Get Mystery Box with random crypto!

Қатал редактор

Telegram арнасының логотипі bolatbekmk — Қатал редактор Қ
Telegram арнасының логотипі bolatbekmk — Қатал редактор
Арна мекенжайы: @bolatbekmk
Санаттар: Блогтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.12K
Арнадан сипаттама

Журналистика, медиасауат, редактура, медиасын: ақпарат жасау, жазу, дұрыс редакциялау тәжірибесі. Авторы — @StrictEditor

Ratings & Reviews

2.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 8

2021-07-11 19:01:50 Фотограф Бақдәулет Әбдуалы каналға осындай аватар сыйлады) фотоның түпнұсқасын Айгүл Қожантаева түсірді
248 viewsedited  16:01
Ашу / Түсініктеме
2021-07-11 18:58:40 Channel photo updated
15:58
Ашу / Түсініктеме
2021-07-03 20:21:43 "Топ-40 үздік нұрбот" деген журналистік материал жасамақ болсаңыздар, дайын топтама бар. Міне. Бұл белсенді аккаунттарды халыққа кең таныстыру керек қой. Еңбегі ерен.
189 views17:21
Ашу / Түсініктеме
2021-07-02 10:44:00 Кеше Назарбаев «Хабарға» тағы бір сұхбат берді. Не айтқанын жазып мыжбай-ақ қояйын. Сұхбат орысша.

«Сатқындар» туралы былай дейді:

— Предатели никогда жизнь свою хорошо не кончают, потому что у них внутри сидит червь содеянного, что он неправ…

Осы сөзді Tengrinews былай аударыпты:

— Сатқындар ешқашан өміріне қол салмайды, өйткені олардың бойында істеген ісі үшін құрт отырады...

227 views07:44
Ашу / Түсініктеме
2021-06-30 12:49:14 Бұл жолы телеарналардағы стендап мәтініне талдау жасадық. Бағыт-бағдар беруші Ольга Каплинаға, Жәнібек Нұрышқа рақмет айтамын.
406 views09:49
Ашу / Түсініктеме
2021-06-30 10:49:02 - Қандай кітап оқисың?
- Әдеби кітапты.

Ауызекі тілде, тар мағынада айтыла беретін шығар, бірақ жалпы көркем шығарманы айтпақ болсаңыз, "әдеби кітап" деген тіркес дұрыс емес. Филологтар оны жақсы білуі керек: әдеби шығарма көркем әдебиет қана емес, әдеби тіл көркем әдебиет тілі ғана емес. Ондай кітапты көркем шығарма, көркем әдебиет деуіңізге болады. Кітап дегеннің өзі — қандай да бір әдебиет.
Журналист материалдарында "қарсы тұрады", "төтеп береді", "қорған болады" деген мағынада "тұрып береді" деген тіркес те қолданылады екен. "Постоять за" дегеннен тікелей аударылған, түрме жаргонына ұқсап кеткен.
416 views07:49
Ашу / Түсініктеме
2021-06-30 10:06:22 Қазақстандағы Internews өкілдігінің қолдауымен 8-11 шілде күндері қазақша медиасауат онлайн-тренинг өткіземіз. Тренинг мемлекеттік қызметкерлерге, ұстаздарға, қоғамдық ұйым қызметкерлеріне, баспасөз қызметі мамандарына, PR мамандарға арналған.
Қатысу тегін.

Қатысушылар фактчекинг негіздерін, фейкті анықтап, онымен күрес тәсілдерін меңгереді. Бұл тәсілдерді белгілі журналист, медиатренер, фактчекинг маманы, «Тіл кеспек жоқ» YouTube-каналының авторы Әсем Жапишева үйретеді.

Медиаэтика, медиадағы өшпенділік тілі, түрлері мен салдары, адам жынысына қатысты стереотиптер туралы осы тақырыптарда мықты маман, журналистика магистрі, медиатренер, аbout media in kazakh телеграм-каналының авторы, Сүлеймен Демирел университетінің оқытушысы Оразай Қыдырбаев дәріс береді.

Кәсіби PR маман, қазақ тілінде ең танымал «PR туралы» телеграм-каналының авторы, медиатренер Гүлім Оразбаевадан БАҚ пен жарнамадағы, пропагандадағы манипуляция түрлерін және соны ажыратуды үйренеміз.

Интернетті қауіпсіз пайдалану, жеке мәліметтеріңіз бен аккаунттарыңызды қорғау, ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз ету машығы кез келген қолданушы қажет. Бұл машықтарды кәсіби IT маман, «Болашақ» бағдарламасының түлегі (Cardiff University, Advanced Computer Science оқу бағдарламасы), Телеграмдағы IT тақырыбына арналған Kazakh in Cardiff каналының авторы Данияр Мухановтан үйренеміз.

Тренинг соңында үздік қатысушыларға сыйлығымыз бар. Үздіктерге үйренген тақырыбында тренинг өткізу машығын дамытуға  көмектесеміз.

Тренингке қатысу тегін. Толық қатысқандарға сертификат беріледі.

Қатысу үшін 6 шілдеге дейін онлайн өтінішті толтырып, тіркелу керек.
350 views07:06
Ашу / Түсініктеме
2021-06-30 09:43:45 Телеарналардың жаңалық контентіне тағы шолу жасап едім. Неше түрлі нәрсе естідім.

Ішіндегі ең "күштісі" — "99 хабар-ошарсыз кеткен адамдар" Astana TV

Енді көзге (құлаққа) байқалмай жүрген нәрсені айтайыншы.

"Сондықтан тұрғындар газдың тартылуын күтіп жүр".

"Ал қаражаттың қашан берілетіні әзірше белгісіз".

"Жер үйдің қалай жанып кеткенін көрген".

"Көлік жүргізушілері жағдайдың қашан оңаларын түсінбей дал".

"Эпидемиологиялық ахуалдың одан әрі қиындайтынын айтты".

Назгүл апай естісе, "ілік артық" деп ұрсар еді, дұрысы:

"Сондықтан тұрғындар газ тартылғанын күтіп жүр".
"Ал қаражат қашан берілетіні әзірше белгісіз".
"Жер үй қалай жанып кеткенін көрген".
"Көлік жүргізушілер жағдай қашан оңаларын түсінбей дал".
"Эпидемиологиялық ахуал қиындай беретінін айтты".
404 viewsedited  06:43
Ашу / Түсініктеме
2021-06-25 21:31:09 Журналистерді саясаткерлердің марапаттауы жайлы

Журналистің президенттен, премьер-министрден, парламенттегі спикерлерден, министрлерден, әкімдерден мың теңге болсын, миллион теңге болсын қаржылай марапат алуы Америкада да, Африкада да, Аустаралияда да, Қазақстанда да этикаға қайшы дүние. Жалпақ тілмен айтқанда, бұл — пәрелеу. Ал пәрелеу бар жерде журналистиканың иісі де шықпайды.

Тағы бір есте ұстайтын жайт: саясаткерлер — журналистердің еңбегіне баға беретін қазы емес. Керісінше, журналистер үнемі саясаткерлердің әрбір қадамын аңдып, әрбір шешімін саралап, ыңғайсыз сұрақтар қойып, оларды электорат алдындағы миссиясын дұрыс атқаруға итермелеп отыруға талпынуы қажет. Ал билікке әділетсіз сайлау арқылы келген биліктің екі аяғын бір етікке тығуға журналистер “тем более” тырысуы керек. “В идеале” журналистер мен азаматтық қоғам заңсыз сайлауға жол бермеуі керек.

Бұл журналистердің еңбегі еш елеусіз қалуы керек деген сөз емес, әрине. Журналистің еңбегін журналистика бойынша мемлекеттік органдардан тәуелсіз отандық/шетелдік кәсіби немесе академиялық ұйымдар бағалап жатса, ол бөлек әңгіме.

Арамызда журналистиканың қадірін білетін азаматтары көбірек, этиканы ұстанатын журналистері көбірек, журналистердің еңбегін әділ бағалайтын тәуелсіз кәсіби ұйымдары көбірек адекват қоғам болатын күнге ертерек жетейік дейтін кісілер баршылық деп үміттенемін. Ал адекват қоғам құруды, ең алдымен, журналистер қауымы болып, азаматтық қоғам болып жыл сайын журналистер күні қарсаңында саяси режимнің медиа өкілдерін пәрелеуіне қарсы тұрудан бастау керек.
258 views18:31
Ашу / Түсініктеме
2021-06-25 11:34:18
"Қазақстан" каналының жүргізушісі "Алматыда субұрқақта ток соққан науқас әлі ауыр халде жатыр" деп хабарлады, бірақ кадрларға "Мерт болды" деген титр беріпті.
326 viewsedited  08:34
Ашу / Түсініктеме