Get Mystery Box with random crypto!

Қатал редактор

Telegram арнасының логотипі bolatbekmk — Қатал редактор Қ
Telegram арнасының логотипі bolatbekmk — Қатал редактор
Арна мекенжайы: @bolatbekmk
Санаттар: Блогтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.12K
Арнадан сипаттама

Журналистика, медиасауат, редактура, медиасын: ақпарат жасау, жазу, дұрыс редакциялау тәжірибесі. Авторы — @StrictEditor

Ratings & Reviews

2.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 3

2021-10-24 12:38:30 Медиа саласының қызметін әдетте сот және атқарушы билік құрылымдары реттеп жатады. Олардың ниеті көп жағдайда игі болса да, кейде медианың бейтарап әрі жұмыс істеуіне кедергі келтіреді.

Медианы үкімет, прокуратура емес, ең алдымен медианың өзі реттегені жөн. Яғни кәсіби медиа қызметкерлері, белсенділер, зерттеушілердің қатысуымен реттелуі керек. Бұл көптеген мемлекетте бар тәжірибе.

Бүгінде еліміздің медиасынан этикаға қайшы және құқық бұзушы хабарларды жиі байқап жүрміз. Комитет ретінде, бұл проблемаларды ашық талқылау, кеңес бер және ұсыныс жасау әдістері арқылы шешкіміз келеді.

Қазақстан медиасынан этикаға сай келмейтін материал байқасаңыз, даулы тақырыптардың талқыланғанын қаласаңыз, бізге өтініш жолдауға болады: https://mediaprinciples.kz/self-regulation-committee/submit-application_kz
181 views09:38
Ашу / Түсініктеме
2021-10-15 08:35:53 "-уда -уде" туралы

Нақ осы шақта тұйық етістік + жатыс септік + жіктік жалғауы формасын қолданудың үлкен қаупі бар. Жалпы бұл форманы бір кезде бір кісілер "жатыр" қалып етістігінен қашып ойлап тапқан сияқты. Соның кесірінен "Ұлым қайда?" - "Құптан намазын ОҚУДА" ("Әл-Фараби" сериалы) деген сияқты абсурд шыққан .

Біріншіден, мұндай формаға салуға келетін етістік бар, келмейтіні бар. Ол етістік білдіретін әрекетке байланысты. Мысалы, "ас ішудеміз" деп айтуға болғанымен (болады, бірақ керегі жоқ), "бір жаққа барудамыз/келудеміз" дей алмайсың. "Жүріп бара жатырмын" дегеннің орнына "жүрудемін" деу - түбегейлі қате. "жұмыс істеп жатырмын" демейді, "жұмыс жасаудамын" дейді ("істеу" сөзі де кей өңірлердің қалауымен "банға" кеткен)))))

Қаупі неде? Шаблондықта. Көп адам етістік болса болды, оның әрекет мағынасына мән бермей, бір шаблонға сала береді. Сондай құбылысты болдырмау үшін бұл формадан бас тарту керек.

Екінші қаупі - болымсыз түрін қолдануда. "Таба алмай жатырмыз" дегеннің орнына "таба алмаудамыз" деген қолданысты көргем, демек бұл жағдайда да шаблондыққа ұрыну бар. "істеп жатқан жоқ" дегеннің орнына "істемеуде" дегеннің қате екенін екінің біріне түсіндіріп отыра алмайсың.

Тұйық етістікке жатыс септік жалғауы қай кезде жалғанады? Тұйық етістік зат есім мәнін алғанда. Әрекет мағынасындағы тұйық етістікке жатыс септік жалғауын қосу қолданыста бар болғанымен, оның шақ және әрекет мағынасын саралай алмау салдарынан орынсыз әрі қате қолдану қаупін ескеріп, барынша бас тартқан дұрыс.
166 views05:35
Ашу / Түсініктеме
2021-10-15 08:35:53 Көп айтылған, бірақ Назгүлдей түсіндіріп бере алмаған нәрсе
244 views05:35
Ашу / Түсініктеме
2021-10-12 14:13:47 Мына қызыққа қараңыздар. Ақжарқын Қыдырханова, Қарлыға Сағындық, Дана Маратова, Мейірім Бақытжанова, Айбар Рысдәулет, Назерке Абибулла, Назым Сапарова, Еңлік Сақтан, Таңшолпан Төлеген, Жадыра Аққайыр сияқты сайдың тасындай, алтын асықтай, сен тұр, мен атайын дейтін журналистер бір редакцияда жұмыс істейді екен. Олар адамға бес күйеу, ой, бес Q керек деп есептейді: интеллект, эмоция, тән, жан мен технология жағынан даму. Қазақша-орысша аралас жаңа медиажоба материалдары мына жерде.
https://t.me/MEDIA_5QKZ
229 viewsedited  11:13
Ашу / Түсініктеме
2021-10-09 18:35:53
Тақырыпта қимыл иесі аталмаса, атау тұлғалы сөз бастауыш сияқты болып кететінін Назгүл жазған еді. Мына жолы қимыл иесі анықтауышқа ұқсап кетіп, бәрін бүлдірген. Сөйлем жалпы дұрыс емес. Осы жерде жол апатынан қаза тапқан адам туралы жоғарыдағы бір сауалнаманы қайтадан көруге болады.
86 views15:35
Ашу / Түсініктеме
2021-10-08 17:15:56 Кітапқа корректор болғанда грамматикаға қатыстының бәрін тексеретінімді білдім, бірақ көбіне тек тасымалды түзееееееп отыратынымды әсте-әсте-әсте ойламаппын. Тасымал ешқайда кетпеген екен).
228 views14:15
Ашу / Түсініктеме
2021-10-08 12:28:21 "Новая газета", Нобель сыйлығы! Керемет, керемет, керемет.
177 views09:28
Ашу / Түсініктеме
2021-10-07 17:43:13 Ешкім:

Абсолют ешкім бе, білмеймін, әйтеуір Назгүл екеуіміз:
әдетте барыс септігімен жүретін қарау етістігі ("шаңыраққа қара") "ананы қара", "мынаны қара" деген кезде неге табыс септігімен кетіп қалған?

Жауабын сіздерден күтеміз, ардақты оқырман.
812 views14:43
Ашу / Түсініктеме
2021-10-06 16:04:28 "Автобус жүргізушілері тарапынан 663 бұзушылық анықталды" (с). Бұлай жазбаңыз. "Бәленнің тарапынан тамақ желінді" демейсіз, "Бәлен тамақ жеді" дейсіз ғой. Осы "тарапынанның" кесірінен автобус жүргізушілері заң бұзған емес, заңсыздықты анықтаған сияқты болып тұр. Сонымен олар заң бұзды ма, заңсыздықты анықтады ма? Тақырып/сөйлем түсінікті жазылуы керек. "Бұзушылық" дегенді мүлдем құрту керек, орысшасына балама табу үшін қимылдан өтірік зат есім жасалған. Енді жасалса, жасалсын, бірақ сан есім жалғана алмай қиналып тұр. Қазақ тілінде іс-әрекет "рет", "қайтара", "мәрте" деген сөздермен саналады ғой.
306 views13:04
Ашу / Түсініктеме