Get Mystery Box with random crypto!

Балаларға деген махаббатым ерекше. Олардың қылықтарына қарап, | ↝ dámelen

Балаларға деген махаббатым ерекше. Олардың қылықтарына қарап, өскенде қандай адам боларын ойлаған ұнайды. Жыласа, шыдай алмаймын. Оқушы кезімде бір туысым баласын қасыма қарарсың деп тастап кетіп, бала анасын іздегенде бірге қосылып жылағаным бар. Ағамның балаларынан бөлек, көше жақтағы балаларды баққаным бар. Оқушы кезім ғой. Телефон жоқ. Анаммен жарысып тұрып алып, қаймақ пен нанды жеп, атаммен бірге сиыр айдап, кейін көрші үйлердегі балаларды ойнататынмын. Өткенде сол балалардың біреуін көрдім. Бойы менімен бірдей. Сызылып, қызарып тұр. Қызық.

Біреудің кекетіп-мұқатқаны естеріңде бар ма? Менің есімде. Әсіресе, туыстардың. Сол кейбірін көргенде түптегі естеліктерге жан бітеді. Соны басынан кешірмесін деп кішкентайларға келгенде сөзіме абаймын.