Get Mystery Box with random crypto!

Қатал редактор

Telegram арнасының логотипі bolatbekmk — Қатал редактор Қ
Telegram арнасының логотипі bolatbekmk — Қатал редактор
Арна мекенжайы: @bolatbekmk
Санаттар: Блогтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.12K
Арнадан сипаттама

Журналистика, медиасауат, редактура, медиасын: ақпарат жасау, жазу, дұрыс редакциялау тәжірибесі. Авторы — @StrictEditor

Ratings & Reviews

2.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 5

2021-09-20 09:57:14 "Азаттықтың" кезекті зерттеуі ұнады ма, айтып жіберіңіздер. Қайрат Шәріпбаев қандай сұрақтарға жауап бермегенін көріңіздер.
165 views06:57
Ашу / Түсініктеме
2021-09-19 12:12:31 Тәжірибемнің оны-мұнысы

1. Редактор өз медиасын, оның бағытын, нарықтағы орнын, сыртпен байланысын, аудиторияға қажет контентті өте жақсы біліп, принциптерін берік ұстануы керек;
2. Өзі басқаратын медиааумақтағы кез келген мәтін оның сүзгісінен өтуі керек;
3. Контент дүкенге әр жақтан келген макарон, ет, шұжық, сүт, жеміс-жидек, көкөніс сияқты ала-құла боп жатқанынан гөрі бір жерден, бір стильде, бір қаптамамен, бір технологиямен бір өнім түрінде шыққаны, басқаша айтқанда, фантазия, форма, көркемдік тәсіл шексіз, принцип пен талғам біреу әрі бірегей болғаны жақсы;
4. Жаңалық өндіруші көп, ал аудиторияға оқиға мен мәселені талдап беруші, түсіндіруші өте аз, соны ескеру керек;
5. Материал құлықсыз жасалмауы керек;
6. Оқырман немесе кәсіби орта материалдың сапасына сын айтса, оны редакция саясатын ескере отырып, қайта қарау керек;
7. Редактор — үнемі тақырып/идея өндіруші (адамның басына апта сайын ондаған идея келуі мүмкін). Редактор идеяны ғана емес, оны қалай материал қылу керек, қалай жазу керек дегенді де көре біледі;
8. Брейнсторминг, әсіресе болашақ контентке қатысты кез келген сандырақ міндетті әрі маңызды;
9. Тақырыпты орындау тапсырма емес, ләззат алатын әрекет болуы керек. Редакцияда тақырып аукционы, жәрмеңкесі жиі өтіп тұруы керек, журналист көп идеядан қалағанын түрлі әдіспен таңдап алады. Бұл — сондай позитив нәрсе, ойын, күлкі, кайф. "Медиаплан бер" деп қақылдағаннан жақсы;
10. Редакцияда медиаңыз шығарған материалдарға апта сайын шолу-сын жасау прогресс үшін керек;
11. Селена Гомес немесе жасыл сиыр. Идея керемет болғанымен іске асыра бастағанда немесе кейін мән-мақсатынан айырылатын не о бастан нашар идея екені байқалмай қалған дүние. Ондайды байқаған кезде он жерден керемет болса да, тақырыпты жазуға көп күш жұмсалса да, бас тартқан дұрыс. Селена Гомес туралы алдамшы идеямен қолға алынған сәтсіз материалдан соң сондай атау қойып алдым;
12. Редактор материал тексерген сайын редакцияның жазу стандартына қатысты ереже де шыға береді, оның бәрін жазып, талқылап, ақылдасып, қисын-писынын таразылап жинастыру керек. Ол — өмірдің өзі сыйға тартып отырған аса құнды практика;
13. Ереже демекші, редактор күзеп-түзеген кезде журналист сол түзелген нәрсе не себепті дұрыс емес екенін біліп отыруы керек, оған мейлінше негізді жауап берілуі керек. "Пәлен айтты, түген солай дейді", "Білмеймін, халықаралық стандарт солай" дегеннен гөрі логикасы бар аргумент дұрыс;
14. "Кеше не болса да, бүгін басқа". Принцип-мринциптің бәрін күнбе-күн быт-шыт қылып қайта қарауға болады;
15. Мәтінді неше рет оқығанда да миға түк кірмей жатса, үзіліс жасаған дұрыс: кофе, темекі, шай, өсек, телефон, жаттығу, бет жуу;
16. Бәрін айт та, бірін айт: баста Control+F болуы керек, бір мәтінде бір сөз не бір адамның аты-жөні үш түрлі жазылғанын байқаған дұрыс қо.
69 views09:12
Ашу / Түсініктеме
2021-09-17 19:09:07
«Дат» оппозициялық газетінің журналисі Бақытгүл Мәкімбай қайтыс болды.

Ғұмырын тәуелсіз ақпарат таратуға арнаған, түрлі жылдары оппозициялық газеттерде бас редактор болған қадірлі әріптес еді.

Иманды болсын. Жақындары мен әріптестеріне көңіл айтамын.
121 views16:09
Ашу / Түсініктеме
2021-09-17 19:09:07 Газеттің 2 қыркүйектегі санын оқып, осы кісі бас редактор екенін білген едім. Ісі өлмесін, жандана түссін.
167 views16:09
Ашу / Түсініктеме