Get Mystery Box with random crypto!

Қатал редактор

Telegram арнасының логотипі bolatbekmk — Қатал редактор Қ
Telegram арнасының логотипі bolatbekmk — Қатал редактор
Арна мекенжайы: @bolatbekmk
Санаттар: Блогтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.12K
Арнадан сипаттама

Журналистика, медиасауат, редактура, медиасын: ақпарат жасау, жазу, дұрыс редакциялау тәжірибесі. Авторы — @StrictEditor

Ratings & Reviews

2.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 9

2021-06-25 11:11:12 "Хабар 24" бір ыбылжыған сюжет көрсетті.

"Шет елдерде жүрген қазақтардың саны 6 миллионнан асты. Көші-қон саласын зерттеп жүрген маман осылай дейді. Ал Қазақстанда тұратын қазақтардың үлесі 70%-ке жуықтап қалған. Бірақ Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса "бұл – жаңсақ дерек" деп отыр. Қазақтар бұдан да көп болуы мүмкін екенін айтады. Ұлт санын кемітіп көрсету кімге керек?" – дейді жүргізуші.

Осы сөйлемдерден де, "Қазақты қайтсек көбейтеміз?" деген титрден де сюжет шетелдегі қазақты бір, елдегі қазақты бір айтып, лағып тұрғанын түсінуге болады.

Тілші қазақша жаңалықты ұлты қазақ адам ғана тыңдайды/көреді/оқиды деп ойлайтын сияқты. "Солтүстік Қазақстан облысын қоныс еткендердің 30%-і ғана – біздің қандас. Қалғаны – басқа этнос өкілдері" дейді.

Жаңалықты көріп отырған ұлты татар, өзбек, ұйғыр көрермен, тіпті ұлтқа бөлінбейтін кез келген адам не ойласа да, бәрібір, журналист өзі қазақ екенін, әлгі 30% өзімен қандас екенін айтса болды. Қазіргі заман медиасына осындай нәрсе ұят болуы керек еді.

"Қазақты көбейтудің екі ғана жолы бар" дейді ол. "Әуелгісі – бала туу көрсеткішін жақсарту. Екіншісі – шетте жүрген қандастарды елге жаппай көшіру". Журналист біресе "қазақтың саны неге аз" дегенге жауап іздейді, біресе "елдегі қазақтар 70%-тен көп" деген Қазыбек Исаға сене қалып, "қазақты кемітіп көрсету кімге керек?" деп өзіне өзі сұрақ қояды. Толғанған күйі осы тақырыпқа төртінші эксперт болып сөйлей салуды ұйғарады да, сюжетін "Мемлекет отбасын құрғандарға қолдау көрсетсе, атамекенге аңсары ауып отырғандарды демеп жатса, қазақ қалай көбеймесін?!" деп аяқтайды.

Біреудің сөзіне бола "ұлт санын кемітіп көрсету кімге керек?" деп сюжет жасау – мемлекеттік телеарнаның "жеткен жері". Қазақтың санын нақтылағың келсе, біреу оны "кемітіп көрсеткенін" дәлелдегің келсе, ашық деректі жина, талда, өңде.
351 viewsedited  08:11
Ашу / Түсініктеме
2021-06-19 08:54:47 Менімен бірге жұмыс істеу қасіретін бастан өткергендер бұл қалжыңдарды жақсы біледі)

1. "Нөміріңді жазып қой"

Журналист бірнәрсе жазғанда я ерінгеннен, я қиюын келтіре алмағаннан мәселенің мәнін дұрыс түсіндірмей кетсе, оқырман "неге олай?" деп сұрауы мүмкін болса, "мәтінге нөміріңді жазып кет, түсінбеген адам телефон соққанда ауызша айтып берерсің" деп қалжыңдауға болады.

2. "Редакцияға жұмысқа алайық"

Кейінгі кезде журналистер ақпарат берген адамның сөзін түгел теріп шығып, соны өз материалы қыла салады. Бірінші жақтағы баян. Әдебиеттану бұл тәсілді "сана тасқыны" немесе "тасыған ой" дейді. Мысалы, бір дәрігер "Бәлен жылы оқуды бітіріп, ауылға жұмысқа келдім, бес адамға операция жасадым" деп бастап, мақаланың соңына дейін "өзі сөйлеп" шығады. Әңгімесінің арасында анықтап алатын жайттар болады, бірақ журналист ол жерге "килікпеген". Мақалада аты-жөні көрсетілген журналистің автор ретінде ролі болмайды. Сондайда "өзі материал жазатын осындай дәрігер сияқты адамдарды редакцияға жұмысқа алайық" дегің келеді.

3. "Үйіңде гугл жоқ па?"

Журналист материалын редакторға тапсырғаннан кейін термин, варваризм, кісінің аты-жөні дегендер дұрыс жазылмағанын көресің (кейде бір мәтінде бір сөз әртүрлі жазылады). Бір сөздің орнына мағынасы мүлдем басқа бірдеңе жазып қоюы мүмкін. Журналистикаға келгенімде редакцияда интернет түгілі компьютер де, А4 парақ та, қалам да жоқ еді. Мәтінді дәптердің бетіне жазып, эфирде де содан оқып беретін едік. Қазір "Құдайға шүкір" ғой. Фактчекинг гуглдаудан, яндекстеуден басталмайтын ба еді?! Мынау – сол кезде айтылатын қалжың.

4. "Көкжиектен көрінген қара нүкте"

Ой, Құдайым-ай, кей материал не айтқысы келіп тұрғанын бірден ұқпайсың. Әуелгі сөйлемдер тып-тыныш, мимырт не ит жылғы бірдеңені бықсытып жатады. Бір кезде алы-ы-ы-ы-ы-ыстан бір бәленің қарасы көрінеді. Әлгі қара ұлғая бастайды, ұлғая бастайды, ақыры түсінесің – журналист қоқыс сұрыптауды не картоп бағасын айтайын деп тұр екен ғой. Соны анау көкжиектен бері орағытпай-ақ, керісінше, осы жерден көкжиекке қарай кетсе қайтеді екен?!

5. "Cүйреп кетіпті"

Материалына бір проблеманы тақырып қылып алады, керек мәліметін жақсылап жинайды, жазып кеп те қалады, бірақ ананы-мынаны айтқан спикерлердің сөзіне ерем деп, мақсатынан жаңылады, лағады. Мұндай кез, әсіресе сұхбатқа дұрыс дайындалмағанда, материал мақсатын айқындап алмағанда болады. Спикерлер немесе олар берген ақпарат авторды қаламаған жағына сүйреп кетеді.

6. "Лақ-лақ еткіз"

Кей материалдың, әсіресе сауалнаманың, пікірдің формасы респонденттердің сөзінен ғана тұрады. Басқа сөзді қоспай беретін материалдар болады. Сол форманы қарапайым тілмен "лақ-лақ еткізу" деуден басқаға миым жетпепті. Әлгі адамдардың аузынан пікірі лақ-лақ төгіліп жататын сияқты.

7. "Көміп тастау керек" немесе "Пакетке салып, иесіне қайтарып бер"

Редакцияның жазу тәртібіне қайшы қолданыс, дұрыс емес тіркес, қате сөз болады. Журналист қолданбаса да, спикердің сөзін лақ-лақ еткізіп отырғанда ондай нәрсе материалға вирустай еніп кетуі мүмкін. Оны байқап, мәтіннен қиып алып, "қауіпсіз жерге көміп тастау керек" немесе "пакетке салып, иесіне апарып беру керек". Неге көму? Неге пакет? Білмеймін.

8. "Бір жақтан тегін әкелген"

Мә-ә-ә, кейде журналист сөйлемге "Олардың достарының балаларға таңданыстарын білдірулері" деген сияқты көптік қосымшаны уыстап-уыстап салып жіберетіні бар. Жалғауды "бір жақтан тегін әкелген шығар".
345 views05:54
Ашу / Түсініктеме
2021-06-15 14:06:06 Ақтөбе облысының ресми газеті мен ондағы жаңалық материалдары туралы сын-талдау жазғанмын. Мынау – біріншісі, мынау – екіншісі. Талдауға қажет газет нөмірлерін берген журналист Айгүл Нұркееваға рақмет айтамын.
301 views11:06
Ашу / Түсініктеме
2021-06-01 17:39:19 баталарын берді, сөздерін берді, дауыстарын берді, анттарын берді, сұхбатын берді, серттерін берді, уәделерін берді

“беру” етістігімен тұрақты тіркесіп келетін толықтауыш есім сөздер қай жақта, қай түрде болса да көптелмейді, тәуелденбейді, септелмейді.

бата берді, сөз берді, дауыс берді, ант берді, сұхбат берді, серт берді, уәде берді.
179 views14:39
Ашу / Түсініктеме
2021-06-01 17:39:18 Құрметті әріптестер, материал жазғанда, желіге пост жазғанда осыны ескерсеңіздер екен. Түйдектетіп келіп, инерциямен жариялай салмай, жазғаныңызда көптік қосымша көпіріп кеткен жоқ па, соны тексеріп алғаныңыз дұрыс.
270 views14:39
Ашу / Түсініктеме
2021-05-14 20:35:46 "ҚазАқпарат" "Рухани жаңғыру" аясында істелген жұмыстың бірі Қарақат Башанованың Junior Eurovision-да 2-орын алуы" дейді. Сілтеме.
212 views17:35
Ашу / Түсініктеме
2021-04-29 09:57:29 Кезекті талдау
487 views06:57
Ашу / Түсініктеме
2021-04-26 13:52:27 Дудь арт-активист Федор Павлов-Андреевичпен сұхбаттасты, Парфенов 2019 жылғы НМДНИ-ді шығарды, Пивоваров бұрынғы "НТВ" туралы түсірді. Көрейік, тыңдайық, талдайық.
718 viewsedited  10:52
Ашу / Түсініктеме
2021-04-13 20:29:41 Алматы облысының Көксай ауылындағы тұрғын үйлерге жапсарлас зират туралы сюжетті "КТК-дан" да, "Азаттықтан" да көрдім. "КТК-ның" орыс редакциясы жасаған нұсқа ұнады. Мұнда автор проблеманы бір адамның жағдайымен баяндап бастайды, одан кейін синхрон мен кадр сыртындағы сөзге қолданылатын ақпарат әбден ойластырылған. "Сюжет неге дәл бұлай құрастырылған?" дегенге жауап болатын қазықтай логикасы бар. Видеосюжеттің құрылымы дұрыс болмаса, ақпаратты шашып жіберіп, ортасына төрт адамның сөзін тыға салғандай әсер береді.
1.2K views17:29
Ашу / Түсініктеме
2021-04-07 13:44:45 Internews-тің медиасыншылар курсы аясындағы екінші талдауым "Егіз лебіз" тележобасындағы ауыр эмоция фрагменттері туралы болды. Түйін: позитив көңіл-күй шоуының бес эфирі < жылаған адамдардың жеті монологы = дисбаланс.
1.3K viewsedited  10:44
Ашу / Түсініктеме