Get Mystery Box with random crypto!

Қатал редактор

Telegram арнасының логотипі bolatbekmk — Қатал редактор Қ
Telegram арнасының логотипі bolatbekmk — Қатал редактор
Арна мекенжайы: @bolatbekmk
Санаттар: Блогтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.12K
Арнадан сипаттама

Журналистика, медиасауат, редактура, медиасын: ақпарат жасау, жазу, дұрыс редакциялау тәжірибесі. Авторы — @StrictEditor

Ratings & Reviews

2.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 4

2021-10-04 11:25:46
Тақырыптағы тырнақша мен қос нүктеге қатысты "бзигім" мынадай: Материал тақырыбында біреудің фразасы болса, оны редакцияның жазу стандартына сай я тырнақшаға алу керек, я алмау керек. Тырнақшаға алсаңыз, үнемі алыңыз, алмасаңыз, үнемі алмаңыз. Тақырыпта төл…
268 views08:25
Ашу / Түсініктеме
2021-09-30 20:44:33 Жаңалық эфирін жүргізген тәжірибем көп емес, дикциям да келіспеген, дегенмен:

• "Жаңалық мәтінін кәдімгі хабар жеткізгендей, күнделікті әңгіме айтқандай оқыған дұрыс" деген кезде соның өзі жаңалық оқудың арнайы мәнері екенін ескеру керек;
• Сөйлер алдында алған тынысыңыздың әсерінен сөйлемнің аяғында арыныңыз басылмай жатса, дер кезінде тежеліп, келесі сөйлемге жылдам көше алмасаңыз, сөйлемнің аяғында екпініңіз созылып, ыңыранып кете берсе, дикцияңыз нашар деген емес, сізде ол мүлдем жоқ деген сөз;
• Барлық сөйлем бір ой екпінімен оқыла бермейді (әдетте әлдекімдер барлық сөйлемінің орта тұсында ғана екпін түсіре, дауысы құбыла кідіріп, ары қарай кетеді). Ондай болса, сіз жай ғана мәтін оқып отырсыз. Күнделікті өмірде, шын әңгімеңізде ой екпіні кемінде үш сөйлем сайын өзгеруі мүмкін;
• "Болады", "келеді" деген сияқты етістіктер ауызекіңізде "болад", "келед" деп айтылады, сол себепті оларды солай оқыған — орфоэпияның да, дикцияның да нормасы, соңғы дауысты дыбыс екі дауыссызды қатар келтірмей-ақ, білінбей түсіп қалады, ал сөйлемнің аяғындағы "болды", "келді" дегендеріңізді "болд", "келд" деп оқысаңыз, дауыссыздарды "бекер қинап", жағымсыз естіледі;
• Тәжірибелі дикторлар мен сахна тілінің мамандары бірден байқайтын нәрсе: бірқатар сөзде е дыбысын өте жіңішке айтсаңыз, дикция бұзылады. "ЕліміздЬе", "қыркүйектЬе" емес, "жіңішкелік белгісінсіз" оқу керек. Оқығаныңызды тыңдаңыз;
• Мәтін оқитындар дауысты кеуде, ауыз, мұрын және маңдай тұсына көтеруіне қарай ерекшеленеді. Кеуде мен ауыз деңгейінде дауыстау — норма, маңдай тұсынан ышқынған жаман.
84 viewsedited  17:44
Ашу / Түсініктеме
2021-09-29 16:50:04
Ещё раз о важном: почему мы подписали петицию против поправок Сарыма-Закиевой

1. В случае принятия поправок мы рискуем оказаться в ситуации, в которой подавление инакомыслия в соцсетях обретёт легальную основу https://t.me/factcheckkz/3132
2. Поправки не продуманы и непрозрачны https://t.me/factcheckkz/3131 , в отличие от немецкого закона, на который ссылаются законотворцы.
3. Тот самый немецкий закон вызывал и вызывает массу критики, а его эффективность, судя по данным весьма сомнительна https://t.me/factcheckkz/3173
4. Тренд на контроль — мировой. Но тренд на суверенный интернет — характерен для авторитарных стран. И в наших силах противостоять ему

Подписать петицию вы можете по ссылке — https://secure.avaaz.org/community_petitions/ru/administratsiia_prezidenta_parlament_kazakhstana_leumettik_zhelini_bugattauga_karsy_protiv_popravok_v_zakony_o_sotssetiakh/
152 views13:50
Ашу / Түсініктеме
2021-09-28 10:42:29
"Өртті өртсөндіруші сөндіріп жатыр" дегеннен стиль нормасы быт-шыт болып тұрғанда "тік ұшақ" тағы бүлдірді дейсіңғо)
192 views07:42
Ашу / Түсініктеме