Get Mystery Box with random crypto!

Эльвира Ергалина

Telegram арнасының логотипі ergalina — Эльвира Ергалина Э
Telegram арнасының логотипі ergalina — Эльвира Ергалина
Арна мекенжайы: @ergalina
Санаттар: Блогтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 4.50K
Арнадан сипаттама

Санасын, сезімдерін сау қылып, жанын емдеп;
сапалы, бақытты әрі табысты өмір сүргісі келетіндерге арналған канал❤️

Ratings & Reviews

1.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

2

1 stars

1


Соңғы хабарлар 3

2022-06-02 14:50:59
АҚШАНЫ ҚАЛАЙ ТАБАСЫЗ?

“Аш қалып қоямын, өзгелерден қалып кетемін” деп қорыққаннан, жанталасқаннан ба?

Мүмкін “жұртта бар нәрсе неге менде жоқ”, “өзімді дүниемен, затпен алдамасам, страданиеге түсіп кетем” деген мұң-қайғыдан табатын боларсыз?

Жақындарға, күйеуге ызаланып, “өз керегімді өзім алам” деген ашудан ба?

Әлде өмірге, өзіңізге, ісіңізге, клиенттерге деген махаббаттан ба?

Қайсысы ақша табуыңызға ықпал етеді?
1.1K viewsElvira, edited  11:50
Ашу / Түсініктеме
2022-06-02 01:00:55 ТАҢҒЫ РИТУАЛДАР 2/30

1. Оянып, төсектен тұрып, 50 рет секіріп, контрастты душ қабылдадыңыз. Жуынып-шайынып, бет күтімін жасадыңыз. Су ішуді ұмытпаңыз. Неге керегі естен шықса, бірінші күннің текстін оқып аласыз ғой.

2. Бүгінге ниет.
Дәптеріңізді ашып, бір ғана ниет жазасыз. Әр әрекетіңізді жасарда немесе “не керек осы” деген ой туғанда осы ниетіңізді еске аласыз. Сондықтан бүгінгі ісіңізге, әрекетіңізге арналған ниет болсын. Кешегіні қайталамаймыз.

3. Алғыс жазу.
Сізді үнемі қолдайтын, көмек беретін, қуантатын, сізге сенетін, жаныңызда жүрген жақындардың тізімін жазыңыз. 10-20-30, қалағаныңызша. Туыстар да, достар, әріптестер де болады, тек өте жақындарын тізесіз.

Қасымыздағы жандардың жасап жүрген жанашырлығы көбіне біліне бермейді, үйреншікті боп кеткен. Бүгін сізге жасаған жақсылығын, көмегін, қолдауын, жылы сөзін, мейірім-махаббатын еске түсіріп, тізіп жазасыз. Дәптерге. Шын жүректен алғыс жазыңыз, жүрекпен сезініңіз. “Жалғызбын не мені ешкім жақсы көрмейді” деген ой болған жағдайда, махаббат тек “жақсы көрем” деген сөз емес екенін ұғынасыз. Мейірім мен махаббат, көбіне, сөзсіз білдіріледі. Іспен. Сөзбен ғана өлшеп алатын өзіміз

4. Жақындарыңызды қуантыңыз. Алғыс жазған тізімнен 5 адамды таңдап (одан да көп таңдауға болады), ватсабына жүректен шыққан жылы сөздеріңізді, алғысыңызды, жақсы көретініңізді жазып жіберіңіз. Таңертең оянғанда оқып, қуанып қалсын, сіз үшін маңызды жан екенін сезінсін.

Жақындарымызға махаббат беруді және олардың махаббатын алуды үйренбегенбіз, “жақсы көрем” деп айту қиын. “Шошиды, бірдеңе болды ма дейді” сияқты ойлар тоқтатады. Алғашқы қадамды жасаңыз. Тұрақты түрде жасасақ, үйреніп кетеді.

Айтпақшы… олардан да “жақсы көрем” деген сөздер, алғыс, махаббат күтпеңіз. Кейбірі олай жауап қата алмауы да мүмкін. Жазуы да мүмкін. Тек өзгеге жылу, мейірім жолдағаныңызға қуаныңыз. Сол сізге энергия берсін

5. Медитация жасаңыз.
Каналымдағы медитацияны тұрақты жасасаңыз, керемет сезім береді әрі миыңыздың программалануына көмектеседі. Болашақта тағы жаңа медитациялар ұсынып қалуым мүмкін

6. Серуендеңіз.
Иә, кейбіріңізде мүмкіндік болмайтын шығар. Ең болмаса, терезені ашып, табиғатқа, айналаға зер салыңыз, таза ауа жұтыңыз. Таңда құстардың әуені ерекше болады, соны байқаңыз. Тәнге белсенділік керек, аздап жаттығу жасаңыз.

7. Бүгінгі сөзіңізді, ойыңызды алмастырыңыз.
“Керек, қажет” деген сөзді алғысқа ауыстырасыз. Күні бойы ойыңыз бен сөзіңізді бақылаңыз. Мысалы, “жұмысқа баруым керек” деген ойдың орнына “жұмыс істеп, дамып, ақша табатын мүмкіндік барына рақмет”. “Балаларыма тамақ беру керек” деген ойдың орнына “балалы болып, оларға қамқорлық көрсетіп, өсіруге, дайындап беретін тамақ барына рақмет”. “Мына шаруаны істеу керек” деген ой/сөздің орнына “айналысатын ісім, өзгеге берер пайдам, істі жақсы атқара алатын қабілет/денсаулық барына рақмет”, тағысын-тағы.

Күні бойы осыны қадағалаңызшы, жылдам қимылдап, ісіңізді махаббатпен тез жасап тастағаныңызды байқайсыз. Жеңіл сезім болады

Бәрін орындап болған соң қандай сезім, ой болды, бөлісе кетіңіз. Пікіріңіз өзгелерге пайдалы
59 viewsElvira, 22:00
Ашу / Түсініктеме
2022-06-02 01:00:55
Йаху! 30 күндік челленджге қосылғаныңызға қуаныштымын!

Қайырлы таң, құрметтім!
Бүгінгі күніңіз махаббатқа, алғысқа толы болсын!

Күн сайын таңғы ритуалдардың тақырыбын беріп отырамын. Кешке дейін соған фокусымызды бағыттау үшін.

Екінші күннің тақырыбы - жақын адамдар
54 viewsElvira, 22:00
Ашу / Түсініктеме
2022-06-01 16:29:32
901 viewsElvira, 13:29
Ашу / Түсініктеме
2022-06-01 16:29:14
914 viewsElvira, 13:29
Ашу / Түсініктеме
2022-06-01 16:29:06
Осында тұрсын
Стористегі маңызды ақпараттарды каналымда сақтап қояйын. Бәрі бір тақырып.
946 viewsElvira, 13:29
Ашу / Түсініктеме
2022-06-01 08:11:31 Эльвира Ергалина pinned a photo
05:11
Ашу / Түсініктеме
2022-06-01 01:27:49 ТАҢҒЫ РИТУАЛДАР 1/30

1. Ояну. Оянған соң төсектен бірден тұрмаңыз. 5 минуттай жата тұрыңыз. Тәніңіз де ояну керек. Көзді аша сала, инста не тик-ток шарлап кетпеңіз. Тыныққан миыңызға эмоционалды мусор жинап аласыз. Таңғы ритуалдарыңызды жасап болған соң кірісесіз әлжеліге.

2. Тұру.
Тұра сала, төсекті жинау керегі айтпасам да, түсінікті. Әйтпесе, жылы көрпе құшағына шақырады да тұрады. Бір орында тұрып, 30 рет секіріңіз. Тоқтамай. Зіркілдеп, тарсылдатып емес, жеңіл секіріңіз. 2-3 минутыңызды алады. Қанайналымды оятып, лимфаны қуады, ұйқыдан кейінгі ісікті түсіреді. Айтпақшы, қыздар, төсіңізді қысып құшақтап тұрыңыз, гравитациямен ауырып кетпес үшін

3. Контрастты душ. Күн сайын ояна сала, душқа шайынуды әдетке айналдыруға тырысыңыз. Шашыңызды шампуньмен, денеңізді сабынмен ысқылаудың қажеті жоқ. Тіпті шашқа су тигізбей-ақ қойыңыз. Тек ыстық және мұздай суды кезектестіре отырып шайынсаңыз болды. Ағзаны оятып аламыз.

4. Бет күтімі.
Жуынып-шайынып алған соң бетімізге маска, кремімізді жағамыз. Айнаға қарап тұрып, өзімізді мақтаймыз. Ерте оянғанымыз үшін, ерік жігеріміз үшін. Бастысы, асығып, автоматты түрде жасап кету емес, баяулаймыз. Өзімізді сезінеміз.

5. Су ішу.
Таңда жылы су ішуді ұмытпаңыз. Ағзаңызды ылғалдандыру үшін. Әрі ашқарынға барған су ішектегі токсиндерді шаяды. Таңғы ас ішуге асықпаңыз, тек су.

6. Бүгінге ниет.
Дәптеріңізді ашып, дәл бүгінге, бір-ақ күнге ниет жазыңыз. Бәлкім, бір істі аяқтауды ниет етерсіз. Бәлкім, белгілі бір сомадағы табысқа жетуді ниет етерсіз. Бір іс бастайтын боларсыз? Күні бойы көңілді жүруге он себеп іздеп табу ниетіңізде болар? Не де болса, фантазияңызға байланысты. Бір ғана сөйлем.

7. Алғыс жазу.
Таңда алғыс жазу миыңызды жақсы дүниелерді аңғаруға тәрбиелейді. Онсыз да сын айтқыш, мін таққыш, негатив көргіш, ренжігіш фокусымызды рақмет айтатын себепті табуға бұрамыз жай-жай. Соңғы 3 жылыңызда болған айтулы, ғажап, маңызды 20 өзгерісті тізіп жазыңыз. Бір ғана ма, бірнеше сөйлем бе, патша көңіліңіз білсін. Бастысы, саралау, алғыс айту. Бәлкім, адамдарға, бәлкім, Құдайға, әйтеуір рақметіңізді аямаңыз. Тіршілігіңіз қалай өзгергенін байқаңыз.

8. Медитация жасаңыз.
Бұл міндетті емес, қаласаңыз - жасаңыз. Ақылды басқаруға арналған медитацияны (8 күндік ретритімде үйреткем) білмесеңіз, осы каналымда кайф медитация бар, “хотя бы” соны жасаңыз. Дауысыммен сүйемелдегем. Тауып аларсыз.

9. Серуендеңіз. Далаға шығып, жаттығу жасаңыз не жүгіріңіз демеймін. Ол әркімнің жеке таңдауы. Далаға шығып, жүріңіз, серуендеңіз. 5 каналды (көз, мұрын, ауыз, құлақ, тері) іске қосыңыз. Сырттағы дыбыстарға, сұлулыққа, детальға, иіске, самалға мән беріңіз. Тұрақты жасасаңыз, сезімдерді жай-жай оятасыз.

Бүгінге осы. Жеңілінен бастадық. Күн сайын пункттер ауысып отырады, қызық бола түседі. Намаз оқу сияқты жеке ритуалдарыңызды қоспадым, оны жасай берерсіздер. Кем дегенде, 10 минут серуендеп болып, таңғы асқа кірісесіз

Бүкіл пунктті орындап болсаңыз, қандай сезім, міндетті түрде комментке жаза кетіңіз.
Пікіріңіз өзгелерге пайдалы екенін ескере жүріңіз. Сәттілік!
206 viewsElvira, edited  22:27
Ашу / Түсініктеме
2022-06-01 01:20:48
Қайырлы таң, құрметтім! Бүгінгі күніңіз өнімді, қуанышқа, махаббатқа толы болсын!
Ерте оянған бастамаңыз ғұмырлы болсын!

Келісіп алайық. Сіз өзіңізді қинау үшін, жеңу үшін, өзіңізбен соғысу үшін ерте тұрып жатқан жоқсыз. Таңмен таласа ояну - өзіңе махаббат.

Күн батса, бүкіл жаратылыс ұйқыға кетіп, таң атса, оянады. Бұл - биоритм. Өмірдегі қайталатын қозғалыс. Биоритм бізде де бар. Тек түнде интернет ақтарып, күндіз ұйықтап, биологиялық ритмнен тайқып кеттік, өміріміздің қозғалысы “қуып кетті”. Оның артынан гормондар адасты, көңіл-күйіміз шатасты, қараптан-қарап шаршадық, шашырадық. Қысқасы, мида хаос. Осы хаостан шығудың төте жолы - ұйқыны реттеу.

Күн сайын ерте тұруыңыз мақтаныш үшін емес, трендке ілесу емес, жұрттан қалмау үшін емес, өзгеге дәлелдеу емес, контент үшін емес, ДЕНСАУЛЫҒЫҢЫЗ ҮШІН КЕРЕК.

Бүгіннен бастап, ерте оянуға ғана емес, ерте ұйықтауға да акцент қойсақ, ғажап болғалы тұр

Окей, енді оянып алған соң не істейміз? Соған көшейік.
211 viewsElvira, 22:20
Ашу / Түсініктеме
2022-05-31 18:02:42
Менің таңым осы видеодағыдай басталады. Сіздерге беретін тапсырмалар қайталанбайды ммм… өзімде предвкушение!
1.3K viewsElvira, edited  15:02
Ашу / Түсініктеме