Get Mystery Box with random crypto!

Қатал редактор

Telegram арнасының логотипі bolatbekmk — Қатал редактор Қ
Telegram арнасының логотипі bolatbekmk — Қатал редактор
Арна мекенжайы: @bolatbekmk
Санаттар: Блогтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.12K
Арнадан сипаттама

Журналистика, медиасауат, редактура, медиасын: ақпарат жасау, жазу, дұрыс редакциялау тәжірибесі. Авторы — @StrictEditor

Ratings & Reviews

2.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 7

2021-08-21 09:37:20 Бұл каналды қолдау – парыз)
277 views06:37
Ашу / Түсініктеме
2021-08-17 19:51:25
Кейде Шинейд О'Коннор депрессиясынан осындай комменттер құтқарады). Рақмет. Барлық материал мына жерде.
286 views16:51
Ашу / Түсініктеме
2021-08-17 15:08:45 "Не нәрсеге дайын болу керек?" Аян Қалмұраттың Досым Сәтбаевпен сұхбаты — актуал тақырып.
329 views12:08
Ашу / Түсініктеме
2021-08-14 16:40:23 Тақырыптағы тырнақша мен қос нүктеге қатысты "бзигім" мынадай:

Материал тақырыбында біреудің фразасы болса, оны редакцияның жазу стандартына сай я тырнақшаға алу керек, я алмау керек. Тырнақшаға алсаңыз, үнемі алыңыз, алмасаңыз, үнемі алмаңыз. Тақырыпта төл сөз бен оның авторы болса, цитатаның алғашқы сөзі бас әріппен жазылуы керек:

Бәленше Түеншеев: Бла-бла-бла... (Бәленше Түгеншеев: бла-бла-бла емес).

Қос нүктені цитата/фраза иесін немесе ақпарат көзін көрсеткеннен басқа мына екі жағдайда қолданған қисынды:

a) бұған дейін хабарланған оқиғаның ары қарайғы өрбуі: Зейнетақы жинағын алу: заңгер бла-бла-бла айтты;

ә) жалпы жиі айтылатын тақырыптарға қатысты тағы бір ақпарат болғанда: Дұрыс тамақтану: бла-бла-бла.

Мұндай кезде қос нүктеден кейінгі сөз (жалқы есім болмаса) кіші әріппен жазылады.
197 views13:40
Ашу / Түсініктеме
2021-08-10 15:03:30 "КТК" көрсеткен сюжетте "жол апатында қыз баланың жыныс мүшесі жұлынып кеткені" айтылады, телеарна зардап шегушінің жарақаты туралы хабарлай отырып, оның бет-әлпетін бүркемелемеген.

Тілші "10 жасар қыздың жарақаты туралы айтуға ауыз бармайды" деп алып, ерекше мәнерімен егжей-тегжейлі баяндайды. Әуелі "КамАЗ" баланың оң аяғын жұлып әкеткенін, дәрігерлер дене мүшесін сол мезетте тігіп бергенін, оқушы бір айда аяғын басып жүрмейтін болса, одан да айырылғалы тұрғанын" айтады. "Бұл қасіреттің бер жағы ғана" екенін ескертеді. Бұдан соң қыз баланың қасында отырған анасын сөйлетеді, ол оқушының жыныс мүшесіне операция жасалғанын айтады. Тележаңалықтардан бізді шошытқан осы және басқа да жайттарды кезекті сын материалымызда жаздық.
240 views12:03
Ашу / Түсініктеме
2021-08-03 22:13:32 "Сұхбат қандай болуы керек?" дегенге жаңа нақты жауап табылды, ар соты сияқты формат екен. Сұрақтар спикермен арада өрбуі мүмкін әңгіменің бірнеше нұсқасы бойынша дайындалғанға ұқсайды. Әр тақырыпқа қатысты қойылған сұрақтардың өзін әңгіменің ұшығын шығаратын, ойды айтқызатын, сөзден ұстайтын, пікірдің қисынын талдайтын, рас-өтірігін әшкерелейтін, тағысын-тағы деп жіктеуге болады. Жауапты нақтылау үшін сұрақты қайталамайды, айтылған тұжырымға қарсы келетін не оны жоққа шығаратын дәл аналогияны көлденең тартады. "Бір сөзіңіз бір сөзіңізге қайшы", "біресе олай дейсіз, біресе былай дейсіз", "айтып отырғаныңыз өтірік", "келіспеймін", "дұрыс емес" дегеннің орнына "бұл мынадай болып көрінбей ме?" деп сұрақ қояды. Қанша абсурд жауап естісе де, жақтырмаған кейіп танытқан жоқ. Жылдам реплика жасағанда сөзі шашырамайды екен, сөз арасында артық дыбысты пауза да болмады.

Гордон кіммен сұхбаттасатынын білді, сыр алдырмауға тырысқан еді, болмады, бейшара күйге түсті, кешірім өтінді. Комментаторлар "Дудь пропагандашылармен пікір таластыру дағдысын жетілдірген екен" деп жатыр.

- Адам алдаған ең кейінгі кезіңіз қашан?
- Кеше.
- Кеше? Бүгін ше?
39 views19:13
Ашу / Түсініктеме
2021-07-19 12:58:43 Вакцинаға күмәні бар аудиторияның көңілінен шығу үшін материал тақырыбын әдейі бұрмалайтын редакциялар бар. Олар адамдардың жалған ақпаратқа сенуіне, коронавирустан сақтанбауына ықпал етіп отыр.
117 views09:58
Ашу / Түсініктеме
2021-07-18 16:19:45 Журналистикаға сын не үшін керек, сын материалдары қалай жазылады? Нәзира Дәрімбет осы сұрақтарға жауап берген.
94 views13:19
Ашу / Түсініктеме
2021-07-17 07:36:44
Мемлекеттің ақшасына сайт ашқан екен, жазу жаза алатын адам тапса қайтеді. "Індет ауырғаны" қалай, "расталып ауырған" деген не тағы?!
172 views04:36
Ашу / Түсініктеме