Get Mystery Box with random crypto!

Әлеуметтік желіде Шығыс Қазақстанда Аманат партиясының үгіт-на | ERBOLAT MUHAMEDJAN

Әлеуметтік желіде Шығыс Қазақстанда Аманат партиясының үгіт-насихат жиынында болған бір видеоны көріп қалдым. Жиынға қатысушы ашық түрде облыс әкімінің қызметтен кетуін талап етуде. Егер Аманат партиясы шынымен халықтың үніне құлақ асса әкім Даниал Ахметовті орнынан кетіру үшін барлық күшін салады деген сенімдемін. Және облыс әкімдігінің бүгінгі күнге дейінгі жұмысын арнайы комиссия құрып тексергені дұрыс деп есептеймін. Бұл дегеніміз сайлаушылардың сеніміне ие болу үшін жақсы мүмкіндік.

Айтпақшы, сол жиында бұрынғы ақын, бұрынғы журналист, бұрынғы депутат - қазіргі кандидаттардың отырғанын да байқадым. Кезінде #Hardtalk талқылауға келгенде митинг өткізуге дайынмын деген еді). Көреміз енді.

P.S. Айтпақшы, партия өкілін алдыңғы постымда айтқандай ашық талқылауда күтіп жүрмін. Келіп қоғамда қордаланған біраз сұрақтарға ашық түрде жауап беретін уақыт келген сияқты.