Get Mystery Box with random crypto!

Эльвира Ергалина

Telegram арнасының логотипі ergalina — Эльвира Ергалина Э
Telegram арнасының логотипі ergalina — Эльвира Ергалина
Арна мекенжайы: @ergalina
Санаттар: Блогтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 4.50K
Арнадан сипаттама

Санасын, сезімдерін сау қылып, жанын емдеп;
сапалы, бақытты әрі табысты өмір сүргісі келетіндерге арналған канал❤️

Ratings & Reviews

1.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

2

1 stars

1


Соңғы хабарлар 11

2021-03-28 12:05:26 Мына түрік әні ұнайды, романтик ән
3.0K views09:05
Ашу / Түсініктеме
2021-03-28 12:04:38 Қалдарыңыз қалаай? Инстамның сторисін күн сайын толтырам, маңызды, қажет ақпараттар жазам, телеграмға да сәттерімді, ойларымды салып тұрмасам күнде

Түркияның Бурса қаласына қыдырып, Ұлытаудың басына шығып қайттық. Шаңғы тебуге барғанбыз, мен тебе алмадым.

Инстамдағы оқырмандар сторисімде қолданатын әндерді осы каналыма жіберуді сұрауда. Жіберіп тұрайын, иә?
2.8K views09:04
Ашу / Түсініктеме
2021-03-17 02:19:18 Сәлем, құрметтім!
Біраз болды, бұл каналыма жазба салмаппын. Үлгермей жүрмін. Бірақ сіздер миымның бір бұрышындасыздар, күтіп қалды-ау деп жүрем.

Үлгермейтіндей немен айналысып жүрмін?
• “НейроАқша” атты ақша, табысты арттыру, мидағы ақшаға қатысты блоктармен жұмыс туралы авторлық курсым басталған. 1 ай жүреді.
• Курсымда кері байланыс бар, күн сайын чаттағы сұрақтарға жауап берем, нәтиже алуына көмектескем, кері байланыс көп менен.
• Осы курсымның VIP пакетін алғандарға 2 жеке консультациядан өткізем. Қазір күн сайын консультациям тығыз.
• “Ешь, молись, люби” фильміне психологиялық талдау жасадым. Ол кәдімгідей ұзааақ әрі бомба талдау болды. Инстамның сторисіне салғам, актуальныйға сақтадым. Оқырмандарыма қатты әсер еткен сияқты, көп хат алдым.
• Өзім күнде психотерапевтіммен сессия жасаймын, күн сайын 1 сағат.
• Одан басқа өз өмірім бар, шаруаларым бар.
• А еще 5 сәуірге “НейроАқша” курсымның 2 потогын дайындап жатырмын. Қатысам деп күтіп жүргендер көп, солардың курсқа дайын боп келуіне күнде контент жасап жатырмын.
Міне, осылай. Талдауды осында сал десеңіздер, әкелейін. Курсым қызықтырса, қатысушылардың кейстерімен бөлісейін.
Ақша туралы айтқым келетін нәрсе көөөп

Айтпақшы, жеке сайтымды жасап бітті. Енді ішіне контент толтырам. Сіздерге өөөте пайдалы, сылдыр сусыз материал болады деп жоспарлап отырмын
3.9K views23:19
Ашу / Түсініктеме
2021-02-23 11:40:25 Қазір сізде болып жатқан күй сізде ғана болып жатыр. Оның қаршалықты ауыр, қаншалықты қиын немесе қаншалықты жеңіл екенін ешкім сезіне де, елестете де алмайды. Ешкім сіздің әлеміңізге еніп, оған сіздің көзіңізбен қарай да, көре де алмайды.

Идеяңызбен де дәл солай! Миыңызға бір ой келді ме, талқыламай, бірден жасауға кірісіңізші. Жай ғана жасаңыз. Ешкімнен ештеңе күтпей жасаңыз. Біреуден озық болу үшін, біреуге артықтығыңызды дәлелдеу үшін емес. Жасау үшін жасаңыз... Дәл қазір.
4.1K views08:40
Ашу / Түсініктеме
2021-02-09 11:14:32 Қалайсыздар, халқым? Осы каналымдағы жазбалар қалай кетіп жатыр? Тым ұзыыын, ұзақ емес пе? Текст оқуды ұнатпайтындар да болушы еді, аудио-видео қосайын ба? Миыңызды “зорлағым” келмейді да Бір кері байланыс беріп қойсаңыз
5.0K views08:14
Ашу / Түсініктеме
2021-02-06 19:49:32 Көп адамда көп қарыз, қиындық, проблема неден болады?

"Осылай жасасам, өмірім өзгере салады" деген сенімнен. Асыққаннан. "Бірден байып кетемін, бірден бақытты боп кетемін" деген иллюзиямен үлкен тәуекелдерге барамыз. Сөйтеміз де, ұрынамыз.

Жоқ! Мүлде олай емес. Бір адамның өмірі әп-сәтте ғажайыпқа айналғанын кинодан көріп, кітаптан оқыған шығармыз. Бірақ оның бәрі адамның фантазиясынан туған дүние ғой. Ал өмірде басқаша. Реалда жылдамдық қиялдағыдай тез емес, мидың адаптациясы болады. Өзгеріске тұла бойың, ағзаң, психикаң бейімделу керек. А ол сәл-пәл уақытты, шыдамды талап етеді.

Үлкен мақсатқа жетудің құпиясын айтайын ба?
Майда-майда қадамдар. Иә! Майда қадамдарда алпауыт күш бар. Түпсанаға да, ағзаға да, психикаға да, миға да салмақ салмай, плавно арманыңызға жетесіз. Әрине тоқтамастан, үзіліссіз әрекет етсеңіз.

Алдымызға үлкен мақсат қойып, арманымызға қарай қимылдайын десек, гипнозға түскендей боламыз. Арыстанның алдындағы қояндай қалтыраймыз, қорқамыз. Жұтып жіберетін дәу бірдеңе сияқты. Ешқашан бағындыра алмайтындаймыз. Шошимыз да, сілейіп қаламыз, қатып қаламыз, бірден гипнозға түсеміз. Сөйтеміз де, арман-мақсаттан бас тартамыз.

Міне, осы жерде кішкентай мақсаттар керек. Кішкентай қадамдар. Духы жеткендер майдалағысы келмей, бірден әуп деп аттай салмақ боп шапшаң қимылдайды. Сосын омақаса құлайды.

Жай-жайдан бастаңыз. Асықпаңыз. Миллион теңге тапқыңыз келсе, алдымен жүз мыңға жетіңізші. Одан кейінгі аялдама 300 мың болсын. Сосын 500 мың. Қалай миллионға жеткеніңізге таң қаласыз бір күні.

Жалпы бүкіл арман-мақсатыңызға апаратын маршрутты сызып, аялдамаларын нақтылап алыңыз. Картамен жүрген адам ешқашан адасқан емес!
4.9K views16:49
Ашу / Түсініктеме
2021-02-04 14:30:58 Иығыңызды тіктеңіз!
3.7K views11:30
Ашу / Түсініктеме
2021-02-03 02:39:19 Стамбулдамын ғой, уақыт айырмашылығы бар: Қазақстаннан 3 сағат арттамыз. Ұйқыңыздан оянғанда жазбамды оқырсыз. Әсер етсе, ойыңызбен бөлісіңіз. Сұрағыңызды қойыңыз. Кері байланысқа ашықпын Қандай инсайт алғаныңызды білгім келеді
4.0K views23:39
Ашу / Түсініктеме
2021-02-03 02:35:56 Мұнымның қате екенін, өзіме қауіпті екенін түсіне бастаған сәттен тәсілім өзгерді. Қазір шүкір он жыл бұрынғы Эльвира мен қазіргі Эльвира жер мен көктей. Тіпті 3 жыл бұрынғы Эльвирадан қайда жақсы өмір сүреді. Табысы жақсы, Астанада пәтері бар, жолға қойған кәсібі бар, жақындарының махаббатына шомылып жүр, тұлға ретінде қалыптасқан. Елдің назары (внимание) мен алғысы жетіп артылады. Иә, солай. Өзімді өзіммен салыстырсам, қандай мықты жұмыс істегенімді көрем. Бір кездері «миыңдағы қоқыстарды тазала, жаңа программа отырғыз, өзіңе үңіл, сен өзгерсең ғана өмірің өзгереді» деген сияқты ақпаратпен таныспасам, бәлкім, сәтсіздікке бата берер ме ем...

Сондықтан бәрін жасап, бірақ проблемаңыз таусылмай жатса, мақсатыңызға үңіліңізші. Не қалайсыз? Жасап жүрген әрекетіңіздің артында не тұр? Бәлкім, саналы жолмен шешуге болатынын білмейтін шығарсыз? Ол ақпарат әлі жетпеген болар? Танығаныңыз негатив тәсілдер ғана шығар?

Проблемаға тез ұрына берсеңіз, жетістікке де дәл сол жылдамдықпен жете аласыз. Мың пайыз! Тек тәсіліңізді, әрекетіңізді ауыстырыңыз. Түпсанамызға табыс па әлде проблема ма, бәрібір. Ажыратып жатпайды. Көздегенін орындаса болды.

Сіз мақсатқа жеткіш жансыз, тек мазмұны мен тәсілін ауыстырыңыз Өмірдің бәрі қиындықтан тұрмайды, жақсылықтың енуіне рұқсат етіңіз
3.9K viewsedited  23:35
Ашу / Түсініктеме