Get Mystery Box with random crypto!

Шағын және орта бизнес үшін қосылған құн салығының шегін көтер | Atameken Business - Жаңалықтар

Шағын және орта бизнес үшін қосылған құн салығының шегін көтеру керек

Мәжілістегі «Республика» фракциясы, кәсіпкерлердің жағдайы мәз емес екенін алға тартып Премьер-министрге осындай ұсыныс жолдады.

Депутат Руслан Берденовтың сөзінше, аталған салыққа қатысты енгізілген өзгеріс, бизнес өкілдерінің қалтасын қағып отыр. Қазір фискалды чек беріп, қызмет ететін кәсіпкерлердің тауар айналымы 20 мың айлық есептік көрсеткіштен аспауы тиіс. Яғни бір күндік кіріс 190 мың теңгедей. Егер тапқаны бұл сомадан асып кетсе, кәсіп иесі айыппұл арқалайды. Оның көлемі бұдан да жоғары. Қосымша құн салығын есептемегенде, тауар айналымының 15 пайызын төлейді.

Депутат айыппұлды алып тастауды және құн салығының шегін 30 мың айлық есептік көрсеткішке көтеруді ұсынды.

t.me/atamekenbusiness_qaz