Get Mystery Box with random crypto!

BAQ.kz

Telegram арнасының логотипі baq_kz — BAQ.kz B
Telegram арнасының логотипі baq_kz — BAQ.kz
Арна мекенжайы: @baq_kz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 2.01K
Арнадан сипаттама

BAQ.KZ – Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналатын айқын және маңызды жаңалықтар порталы.

Ratings & Reviews

2.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

2

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 13

2022-07-23 12:22:48
Қасым-Жомарт Тоқаев Украина Президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті

Украина тарапының бастамасымен өткен әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Зеленский бірін-бірі екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығымен құттықтады. Бұл атаулы күн 23 шілдеде атап өтіледі.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Украинадағы жағдайды дипломатиялық жолмен реттеуге қатысты Қазақстанның түбегейлі ұстанымын растады.

@baq_kz
1.3K viewsedited  09:22
Ашу / Түсініктеме
2022-07-23 07:11:30
​​ Мемлекет басшысының Жарлығымен Гүлсара Мерейқызы Арыстанқұлова Қазақстан Республикасының Француз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды.

@baq_kz
286 viewsedited  04:11
Ашу / Түсініктеме
2022-07-22 16:29:04
Мемлекет басшысы «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешовті қабылдады.
 
Санжар Жаркешовтің айтуынша, қазіргі таңда ішкі нарықтың газға деген сұранысы толық қамтамасыз етілген.

QazaqGaz Қашағанда қуаты 1 миллиард текше метр болатын газ өңдеу зауытын салуға кіріскен. Газды барлау және өндіру жөніндегі жаңа жобаларды іске қосу арқылы ресурстық базаны ұлғайту жұмыстары жүргізіліп жатыр.
 
Баға белгілеудің әлеуметтік әділ реформасына қатысты шаралар кешені әзірленіп, қарауға ұсынылды.

Президент бірқатар міндет жүктеді, соның ішінде еліміздегі газбен қамту жұмыстарының қарқынын арттыру жөнінде тапсырма берді.

@baq_kz
178 views13:29
Ашу / Түсініктеме
2022-07-22 14:43:02
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады

Мемлекет басшысына Ұлттық банктің биылғы қаңтар-маусым айларында жүзеге асырылған ақша-кредит саясатының алдын ала қорытындылары туралы есеп берілді.

Ұлттық банк төрағасы Президентке инфляцияға қатысты болжамдар, тұтыну бағаларын тұрақтандыруға бағытталған шаралар, еліміздің халықаралық резервтерінің қазіргі жай-күйі туралы айтты.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы инфляцияны тежеу жұмыстарын күшейтуді және ақша-кредит саясатының тиімділігін арттыруды тапсырды.

@baq_kz
212 viewsedited  11:43
Ашу / Түсініктеме
2022-07-22 14:23:40 ​​ 2022 жылдың басы ел тұрғындары үшін оңай басталмады. Қаңтардағы ойраннан бері жарты жыл өтсе де ел оны ұмытқан жоқ.

Қарулы қаскөйлердің шабуылына тойтарыс беріп, ерлік көрсеткендер де баршылық. Солардың бірі - Алматы ПД-нің Арнайы және жұмылдыру дайындығы басқармасының аға инспекторы, полиция капитаны Айбек Әбдіманапов.

Сол күні біздің кейіпкеріміз қақпаны күзету және жоғарыдан өткізбеу позициясына қойылған.

Ел тыныштығы үшін өлімге бас тіккен жандар туралы арнайы материалымызды оқи отырыңыз.

Жалғасы осы сілтемеде.

@baq_kz
214 views11:23
Ашу / Түсініктеме
2022-07-22 14:12:42 Доллардың ресми бағамы (сағат 17:00-дегі мәлімет бойынша) 481,88 теңгені құрады. @baq_kz
204 views11:12
Ашу / Түсініктеме
2022-07-22 13:08:27 Биыл мектеп оқушылары онлайн оқуы мүмкін бе – министр жауап берді

Бас педагог онлайн оқытуға үзілді-кесілді қарсы екенін жеткізді. Оның ойынша, бала білімді тек мұғалімнен емес, сыныптастарынан да үйренеді.

"Бәрі мүмкін. Бірақ менің ұстанымым: қашықтан оқымауымыз керек. Былтыр аурушаңдықтың жоғарылағанына қарамастан мектептерде инфекция өршімегенін көрдік. Мектепте оқыған балалар қашықтан оқитындарға қарағанда әлдеқайда аз ауырады. Өйткені мектепте тәртіп пен дисциплина көбірек", - деп жауап берді.

@baq_kz
257 viewsedited  10:08
Ашу / Түсініктеме
2022-07-22 12:02:20
Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы қамауға алынды - Антикор Нұр-Cұлтан қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрмесін өткізу жөніндегі мемлекеттік сатып алу туралы шарт аясында ҚР…
264 views09:02
Ашу / Түсініктеме
2022-07-22 10:30:14 ​​ Қазір қоғамда қаңтар оқиғасы алдағы уақытта қайталануы мүмкін деген қауесет тарап жатыр.

Көпшілік оған бірнеше себеп келтіреді, оның ішінде азық-түлік бағасының қымбаттауы, Президент тапсырмаларының баяу орындалуы және бұрынғы жүйеге қызмет еткен адамдардың әлі де билік басында көптеп отыруын алға тартады.

Назарларыңызға қаңтар оқиғасы қалай басталып, одан бері қандай өзгерістер болғаныны жайлы шолуды ұсынамыз.

Барлық мән-жайды осы сілтеме арқылы оқи аласыз.

@baq_kz
59 views07:30
Ашу / Түсініктеме
2022-07-22 09:22:00 Қайрат Құдайбергеннің ұсталғаны туралы Прокуратура ресми мәлімдеме жасады. Алдын ала тергеу бойынша Қ.Қ. Құдайберген А.Б. Жұмагелдиевпен («Дикий Арман») бірге «Қазақстан» қонақ үйінде бір топ адамды жинаған. 10 адамнан «ұяшықтар» бойынша бөліп және олардың…
125 views06:22
Ашу / Түсініктеме