ау деген жандармен бөлісіңіз
3.2K viewsElvira, edited  10:41
Ашу / Түсініктеме
2022-01-24 09:22:50 ”ҚОРҚЫНЫШ неге болады, одан арылуға бола ма, қорқынышты қалай пайдаға асыру керек” осы тақырыпта тікелей эфир өткіздім. Өөөте пайдалы ақпараттарға толы эфир болды.

“Өзгерістерден қорқамын, ақшасыз қалудан қорқамын, ақша табудан қорқамын” деген жандар, срочно көріңіздер

https://www.instagram.com/tv/CZFIEWZpDkt/?utm_medium=copy_link
283 viewsElvira, 06:22
Ашу / Түсініктеме
2022-01-14 10:06:02 Аудиотерапияны жасағандар, қандай әсер? Не боп жатыр тәніңізде, санаңызда? Бөлісіңіздерші.

Ал кімде аудио ашпай тұр, көлемі үлкен болуы мүмкін. Үстін басып, біраз күте тұрыңыз. Мүлде ашпаса, телефоныңызға жүктеп көріңіз. wav форматында жазылғандықтан ашпай қалуы да мүмкін, әсіресе, операциялық жүйесі жаңармаған, бұрынғы нұсқада жүрген телефондарда ашпай қалады-ау.
700 viewsElvira, edited  07:06
Ашу / Түсініктеме
2022-01-12 20:12:29 “Психологиялық қауіпсіздікті нығайту” аудиотерапиясы

ТЕК НАУШНИКПЕН ЖАСАҢЫЗ
1.3K viewsElvira, edited  17:12
Ашу / Түсініктеме
2022-01-12 20:02:33 Аудиотерапияны жасамас бұрын мұқият тыңдаңызшы. Қолдану инструкциямен танысып алу өте маңызды.
1.4K viewsElvira, edited  17:02
Ашу / Түсініктеме
2022-01-12 19:13:51 СТРЕСТЕН ШЫҒУҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТКІМ КЕЛЕДІ

Құрметтілерім!
Елімізде апыр-топыр болған “аласапыран” жағдай психологиямызда суық ізін қалдырды: қауіпті сездік. Мейлі, сіздің мекен тыныш болса да, бұзақылар мүлде жақындамаса да, стреске түстіңіз.

Байланыстың болмауы, интернеттің бұғатталуы, қорқынышты видеолар, қирау, өрт, қан, ұрып-соғу, өлік, мұның бәрі тыныштыққа ұмтылған психикамызды бір шайқады. Қауіпсіздігімізді жұлып алғандай болды.
Бәлкім, кей оқырманым қаланың ортасында, ойранның ішінде бәрін әр клеткасымен сезінген де шығар. Кейбіріңіз жақыныңыздан хабар ала алмай, шошыған боларсыз. Әйтеуір бәріміз дүр сілкіндік.

Бұл жайт психологиялық қауіпсіздігімізге де нұқсан келтірді. Әлі өзімізге келе алмай жатырмыз. Қалаға шығу қауіпті сияқты. Көшеде жүру қорқынышты сияқты. Ішімізде үрей мен сенімсіздік қалды. Енді бұрынғыдай жайбарақат жүре алмайтындай күй бар. Кеудемізде ызғар қалды.

Енді бізге ары қарай өмір сүру керек. Үреймен, тревогамен емес, жаймашуақ өмірге қайта оралу керек. ТВ, интернет, билік, жан-жақтан “бәрі жақсы” десе де, іштей жібермей тұрған күдіктен, сенімсіздіктен арылуымыз керек. Әйтпесе, ертеңгі өмірімізге кері әсерін беруі әбден мүмкін. Тап қазір өзімізді, жанымызды, психикамызды тынышталдыру ауадай қажет-ақ. Бірақ ол: - “Болды, мен ішімдегі тревогадан арылдым”, - деп, орнымыздан тұрып, үстімізді қағып кете беретін процесс емес. Арнайы проработка, тіпті мамандардан терапия қажет болуы мүмкін.

Әрине бәрімізде маманнан терапия алатын мүмкіндік жоқ. Қазір қолымнан келетін көмегім - аудиотерапия ұсыну. Болып өткен жағдайда өте қажет. “Психологиялық қауіпсіздікті нығайту” аудиотерапиясын жазып, монтаждап, дайындап қойдық. Тек… осында жібермес бұрын қалай қолдану керегін түсіндіруім қажет.

Алдымен сіздің күйді білейінші, іштей тревога, үрей бар ма? Өзіңізді психологиялық қауіпсіз сезінесіз бе, әлде қалай? Терапия қажет ететін күйіңізді байқадыңыз ба соңғы күндері?
1.6K viewsElvira, 16:13
Ашу / Түсініктеме
2022-01-11 13:39:42 Қалдарыңыз қалай, құрметтілерім?
Жыл басында кішкене демалып, үзіліс алып, бәрін баяулатып жүрген ем. Осында шығып, қал-жағдайларыңызды білгім келді.

Елдегі сұмдықтан ес жиып жатырсыздар ма? Бүкіл байланыс үзілгенде не істедіңіздер?

Интернет қосылғанда миды “мусорға” толтырмауға кеңес берем. Неше түрлі фото, видеоны көріп, неше түрлі ақпаратты оқи бермеңіз. Ол түпсанаңызға тревога орнатып, болашақта өзіңізге зиян болады. Президентіміз бүгінгі сөзімен үміт отын жағып, аз да болса, тынышталдырды ғой. Ары қарай өз миымызға, өз күйімізге, өз тыныштығымызға өзіміз ие болайық.

Жан түршігер түрлі ақпаратты қатарынан бірнеше күн көре беріп, ести беріп, “өмір қауіпті, ертеңіміз қауіпті, қираймыз, өлеміз” деген программаны миымызға терең отырғызып алмайық. Енді ойын-сауыққа назар аударып көріңіз.

Неше күн бойы стресте болдық, ағзамызда кортизол көп бөлінді. Енді дофаминді көбейтейік. Ойын ойнаңыз, ютубтан ойын-сауық, жеңіл видеолар қараңыз. Әзілдеңіз. Көп күлуге тырысыңыз. Иә, мұндай сәтте қызық естілер. Бірақ өзімізге өзіміз көмектесейік.

“Уақытым бос өтпесін” деп, ауыр ақпараттар қабылдауға тырыспаңыз. Бір күніңізді бос өткізіп көріңіз. Жаңалық қарамай, ауыр ақпарат алмай, өзіңізді босатыңызшы бір күн. Миға, ағзаға демалыс керек. Гормондарды реттеп алу керек

Өзіңізді күтіңіз. Күйіңізді сақтаңыз. Өміріміз жалғасады. Жаңа деңгейдегі Қазақстанда бақытты өмір сүру үшін денсаулық керек

Байланыссыз күндерде немен айналыстыңыз? Не сезіндіңіз? Не ойладыңыз?
981 viewsElvira, edited  10:39
Ашу / Түсініктеме
2021-12-01 12:15:46 Сұрағыма нақты жауап беріп алсаңыз, аудиомен түсіндіремін Жауабыңыз өзіңізге көмектеседі.
697 viewsElvira, 09:15
Ашу / Түсініктеме
2021-12-01 10:36:55 Сіз үшін АҚША деген не?
793 viewsElvira, 07:36
Ашу / Түсініктеме