Get Mystery Box with random crypto!

Қазақстанда адам саудасы бар – Әзімова Адам құқықтары жөнінде | BAQ.kz

Қазақстанда адам саудасы бар – Әзімова

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімованың айтуынша, Адам құқықтары және заң үстемдігі туралы заң жобасын дайындау туралы шешім сәуір айында Үкіметпен қаралып, оң шешім қабылданды.

Енді келер жылдың басында осы заң жобасы Үкімет қарауына беріліп, депутаттардың талқысына түседі.

"Бұл заң адам құқықтарын қорғау ғана емес, сонымен бірге профилактика және әлеуметтік сұрақтарға, проблемаларға байланысты. Адам сатуға байланысты заңбұзушылықтар қылмыстық жауапқа тартылса да, біз бұған қоғам үшін қауіпті әлеуметтік құбылыс ретінде қараймыз. Адам саудасы бұқаралық сипатқа ие болмаса да, Қазақстанда бар", - деді ол. 

@baq_kz