Get Mystery Box with random crypto!

ПАНИКАНЫ, ҮРЕЙДІ УАҚЫТША БАСУ ТӘСІЛІ Мидағы үрейді, паниканы, | Эльвира Ергалина

ПАНИКАНЫ, ҮРЕЙДІ УАҚЫТША БАСУ ТӘСІЛІ

Мидағы үрейді, паниканы, қорқынышты басу үшін арнайы толқындағы (бета, альфа, тета, дельта) музыкаларды тыңдауға болады. Мұны бинауральные ритмы деп атайды.

Проблемаларыңыздың түп-тамырын жойып жібермейді, психологиялық мәселелеріңізді шешуге көмектеспейді. Тек бір сәттегі, дәл қазіргі күйіңізге әсер етеді. Яғни эффекті уақытша.

Қатты шошып, үрейленіп, тынышыңыз қашқанда немесе ұйықтай алмай жатқанда осы музыканы қосып қойыңыз. Просто қосылып тұрсын, миыңыз толқындарын қағып алады. Ойыңызды лезде жинақтауға, өзіңіз жинақталуға көмегі бар.

Бірнеше нұсқасын осында саламын. Қосып қоя салуға ыңғайлы болсын. А негізі ютубта, интернетте мұндай музыка өте көп.