Get Mystery Box with random crypto!

2018 жылы Гонконг, 2019 жылы Лондонда орналасқан Bloomberg тел | ERBOLAT MUHAMEDJAN

2018 жылы Гонконг, 2019 жылы Лондонда орналасқан Bloomberg телеарнасының офисінде стажировкадан өткенім бар. BBC телестудиясына да қонаққа барған едік. Кішкентай ғана пәтердің бөлмесіндей орынға әдемі әрі ыңғайлы телестудияларды орналастырған. Сол кезде іштей қызығып қайттым. Себебі, біздегі студиялардың көбісі үлкен аумақта орналасқандығы біртүрлі көрінетін. Және көп шығынды талап етеді.

Ал біздің JIBEK JOLY телеарнасы қысқа уақыттың ішінде дәл сол батыс телеарналарындағыдай стильде әдемі студияны жасады. Шынымды айтсам бірінші эфирдің өзінен еркіндікті сездім. Тіпті, студияда операторсыз тек робот камералардың болуы эфир уақытында басқаша әсер етеді екен.

Ал, достар біздің жаңа студиямызбен құттықтап қойсаңыздар болады). Бұдан былай біздің эфирге қатысу үшін Ақмешіт 3-те орналасқан офисімізге келесіз .

JJ TALK жобасын қарауды ұмытпаңыздар .