Get Mystery Box with random crypto!

Қатал редактор

Telegram арнасының логотипі bolatbekmk — Қатал редактор Қ
Telegram арнасының логотипі bolatbekmk — Қатал редактор
Арна мекенжайы: @bolatbekmk
Санаттар: Блогтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.12K
Арнадан сипаттама

Журналистика, медиасауат, редактура, медиасын: ақпарат жасау, жазу, дұрыс редакциялау тәжірибесі. Авторы — @StrictEditor

Ratings & Reviews

2.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 2

2021-11-29 10:12:06
Қазақстан телеарналарындағы стандарт таңғы бағдарламалар көрерменге шынымен керек пе?
Anonymous Poll
22%
Иә, көрермен таңертең көңіл-күйін көтеру үшін теледидар қосады
17%
Әйтеуір таңертең ойын-сауық бағдарлама болғаны дұрыс
20%
Керегі жоқ, көңіл-күйді көтеріп, ұйқы ашу үшін таңғы телешоу көрмеймін
52%
Жасанды да жаттанды телешоулар — есіл еңбек, қаржыны текке кетіру, бос сөз
69 voters178 views07:12
Ашу / Түсініктеме
2021-11-29 09:29:57 "Жетінші арна" Қазақстандағы азаматтық қозғалыспен аттас қылып таңғы бағдарламаны эфирге шығарған еді. Үш аптасына шолу жасадық: тартымды айдарлар мен материалдар бар, бірақ бәрі, тұтас алғанда, таңғы шоулардың шаблон форматы шеңберінде.
225 views06:29
Ашу / Түсініктеме
2021-11-29 08:06:01 Shyndyq подкасы: Оразай Қыдырбаев ақпарат этикасы мен өшпенділік тілі, Аян Қалмұрат журналист зерттеуі туралы айтады
259 views05:06
Ашу / Түсініктеме
2021-11-22 14:05:06 Тәжікстандағы "Оила" интернет-басылымының басшысы "Жаңа репортер" жазған сынға жауап беріпті. Енді көріп жатырмын. Бұған дейін сыншы Манижа Құрбанова "Оила" журналистері туған қызын зорлаған адам туралы видеосюжетте этиканы бұзғанын жазған еді. Сюжет авторлары зорлықшының фотосын көрсетіп, лағынет айтқан.

Сыналған медиа басшысының жауабы: "Дорогая Манижа, таких извергов, негодяев не только показать и проклинать, но и казнить нужно на глазах всего общества, а не миндальничать с ними!"

Жәбірленушіге қамқор боламын деп, өшпенділікті үйіп-төгетін журналистер бізде де бар. "Жаңа репортер" жазатын сын — объект медиасауат пен журналистика принциптеріне сай келе ме, жоқ па, сол туралы. Медиа қызметкерлері соны түсінбей, "тапсырыспен жазылған", "педофилді "азғын" дегенде тұрған не бар", "әйелдің міндеті бала сүю екені рас қой", т.б. деп жатады.

Мына жақта бір журналист Алматыда суицид жасаған адамның аты-жөнін жариялап отыр ал.
215 views11:05
Ашу / Түсініктеме
2021-11-22 07:41:49
Журналистің зорлықшыны не педофилді "азғын", "айуан" деуі дұрыс па?
Anonymous Poll
77%
Дұрыс емес, журналист ешкімді айыптай алмайды
10%
Дұрыс, ондай адамдарға жаман атау жарасады
14%
Дұрыс емес, зұлымдыққа зұлымдық қосқанмен тең
106 voters202 views04:41
Ашу / Түсініктеме
2021-11-20 11:28:11
Бастауышын жоқтаған баяндауыштар
142 views08:28
Ашу / Түсініктеме
2021-11-17 12:38:39 "... колонияда қайтыс болуының алдын алу үшін" (с) Медиазона. Дұрысы: "колонияда өліп қалмасын деп" (қайтыс болмасын деп).
233 views09:38
Ашу / Түсініктеме
2021-11-04 10:48:09 Журналист, подкастер Дастан Аққожа әріптесі Заңғармен бірге жүргізетін Tuime-ні "медиаға қатысты емес" деп еді, бірақ медиадағы этика, психология, коммуникация мәселелеріне тікелей қатысы бар екен. Сүйсініп тыңдап, кейбір іс-әрекетіме ұялып, бетімнің оты шықты).
209 views07:48
Ашу / Түсініктеме
2021-11-03 10:24:33
Біздің полиция өзі "келімсек" деген өшпенділік тілін қолданып отырса да, өзгелердің үстінен араздық туғызу, қорлау, тіл тигізу туралы іс қозғайды-ау)
189 views07:24
Ашу / Түсініктеме
2021-11-02 20:53:29 Телеарна материалдарындағы этика туралы сынымда секс-қызмет өкілдеріне қатысты стигмалаушы тіл мен стереотипке мысал келтірген едім. 90-жылдардағы медиа үшін "жезөкше" дегенді қолдану норма болған шығар, қазір дұрысы — "секс-қызмет көрсететін адамдар" немесе "секс-жұмысшылар".
Журналист мұндай қызметті жиіркеніш, жеккөрініш туғызатын тіркестермен сипаттауыма болады деп есептесе, қателеседі (оның жалпы ешкімді айыптауға құқығы жоқ). Медиада дискриминациялайтын сөзді қолданғаныңыз осындай кәсіп өкілдерінің арызын қабылдамай қоятын полицейлердің теріс әрекетінен кем емес. Журналист секс-қызметпен айналысатын адамдар туралы жазғанда олардың өзін сөйлету міндетті емес деп есептесе де — қателескені. Осы туралы мына жерде егжей-тегжейлі жазылыпты.
306 viewsedited  17:53
Ашу / Түсініктеме