Get Mystery Box with random crypto!

Қатал редактор

Telegram арнасының логотипі bolatbekmk — Қатал редактор Қ
Telegram арнасының логотипі bolatbekmk — Қатал редактор
Арна мекенжайы: @bolatbekmk
Санаттар: Блогтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.12K
Арнадан сипаттама

Журналистика, медиасауат, редактура, медиасын: ақпарат жасау, жазу, дұрыс редакциялау тәжірибесі. Авторы — @StrictEditor

Ratings & Reviews

2.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 11

2021-03-03 11:16:31 министр оқушылар мемлекеттік тілде білім алу керектігін айтты

министр оқушылар мемлекеттік тілде білім алуЫ керек ЕКЕНІН айтты
656 views08:16
Ашу / Түсініктеме
2021-03-03 11:16:31 "керектігін" дегенді қойыңыздар. (Керектік, керекеместік )
842 views08:16
Ашу / Түсініктеме
2021-02-25 16:43:21
"Әлемде салық түрлеріне байланысты да қызықтар бар. Мәселен, Византия елінде ауаға да салық төлейді".

Бағдарламаны жасағандарға қазір ондай ел бар ма, жоқ па, екі дүние — бір. Интернеттен, Massaget сияқты сайттардан мынадай материал тапса, болды.

Бірнеше жыл бұрынғы хабар, бірақ эфирге арагідік қайта шығарып тұрады.
990 viewsedited  13:43
Ашу / Түсініктеме
2021-02-12 18:08:37 Minber.kz Instagram-да тікелей эфир өткізген еді, кездейсоқ қосылып, тыңдадым. Нәзира Дәрімбет, Риза Исаева, Есей Жеңісұлы мен Аяна Ғабдуллина жас журналистердің сұрағына жауап берді. Жақсы кездесуді Аяна Ғабдуллинаның әңгімесі бұзды.

Журналист Төлепберген Мәліков ойы шашырап барып болса да, авторитар режимге қатысты жуырда The Economist жариялаған рейтингті айта отырып, "бір кездері болған сөз бостандығы мен нағыз журналистика қайда кетті?" дегенге саятын сұрақ қойды. Соған Аяна Ғабдуллина "цифрларға сенбеңдер, айта береді, бізде сөз бостандығы бар, біздің қоғам ондайға дайын емес, қай шындықты айта алмай жүрсіңдер?" деп жауап берді. "Мен не деймін, домбырам не дейді" дегендей болды. Оның мүлдем қате пікіріне ескерту жасаған Нәзираға рақмет. Аянаның журналистерге берген кеңесіне қарағанда бұл кісі жалпы осы саланың мақсатын, тәуелсіз медиа дегенді ұқпайтын сияқты көрінді. "Журналистерге сабақ беремін" дегенінен тағы шошыдым. Қазақстан азаматтарының бір тобын ұлтына қарай "орекең" деп атауды түк те әбестік көрген жоқ.

Танымал радиожурналист орта ауыстырып, медиасауат, медиасын, фактчекинг бойынша білім алса екен. Minber.kz орталығы спикер таңдауда сәл қателесті. Әйтеуір қалған үш маманның арқасында аудитория дұрыс нәрсе тыңдай алды.
1.1K viewsedited  15:08
Ашу / Түсініктеме
2021-01-29 09:18:13 "Алматы" арнасындағы "Тіл қорғаны" бағдарламасының бір санын көріп шықтым. Не дейді?

... мұны біз, тіл қорғандары анықтайтын боламыз.
...бірнеше кәсіптік нысандарды....
...қазақ тілінде қызмет көрсетудің сапасын тексеретін боламыз...
...ұлттық тіл...
...тәуелсіздігімізді алғалы...
...мемлекеттік тіліміз қазақ тілі болып болаттай бекітілгелі...
...жауапкершіліктен бұлтара бастады...
...орыс және ағылшын тілінде жазылған жарнамаларды көруге болады. бірақ тек қана қазақ тілінде емес...
...келушілерге хабарландыруды орыс тілінде ғана іліп қойған...
...қателіктердің алдын алу...
...сауда нысаны еңсемізді тіпті түсіріп жіберді...
...кәсіпкердің мемлекеттік тілді пысқырмағаны ма...
...бұл дүкенде көрсетілетін қызметтің тіл туралы заңнамадағы талаптарға сай екенін байқауға болады...
қазырғы
осы жерге келгенде шаршап кеттім
976 views06:18
Ашу / Түсініктеме
2021-01-23 23:44:30 Қазақстан телеарналарының ЛГБТ туралы хабарының универсал сценарийі мынадай:

— Бағдарлама басында ЛГБТ өкілдері жезөкшелікпен ақша тауып жүргендей етіп көрсететін сюжет беру;

— ЛГБТ-ны «күресуді қажет ететін өзекті мәселе» деп сипаттау;

— Бір гейді не лесбикені шақыру;

— Оның «мұндай теріс жолға» қалай «түсіп кеткенін» сұрайсың;

— «Сен сияқтылар айналаңда көп пе?» деп қызығасың;

— Ақшаны қалай тауып жүргенін де сұрауды ұмытып кетпе;

— Ең бастысы — ЛГБТ тақырыбынан еш хабары жоқ адамдарды қонаққа шақыру;

— «Ориентация жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған соң өзгереді» деп педофилиямен шатыстырып, хабарды каша қылу;

— «Бұларды құдай аясын» деп мүсіркеу;

— Заманауи зерттеулерден еш хабары жоқ психологті шақырып, «мұның қазаққа жат, Батысқа еліктеушілік» екенін айтқызу, ЛГБТ-ны «ауытқушылық» дегенін бас шұлғып тыңдап отыру;

— Әлгі психологіңіз «әйелдің жүкті кезде темекі шегуі кейін баланың ЛГБТ болуына әкеп соқтыруы мүмкін» деуі де керек;

— Тақиялы бір кісіні шақырып, шариғаттың «бұл нәрсеге» қатысты үкімін сұрау;

— Діни қызметкер міндетті түрде «азғын қоғам, аңғал ата-ана» туралы асанқайғыланып отырып, уағыз айтуы керек;

— Қыдырәлі Болмановты шақыру. Ахахха.

— «ЛГБТ-ны насихаттасаң жұрттың бәрі гей-лесби боп кетеді» деген месседжге емеурін жасап, Болмановтың аузына сөз сап беру;

— Болманов «Еуропа елдері болашақта мұсылман елдеріне айналады. Соған келе жатыр. Солай болады, Алла қаласа» деуі керек;

— «ЛГБТ-ны насихаттау үшін елімізге арандатушылар арнайы келіп, солар жұмыс істеп жатыр» деген сөзді ұмытпасын. Тағы да Болманов. Ахаха.

— Заң мен шариғатты шатастыратын заңгерді сөйлету;

— ЛГБТ-ны «демографияға қауіп» ретінде қарастыру;

— «ЛГБТ-лар баласыз не істейді, ойбай?!» деп уайымдау;

— Болмановтан «мұндай адамдарға» бала асырап алуға рұқсат беру-бермеу мәселесін сұрау;

— «Балам мұндай боп кетпес үшін не істеуім керек?» деп дабыл қаққан ананың сұрағын психологке қойып, дұрыс тәрбие туралы пікірік тыңдау;

— Журналистер соңында «мұндай нәрседен аулақ болуымыз үшін осындай тақырып көтердік» деп ақталып, «шетелден келіп жатқан үрдістерден сақтанайық» деп жұртты «тура жолға» шақыруы тиіс.

Вуаля! Бағдарлама дайын.

«Хабар» телеарнасының мына масқарасын сендер де көріп шығыңдар. Мен әлі күлкіден жарылып отырмын. Ахаха.
1.2K views20:44
Ашу / Түсініктеме