Get Mystery Box with random crypto!

Бүгінгі дебат туралы ойымды жазсам. Ашығын айтайын, өзім кәсіб | ERBOLAT MUHAMEDJAN

Бүгінгі дебат туралы ойымды жазсам. Ашығын айтайын, өзім кәсіби түрде пікірсайыспен айналысқан соң елдегі дебаттардың ешқайсысын жібермей көремін.

Осы жолғы пікірсайыс қызық өтті, формат өте сәтті таңдалған.

Бізде әлі де аудитория мұндай дебатқа қоғамның үйренбегені байқалады. Ұлыбритания, Түркия, Украинада сайлау дебаттарын айтпағанда, Парламент отырысында тартыстарды көрсеңіз, мұны бірден түсінер едіңіз. Бір-біріне мүлде күрделі сұрақ қоймай, әп-әдемі сценариймен өтетінге көз үйренген. Бүгін болса ашық, өткір болды.

Өзім белгілеп алған тұстарын атап өтсем.

Республика партиясы Ақжолда басшылықтың ауыспайтынын, қанша жылдан бері бір төраға екенін айтып сынады. Бұл түсінікті де. Екі партия да кәсіпкерлер үшін таласып жатыр. Ақжол кейінгі жылдары Алаш туралы жиі айтатынын білеміз. Сырымбек Тау мырза солай бола тұра АқЖол партиясында бірде бір қандастың жоқтығын атап өтті.

ЖСДП партиясы өзін оппозиция екенін дәлелдеу үшін басқа партиялардың бәрі оларға қызық еместігін айтып, бірден Аманатқа сұрақтарын бастады. Қанша жыл билікте болған партия ештеңе істемеді деп айыптады. Ал АқЖол партиясы ЖСДП өзін әрдайым сайлауға байкот жариялап, биыл сонда неге өзгерді деді. ЖСДП өкілі “2021 сайлау әділ өтпейтінін біліп қатыспадық” деп жауап қайтарды.

Байтақ партиясы Халық партиясына кетіңіздер, ескінің қалдығы деп консерві жабатын құрылғы сыйлағаны есте қалды. Сондай-ақ партия төрағасы Ертісбаев мырза қазақша сөйлей алмайтыны үшін келмеді ме деп тиісті.

Ал халық партиясы болса Аманатқа 3 млн кедей бар, осыған кінәлі билік партиясы деп айыптай сөйледі.

Республика партиясы “ертең Адал сияқты Аманатқа қосылып кетпейсіздер ме?” деген сұраққа мүлдем жауап бермеді.

Жанкүйерлердің айғайы артық болған сияқты, оларға ақырын десе де керісінше кедергі жасағандай көрінді. Партия өкілдері жақсы дайындалған. Әрине кемшіліктер бар, десе де осындай дебат арқылы біз елдегі саяси қызығушылықты арттырамыз. Сол үшін бүгінгі дебатты ұйымдастырған ұлттық арнаға респект деймін!