Get Mystery Box with random crypto!

Алматыда құрылыс алаңында кран құлап, бір адам мерт болды. Қа | BAQ.kz

Алматыда құрылыс алаңында кран құлап, бір адам мерт болды.

Қайғылы оқиға 26 шілде күні кешкі сағат 17:42 шамасында болған.

Әуезов ауданындағы тұрғын үй құрылыс алаңында жұмысшының үстіне мұнаралы кран құлады, салдарынан оқиға орнында 1989 жылы туған Б. есімді азамат көз жұмды.

Қазіргі уақытта тергеу тобы жұмысын бастады. Оқиғаның мән -жайы анықталып жатыр.

@baq_kz