Get Mystery Box with random crypto!

Қатал редактор

Telegram арнасының логотипі bolatbekmk — Қатал редактор Қ
Telegram арнасының логотипі bolatbekmk — Қатал редактор
Арна мекенжайы: @bolatbekmk
Санаттар: Блогтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.12K
Арнадан сипаттама

Журналистика, медиасауат, редактура, медиасын: ақпарат жасау, жазу, дұрыс редакциялау тәжірибесі. Авторы — @StrictEditor

Ratings & Reviews

2.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 10

2021-03-30 14:29:04 "Жаңа репортерға" материал жаздым
1.5K viewsedited  11:29
Ашу / Түсініктеме
2021-03-30 11:58:56 Channel photo updated
08:58
Ашу / Түсініктеме
2021-03-30 11:54:10 Іске асырғыңыз келетін медиажобаңыз болса, Internews грант береді. Медиажоба лонгрид, мақалалар топтамасы, бір немесе бірнеше арнайы репортаж, бейнеролик, анимация, карикатура, азаматтық белсенділікке қатысты эксперимент жоба және тағы басқа болуы мүмкін.

Бір жобаға 2 200 000 теңгеге дейін ала аласыз. Идея ерекше, мәлімделген бюджет нақты әрі негізделген болуы керек. Жеке авторларға 200 000 теңгеге дейін стипендия да беріледі. 6 сәуірге дейін өтініш беру керек.
1.1K views08:54
Ашу / Түсініктеме
2021-03-24 14:36:28 "Жаңа репортерға" материал жаздым
1.0K viewsedited  11:36
Ашу / Түсініктеме
2021-03-19 14:58:30 Артық ілік, артық тәуелдеу, артық етістік және тағы басқа

Әуелі өткенде бұл каналды өлтіріп жарнамалаған Назгүлге көп рақмет.

Орынсыз ілік

"Шара өткізу жайлы отырыстың болмағаны алаңдатады".

"Шара өткізуге қатысты отырыс болмағаны алаңдатады" деген сөйлем болуы керек.

"Курста Intermediate бітіру деңгейіңіздің Intermediate екенін білдірмейді". "Деңгейіңіз" дегенге ілік септігінің жалғауы қажет емес.

Назгүл "ілік, ілік" деп осыны айтып жүр.

Орынсыз іліктің мүлдем басқа формалары бар:

"Жауын-шашынның болжамы кезінде" ("При прогнозе осадков"). Дұрысы: "Жауын-шашын жауады деген болжам жасалса..."

"Марштың ұйымдастырушылары""маршты ұйымдастырушылар".
"Марштың қатысушылары""маршқа қатысушылар".

Орынсыз тәуелдеу

"Үкіметтен үйдегі зорлық-зомбылық туралы заңды қатаң қылуын, зорлаушыларды тиісті түрде жазалауын, әйелдердің жалақысын көтеруін, оларға тыйым салынған мамандықтар тізімін жоюын талап етейік".

Осындай сөйлемде көбі кімді?/нені? дегенге жауап беретін, тұйық етістіктен жасалған толықтауышты тәуелдейді. Тап бұл жерде тәуелдеу артық:

"Үкіметтен отбасындағы зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы заңды қатаң қылуДЫ, зорлаушыларды тиісті түрде жазалауДЫ, әйелдердің жалақысын көтеруДІ, оларға тыйым салынған мамандықтар тізімін жоюДЫ талап етейік".

Тәуелдеу үшін тәуелдеушісі айтылуы керек, бірақ мына жерде ана іс-әрекет пен үкімет арасында бір-біріне тәуелді болатындай қатынас жоқ, оның үстіне, негізгі етістік-баяндауышымыз "талап ету" болғандықтан шығыс септігі (кімнен?/неден? - үкіметтен) қажет болады да, толықтауыш тәуелденбеген формада тұра береді.

Етістікке етістік жапсыру

"Офлайн оқуға көшу қалай өтіп жатыр?" Бір тақырыпта заты әртүрлі төрт етістік. "Мектептер/т.б. офлайн оқуға қалай көшіп жатыр?" деп те ықшамдауға болатын шығар.

"Латын графикасына көшу қалай жүзеге асады?" Мұны да солай ықшамдауға болады.

"Дамудың қалыптасқан үрдісімен үйлесе отырып іске асырылуын қамтамасыз ететін..." Қоқыс.

"Қауіпсіздікті сақтау шараларын күшейтуді қолға алу жүктелді". ("Қауіпсіздікті күшейтуді тапсырды" дейік тіпті болмаса).

"Болуының нәтижесінде"

Бір подкастан "болуының нәтижесінде", "болмауының нәтижесінде", "осындай болуынан", "осындай болмауынан" деген тіркестерді ("в результате того, что..." деген мағынада) қайта-қайта құлағым шалды. "...болуының/болмауының нәтижесінде"/"болуынан/болмауынан" деген адам орысша я басқаша ойлайтын болуы керек, негізі оның қазақшасы бір істің себебі не екенін білдіретін қолданыстармен айтылады:

"Жақсы адам болуының нәтижесінде""Ол – жақсы адам, сондықтан..."

"Табысы жоқ болуының нәтижесінде""Табысы жоқ, сондықтан..."/ "Табысы болмай, ...", "Табысы болмады да, .."

"Туралы айту"

Бұған дейін де жазған едім. Барлық жағдайда "туралы айтыла бермейді", әсіресе, әңгіме іс-әрекетке қатысты болғанда.

"Біреу бірдеңе істегені туралы айтты""істегенін айтты".

(Мысалдар әріптестерімнің желідегі, БАҚ-тағы жазғандарынан алынды).
5.2K views11:58
Ашу / Түсініктеме
2021-03-14 13:27:48 31 арнадағы «Неге?» хабарының «Феминизм қазақ қоғамына қауіпті ме?» деген тақырыптағы шығарылымын көріп шықтым.

Хабар атының өзі қызық: «феминизм — яғни, әйелдерге қатысты әділдік пен адамгершілік — қазаққа қауіпті ме?» деген сауал бола ма?

Бұл сұрақ маған «Әкең анаңды адам санауы керек пе?», «Жездең әпкеңді сабамағаны дұрыс па?» дегендей естіледі. Бағдарлама тақырыбынан-ақ феминизмді қазаққа жат нәрсе етіп көрсету байқалады. Әйтпесе өзінің феминист екенін білмей жүрген аға-әпкем мен қыз баланың құқығына түкіргені бар үйіндегілерімен қырқысып жүрген қарындасым көп.

Бағдарламаны шыдамым жетіп әрең көрдім. Толассыз агрессия, минут сайын айтылған жалған ақпарат, айқын манипуляция, қарсы пікір айтқанды сыйламау — бәріне шыдап отыру ауыр тиді.

Тақырып феминизм туралы болғанымен, талқы ЛГБТ жаққа ойысып кетті. Жүргізуші айтыскер ақын Балғынбектен «ЛГБТ өкілдерінің құқығы қорғалуы керек пе?» деп сұрайды. Балғынбектен (!) ЛГБТ туралы (!) сұрайды.

Жүргізуші Ерқанат Көпжасарұлын «біржақты болдың» деп айыптап жатқандарды көп байқадым. Маған да әріптестің қай көзқарасты қолдайтыны анық байқалып тұрды.

Жүргізуші ЛГБТ белсендісі Гүлзада Сержан жетекшілік ететін «Феминита» ұйымының «шетелден қаржы алар-алмасын» қазбалай сұрағаны оғаш көрінді. Не айтқысы келгенін білмеймін, бірақ басқалардың мұны қалай түсініп жатқанынан жүргізуші месседжін ұққандаймын.

Мына сілтемеден өздерің көріңдерші.

Төзім тілеймін
1.0K views10:27
Ашу / Түсініктеме
2021-03-06 14:28:28 Әйелдер түрмесінде келіндер байқауы болған. "КТК" журналисі "Преступницы блистали красотой и хозяйственностью" деген сөйлемді қолданыпты. Өзі "женщины – хранительницы очага" деген синхроны бар жаңалық.
1.3K viewsedited  11:28
Ашу / Түсініктеме
2021-03-04 09:25:06 араға 4 жыл салып, "Жанболат Мамай" кілтсөзімен қайтадан іздеп көрдім.

Azattyq.org сайтында - 457 материал.
Tengrinews.kz сайтында - 6 материал.

"Бәлкім Tengrinews сайтының ішкі іздеу жүйесі дұрыс емес шығар"- деп, "Оразай" кілтсөзімен де іздеп көрдім. Былтыр феминистер маршына қатысушы ретінде пікір білдіріп, есімім осы порталға жарияланған болатын. Егер маған қатысты жаңалық шықпаса, проблема - іздеу жүйесінде болуы керек. Бірақ, вуаля, 3 материал табылды, оның ішінде мен қатысқан былтырғы феминистер маршы да бар. Демек, Жанболат Мамайдың сайттан шықпауы - техникалық емес, саяси ақау және ол 4 жыл ішінде еш жөнделмеген.
1.3K views06:25
Ашу / Түсініктеме
2021-03-04 09:25:06 Оразайдың каналы 2018-ден бері бар екен. Мен кейін қосылғанмын. Басынан бастап оқуды ұйғардым. Керемет канал)
1.2K views06:25
Ашу / Түсініктеме
2021-03-03 13:20:47 Журналистердің тілінде де кездесіп қалатын біртүрлі тіркестер:

"Өз қазағың"

"Қазақстанның қазағы", "басқа мемлекеттің қазағы" деген мағынада қолданылса, ойланып көруге болады, бірақ мен көрген контексте ол — қазақтың Қазақстан азаматтарының ішіндегі ұлты қазағы туралы айтқаны, азаматтардың бірқатарын "өз", "өзімнің" немесе "қазағым" деп жақын тарта отырып, ұлты басқаға ондайды қолданбау, сөйтіп бөтенсіну. Бұған еті үйреніп кеткендер бар, мән бере бермейді, автор да өзін тек қазақ немесе тек өзі сияқты ксенофоб оқитынына сенімді. Қай елде де адамды ұлтына қарай ерекшелеудің аты — дискриминация. Адамдарды сол принцип бойынша "Бесбаевты сүйіп тыңдамайтын қазақ жоқ", "Мағауинді сүйіп оқымайтын қазақ жоқ" деп стандарттауға да (әлде типтендіру ме) болмайды.


"Асыл дінімізде"

Бұлай деген кезде автор аудитория түгел исламды ұстанатынына кәміл сеніп, өзінің діни сенімін өзгелерге таңып отыр. Азаматтардың діни сенім бостандығы ескерілмей тұр. Онсыз да теледидарда дін мәселелеріне арналған мемлекеттік тапсырыс аясында тек "Иман айнасы" деген сияқты (ислам туралы) жобаға эфир беріледі. Осы себептен де қазақ тележурналистері арасында "Шіркеуді орыс редакциясы түсірсін" немесе "Шіркеуді мүлдем түсірмеу керек" деген орынсыз нәрсе айтылады. Басқа діндер мен атеизм қазақша контентке негатив себеп болғанда ғана емін-еркін енуі мүмкін. Жалпы, "шіркеу", "атеизм" сөздеріне орынсыз негатив реңк беріліп жатады.


"Ұлтқа қызмет ету" дегенді этностың мүддесін қорғау мағынасында қолдану

Кезінде Алаш зиялылары айтты делінетін осы тіркес тәуелсіздік алғаннан кейін жаппай алақайлау, ұрандау, рухтану, масаттану басталған кезде, баяғы шовинизмге жауап ретінде ме екен, "халқыңа, мемлекетіңе маман болып қызмет ету" дегенді емес, ұлты қазақ азаматтардың мұңын мұңдап, жоғын жоқтау, тіпті кез келген жағдайда да жатпай-тұрмай дәріптеу, қандай дау-жанжал болса да, қазақты жақтап шығу, қазаққа мүлдем тіл тигізбеу дегенді білдіретін болып кетті. "Ұлттық" дегенде ою-өрнек, тақия-шапан, қымыз-шұбатты меңзейтін болды. Бұл адам құқығы мен проблемасын ұлттан төмен қоюға жол ашты. Бір әріптестерім "қазақ журналистикасының мақсаты — қазаққа жанашыр болу" дейтін, бір универде декан болған адамның, кейін бір газеттің бас редакторының сондай мақаласы да шықты. Сол әріптестерім материалды кәсіби талапқа сай жазудан гөрі "қазақтың күйін күйттеуді" жоғары қойды. Бір кездері "дана халқымыз", "ұлы халқымыз" дегенді жиі айтыңдар" деген тапсырма да болған еді. Олай демесең, халқын қорлап тұрған адам сияқты көретін. "Қаймағы бұзылмаған, иісі аңқыған қазақылық" материалдың тақырып-мақсатынан тыс насихатталып жататын. "Қазақтың санын көбейту" деген де демографиядан гөрі ксенофобияның емеурінімен айтылатын.

"Батыстың теріс ықпалы"

Бұл да тәуелсіздіктен кейінгі соқыр сенім — "жаһандануға қарсы тұрудан" туды. Соның әсері әлі бар. Кейбіреуге дәстүр мен дінге үйлесе қоймағанның бәрі я қорқынышты, я жиіркенішті көрінеді. Адам құқығын қорғаумен айналысатын халықаралық ұйымдардың қызметіне де осы себепті күдікпен қарауы мүмкін. Билік органдары кейде соны жақсы пайдаланып тұрады. Митинг, интернет, ЛГБТ, феминизм — "батыстың теріс ықпалы".
1.5K views10:20
Ашу / Түсініктеме