Get Mystery Box with random crypto!

Эльвира Ергалина

Telegram арнасының логотипі ergalina — Эльвира Ергалина Э
Telegram арнасының логотипі ergalina — Эльвира Ергалина
Арна мекенжайы: @ergalina
Санаттар: Блогтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 4.50K
Арнадан сипаттама

Санасын, сезімдерін сау қылып, жанын емдеп;
сапалы, бақытты әрі табысты өмір сүргісі келетіндерге арналған канал❤️

Ratings & Reviews

1.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

2

1 stars

1


Соңғы хабарлар 2

2022-06-04 07:41:38 Сенбіге қандай жоспар сізде?

Алматы бүгін жаңбырлы, табиғатқа шығу қолайсыз. Үйде отырып, “Аллея кошмаров” фильмін талдаймын ғой деймін. Біраздан ойда жүр еді. Талдауды көрем десеңіз, инстам жаққа көз саласыз ғой

Сізде қандай жоспар бүгінге?
1.1K viewsElvira, 04:41
Ашу / Түсініктеме
2022-06-04 01:00:34 ТАҢҒЫ РИТУАЛДАР 4/30

1. Оянып, төсектен тұрып, 50 рет секіріп, контрастты душ қабылдадыңыз. Жуынып-шайынып, бет күтімін жасадыңыз. Су ішуді ұмытпаңыз. Неге керегін ұмытып қалсаңыз, бірінші күннің текстін оқып аласыз ғой.

2. Бүгінге ниет. Дәптеріңізді ашып, бір ғана ниет жазасыз. Әр әрекетіңізді жасарда немесе “не керек осы” деген ой туғанда осы ниетіңізді еске аласыз. Сондықтан бүгінгі ісіңізге, әрекетіңізге арналған ниет болсын. Кешегіні қайталамаймыз.

3. Алғыс жазу. Бүгін өміріңіздегі бүкіл сәтсіздіктеріңізге, қателіктеріңізге, проблемаларыңызға алғыс жазасыз.

Биыл, былтыр, оның алдыңғы жылы, солай жыл сайын артқа шегініп, еске түсіріңіз. Өткеннің сәтсіздіктері, проблемалары сабақ алу үшін болады. Біз солар арқылы да өсіп жатырмыз.

Сіздегі сәтсіздіктер мен проблемалар қандай сабақ берді? Нені үйретті? Не алдыңыз? Не ұқтыңыз сол арқылы? Қазіргі күніңізге қалай ықпал етті?

Бәрін еске түсіріп, рақметіңізді айтып, эмоцияларды жіберіңіз. Өткеннің естеліктері құр естелік ғана боп қалу керек. Эмоцияңызды көтерсе, жыласаңыз, оның берген сабағын әлі түйсінбегеніңіз. Бүгін жіберіңіз өткенді.

4. Үш сұрақ. Мына сұрақтардың әрқайсына, кемі, 10 жауаптан жазыңыз.
⁃ Мен кіммін?
⁃ Маған не жетпейді? (Зат, білім, адам, бәрі болады)
⁃ Мен нені қалаймын? Қайда бара жатырмын? Өмірлік бағытым қалай?

Иә-иә, өзіміздің кім екенімізді түсініп, өмірлік бағытымызды өзімізге айқындап аламыз. Қай мақсатқа ұмтылатынымызды өзімізге ұғындырамыз, нақтылаймыз.

5. Медитация жасаңыз. Каналымдағы медитацияны тұрақты жасасаңыз, керемет сезім береді әрі миыңыздың программалануына көмектеседі. Болашақта тағы жаңа медитациялар ұсынып қалуым мүмкін

6. Серуендеңіз. Иә, кейбіріңізде мүмкіндік болмайтын шығар. Ең болмаса, терезені ашып, табиғатқа, айналаға зер салыңыз, таза ауа жұтыңыз. Таңда құстардың әуені ерекше болады, соны байқаңыз. Тәнге белсенділік керек, аздап жаттығу жасаңыз.

7. Миды босатыңыз. Аяқталмаған іс, аяқталмаған кітап, айтылмаған сөз, аяқталмағанның бәрі мида жүк боп тұрады. Бүгін көптен қолға адам деп, бірақ бітіре алмай жүрген 3 ісіңізді аяқтаңыз. Кез келген нәрсе болуы мүмкін. Соңында өзіңізге алғыс жариялап, марапаттаңыз

Бәрін орындап болған соң қандай сезім, ой болды, бөлісе кетіңіз. Пікіріңізді күтем
202 viewsElvira, 22:00
Ашу / Түсініктеме
2022-06-04 01:00:34
Қош келдің, жаңа күн!

Қайырлы таң, құрметтім!
Бүгінгі күніңіз алғысқа, энергияға толы болсын!

Күн сайын таңғы ритуалдардың тақырыбы ауысады, байқадыңыз. Кешке дейін соған фокусымызды бағыттаймыз. Жай-жайдан мидағы негативті азайтамыз.

Төртінші күннің тақырыбы - өмірлік бағытымызды айқындау
199 viewsElvira, 22:00
Ашу / Түсініктеме
2022-06-03 17:11:23
Ал мынау мидың толқындары, ритмі.

Бета - күнделікті ақпарат алып, сөйлесіп, ары-бері жүргендегі, ояу әрі белсенді кездегі толқын. Қатты тревогаға түскенде де осы толқында болады ми.

Альфа - көзді жұмып отырғанда, медитация жасағанда түсетін толқын.

Тета - ұйқыға кетер алдында түсетін толқын. Өң мен түстің арасы, мең-зең күй.

Дельта - қалың ұйқыда жатқанда миымыздың ритмінің баяулауы.

Ұйықтай алмай жатсақ, миды осы толқынға музыканың көмегімен түсіруге болады.
1.0K viewsElvira, 14:11
Ашу / Түсініктеме
2022-06-03 17:06:58 Дельта толқындағы музыка. Ұйықтай алмай жатсаңыз, қосып қойыңыз
996 viewsElvira, edited  14:06
Ашу / Түсініктеме
2022-06-03 17:04:14 Мини-подкаст: “ҰЙЫҚТАЙ АЛМАҒАНДА НЕ ІСТЕУГЕ БОЛАДЫ?”
1.0K viewsElvira, edited  14:04
Ашу / Түсініктеме
2022-06-03 05:37:52 Бүгін сағат нешеде ояндыңыз?
410 viewsElvira, edited  02:37
Ашу / Түсініктеме
2022-06-03 01:00:34 ТАҢҒЫ РИТУАЛДАР 3/30

1. Оянып, төсектен тұрып, 50 рет секіріп, контрастты душ қабылдадыңыз. Жуынып-шайынып, бет күтімін жасадыңыз. Су ішуді ұмытпаңыз. Неге керегін ұмытып қалсаңыз, бірінші күннің текстін оқып аласыз ғой.

2. Бүгінге ниет. Дәптеріңізді ашып, бір ғана ниет жазасыз. Әр әрекетіңізді жасарда немесе “не керек осы” деген ой туғанда осы ниетіңізді еске аласыз. Сондықтан бүгінгі ісіңізге, әрекетіңізге арналған ниет болсын. Кешегіні қайталамаймыз.

3. Алғыс жазу. Бүгін өзіңізге алғыс жазасыз. 10-20-50-100 қаншаға жалғасады, тоқтамастан жазыңыз.

Бүгінгі жетістігіңіз, барыңыз кешегі өзіңіздің талпынысыңыз. Іштей Алладан сұраған ниетіңіз бен әрекетіңіздің нәтижесі.

Мейлі, құлаңыз, қателесіңіз, адасыңыз. Бірақ сапалы өмірге, дамуға ұмтылған өзіңізге рақмет айту керексіз.

Әр жылыңыздағы өзіңізге баппен қараңыз, еске түсіріңіз. Нені қалады, неге ұмтылды? Қиналып жүрсе де, бар күшін сарқып, жақсыға ұмтылғанын еске алыңыз.

Өмірде кешірім сұрау керек жалғыз жан қалса, ол - ӨЗІҢІЗ. Өмірде алғыс айту керек жалғыз жан қалса, ол да - ӨЗІҢІЗ

4. Өзіңізбен тілдесу. Айнаға жақындаңыз да, тәніңізге, жүзіңізге, көзіңізге ұзақ қараңыз. Бұл - жақсылыққа, махаббатқа ұмтылған жан. Көзіңізге тік қарап, барлығы үшін өзіңізге рақмет айтыңыз. Дәптерге жазғаныңызды дауыстап айтыңыз. “Мен сені жақсы көрем, бағалаймын” деп қайталаңыз. Өзіңізді құшақтаңыз, сүйіңіз.

Соның бәрін айтқандағы сезімдеріңізге мән беріңіз. Жылағыңыз келсе, жылап алуға болады. Терең тыныс алыңыз.

5. Медитация жасаңыз. Каналымдағы медитацияны тұрақты жасасаңыз, керемет сезім береді әрі миыңыздың программалануына көмектеседі. Болашақта тағы жаңа медитациялар ұсынып қалуым мүмкін

6. Серуендеңіз. Иә, кейбіріңізде мүмкіндік болмайтын шығар. Ең болмаса, терезені ашып, табиғатқа, айналаға зер салыңыз, таза ауа жұтыңыз. Таңда құстардың әуені ерекше болады, соны байқаңыз. Тәнге белсенділік керек, аздап жаттығу жасаңыз.

7. Сүйікті өзіңізге сыйлық жасаңыз. Бірдеңе сатып алу шарт емес. Дәмді асыңызды дайындап ішерсіз, өзіңізге арнап қоюлап шай даярларсыз. Боянып, әдемі көйлегіңізді киерсіз. Гүл сыйларсыз, тәтті сыйларсыз. Әйтеуір өзіңізге құрметпен сый көрсетіңіз

8. Әрекетіңізге өзіңізді қосыңыз. Күні бойы не жасасаңыз да, өміріңізді құрастырып жатырсыз. Тіршілігіңіздегі басты кейіпкер - өзіңіз. Бала бақсаңыз да, жұмыс істесеңіз де, үй шаруасын жасасаңыз да, сіздің өмірдің құрамы екенін естен шығармаңыз. Сіз! Кеш батқанша осы ойды қайталап, күніңізге өзіңізді және махаббатыңызды қосыңыз

Бәрін орындап болған соң қандай сезім, ой болды, бөлісе кетіңіз. Пікіріңізді күтем
111 viewsElvira, 22:00
Ашу / Түсініктеме
2022-06-03 01:00:34
Аллаға шүкір! Тағы бір жаңа күн!

Қайырлы таң, құрметтім!
Бүгінгі күніңіз қуанышқа, мейірімге толы болсын!

Күн сайын таңғы ритуалдардың тақырыбы ауысады, байқадыңыз. Кешке дейін соған фокусымызды бағыттаймыз. Жай-жайдан мидағы негативті азайтамыз.

Үшінші күннің тақырыбы - өзімізге махаббат
109 viewsElvira, 22:00
Ашу / Түсініктеме
2022-06-02 18:58:33
СЕЗІМ. МАХАББАТ. AҚШA.

“Сезім. Махаббат. Aқшa” курсым 15.06 басталады. Тіркелу 10.06 ашылады.

Сіз қай сезім арқылы әрекет етіп, тaбыc тауып жүрсіз? “Выгорание” бар ма?
765 viewsElvira, 15:58
Ашу / Түсініктеме