Get Mystery Box with random crypto!

НӘЗІК ӘЙЕЛ♥

Telegram арнасының логотипі anagakenes — НӘЗІК ӘЙЕЛ♥ Н
Telegram арнасының логотипі anagakenes — НӘЗІК ӘЙЕЛ♥
Арна мекенжайы: @anagakenes
Санаттар: Денсаулық
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 4.99K
Арнадан сипаттама

❤️ Ана мен бала денсаулығы
🧡 Психологиялық кеңестер
💚 Гинекологиялық жауаптар

👉🏼 Аналарға чат: @anagachat
Серіктестік/Жарнама бойынша: @wtsp_bot

Ratings & Reviews

2.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 12

2022-05-06 14:58:54 ТІСТІ ҮЙ ЖАҒДАЙЫНДА ҚАЛАЙ АҒАРТАМЫЗ⠀


Үй жағдайында тіс ағартудың көптеген түрлері бар.⠀

Мен сіздерге қауіпсіз әдістерін ұсынбақшымын

Белсендірілген көмір ⠀

Бұл тісті ағартудың қауіпсіз түрі. Белсендірілген көмірдің 2-3таблеткасын ұсақтап, саусақпен немесе щёткамен тістеріңізге ысқылап жағыңыздар. Нәтижесі бірден болмайды. Бірақ, тіс эмальна еш зияны жоқ.⠀

Банан ⠀

Банан қабығы тісті ағартады.

Ас содасы ⠀

Ас содасымен тісті ағартуға болады. Тіс пастасының үстіне ас содасын сеуіп, тістеріңізді тазалап аласыздар. Нәтижесі болады. Бірақ, ас сода эмальды құртады.

Ас содасын қолдану жағын өздеріңізге қалдырамын. ⠀

Сіздер үй жағдайында тістеріңізді қалай ағартасыздар?
63 views11:58
Ашу / Түсініктеме
2022-05-05 18:02:22 ӨКШЕҢІЗ ЖАРЫЛДЫМА,....

Өкше жарылу кезеңі басталды. Енді осындай посттар жиі салайынба

Өкшеңіз жарылғанда мына әдісті қолдансаңыздар болады:

Аяқтарыңызды бір жуып, кептіріңіздер.
Тегістеу қағазы арқылы өкшелеріңізді, табанның басқа да жарылған жерлерін жақсылап ысқылаңыздар.
Жарылған жерлеріңізге ЛЕВОМЕКОЛЬ жақпамайын жағыңыздар.
Аяқтарыңызға пакет киіңіздер.
Үстінен жылы шұлық киіп алыңыздар.
Таңертең аяқтарыңызды құрғақтай сүртіңіздер.

Бұл әдісті жатар алдында жасаған жақсы
481 views15:02
Ашу / Түсініктеме
2022-05-04 17:25:58 ШАШЫҢЫЗ ТЕЗ МАЙЛАНАДЫ МА?

Шаш майлану себептері:

гормональды бұзылулар
стрес
ұйқының қанбауы
шашты дұрыс күтпеу

Шаштың майлылығын азайту үшін:

Шаш түбіне кондиционер, бальзам қолданбаңыздар.
Бастарыңызды жылы сумен жуыңыздар.
Бастарыңызды жуып болғаннан кейін, шаш түбін шалфея қайнатпасымен сүртіңіздер.
Шашқа арналған розовый және жасыл глинаны аптасына 2рет қолданыңыздар.
Фень қолданбаңыздар
Күніне 1,5литр су ішіңіздер.
Шаштарыңызға тек майлы шашқа арналған сусабын қолданыңыздар.

Сіздің шашыңыз қандай типке жатады
152 views14:25
Ашу / Түсініктеме
2022-05-03 18:17:21 БЕТТІ АҒАРТАТЫН МАСКА

Керек заттар

Асперин - 2таблетка
Жүмыртқа ағы - 1

Асперинді ұнтақтайсыздар.
Жұмыртқаны ағы мен сарысынан бөліп алыңыздар.
Жұмыртқа ағы мен асперинді жақсылап араластырыңыздар.
Масканы беттеріңізге жағыңыздар.
30мин кейін жуып тастаңыздар.
Ылғалдандырғыш крем жағыңыздар.

Беттеріңіз әдеміленіп ағарады

Сіздер ағартуға қандай маска қолданасыздар
258 views15:17
Ашу / Түсініктеме
2022-05-02 18:18:02 БЕТТІ НӘРЛЕНДІРЕТІН МАСКА

Керек заттар:

Глицерин - 1ас қасық
Витамин Е - 1ас қасық

Екі затты араластырасыздар. Кешке жатар алдында масканы жағып, 1сағатқа қоясыздар. Уақыт өткеннен кейін беттеріңізді ватный дискпен сүртіп аласыздар.

Беттеріңізді жумаңыздар

Бұл масканы аптасына 3-4рет немесе күн сайын жасауға да болады

Бұл маска пайдасы:

ұсақ әжімдерді кетіреді;
бетті нәрлендіреді, жұмсартады;
беттеріңізді тегістейді.
11 views15:18
Ашу / Түсініктеме
2022-05-01 17:30:14 СУЫНЫҢ ПАЙДАСЫ МЕН ЗИЯНЫ

ПАЙДАСЫ:

Лимон шырыны қосылған су - шөлді қандырып ағзамызға қажет дәрумендер мен минералдардың орнын толтырады.
Лимон қосылған судың ас қорытуда маңызы зор. Биологтардың айтуынша, лимон қышқылы асқазан ұйқы бездерінің секреция жұмысын жақсартады.
Бауырды токсиннан тазалауда да лимон суының пайдасы тиеді.
Адамның иммундық жүйесін нығайтып, жүйке жүйесін қалыпқа келтіреді.
Лимон қосылған су адамның қан қысымын реттеуге көмектеседі.
Лимон суы артық салмақ тастауда көмектеседі.
Лимон шырыны қатерлі ісіктің алдын алады.

ЗИЯНЫ:

Асқазан-ішек аурулары кезінде лимон қосылған суды пайдаланбаған жөн.
Бүйрек ауруларына шалдыққан адамдарға да көп мөлшерде пайдалануға тыйым салынған, өйткені несеп айдайтын әсері өте мықты.
Ауыз қуысында стоматит болған жағдайда, яғни тілдің ойылуы кезінде лимон суын ішу шырышты қабықты тітіркендіреді.
Цитрусты жемістерге аллергия болған жағдайда дәрігерлер лимонды абайлап пайдалануға кеңес береді.

ІШУ ЕРЕЖЕСІ:
Лимон суын таңертеңгілік уақытта ішу керек. Таңғы астан 20-30 минут бұрын ішсеңіз, дәрумендер ағзаға сіңіп үлгереді.
Қалыпты норма – күніне бір стақан. Одан артық ішудің қажеті жоқ.
Лимон шырынын жаңа сығылған балғын күйінде ішкен дұрыс. Себебі, уақыт өте келе қышқыл мөлшері тым жоғары болып кетеді.
Лимон суының температурасы 30-36 градус болғаны абзал. Одан төмен немесе жоғары болса, асқазанға зақым келтіру қаупі бар.
Сусынды ішкеннен кейін жарты сағаттан соң міндетті түрде тамақтану қажет. Ашқарынға ішіп, әрі қарай жүре беруге болмайды.
325 views14:30
Ашу / Түсініктеме
2022-04-28 17:20:55 СІРКЕ СУЫНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ

Сірке суы үй шаруасында өте таптырмас көмекші құрал екенін білесіздер ме?

Онда мен сіздерге сірке суының қолданылуын айтайын

Арамшөптермен күресте сірке суын қолдануға болады. 40%-дық сірке суын сумен араластырып, арамшөптер көп өскен жерді суарыңыздар.⠀
Терлегенде киімде қалатын сары дақтарды кетіреді. Ол үшін киімдеріңіздің дағы бар жерін 10 минутқа сірке суына салып қойыңыз. Артынан киімді жуып жіберсеңіз, дақтар оңай кетеді.⠀
Сірке суы көмегімен жөтелден тезірек құтылуға болады. Бір стақан жылы суда 1 ас қасық алма сірке суын ерітіңіз. Ерітіндімен тамағыңызды шайыңыз.⠀
Тотталып қалған кішкене заттарды сірке суының ерітіндісінде қайнатып, артынан сумен шайып жіберіңіз.⠀
Көгерген иістен арылу үшін тоңазытқыш, сөрелер ішін сірке суына малынған шүберекпен сүртіп шығыңыз.⠀
Шәугімнің қағын кетіру үшін, су және сірке суын шәугімге құйып қайнатыңыздар.⠀
Ықылықтан арылу үшін қант кесегін сірке суына малып, жеп алыңыздар.⠀
Шыны ыдыстарды, әйнек есік-терезелерді сірке суы ерітіндісімен таза қылып сүрте аласыздар.⠀
Жақындарыңыз сыйлаған гүл шоқтарының ұзағырақ сақталғаның қаласаңыз, онда 1 л суға 2 ас қасық сірке суын қосып, гүліңізді салып қойыңыздар.

Сіздер қандай процентті сірке суын қолданасыздар???⠀
200 views14:20
Ашу / Түсініктеме
2022-04-27 16:42:31 КҮНІНЕ ҚАНША ЖҰМЫРТҚА ЖЕУГЕ БОЛАДЫ?

Дүкен сөрелерінде жұмыртқаның екі түрі кездеседі – ақ және қоңыр.
Егер тауықтың жасы үлкен болса, жұмыртқалары да үлкен болады.
Мамандар жұмыртқаның ағы мен сарысынан бөлек, жылына бір рет қабығын да тұтынуға кеңес береді. Алайда жұмыртқа қабығы тазалап жуылған және қайнатылған болуы керек. Оның құрамында: мыс, кальций, фтор, марганец, мырыш, темір, фосфор және тағы да басқа микроэлементтер бар.
Жұмыртқаның құрамында болатын D дәрумені сүйекті қатайтуға септігін тигізеді.
Белсенділігі орташа ересек адамдар аптасына 6-7 жұмыртқадан көп жеуге болмайды. Ал, күніне 1-2 данадан артық болмағаны жөн.
Холестерин деңгейі жоғары және қант диабетіне шалдыққандар 1 жұмыртқадан артық жеуге болмайды.

Піскен немесе қуырған жұмыртқа, қайсысын көбірек тұтынасыздар?
392 views13:42
Ашу / Түсініктеме
2022-04-26 15:23:54 ШАРИҒАТТА НӘРЕСТЕ ШАШЫ 7 КҮНГЕ ДЕЙІН АЛЫНАДЫ

Нәресте дүние есігін ашқаннан кейін жеті күн ішінде шашын, тырнағын алу керек.

Шашын алып болғаннан кейін, сол шаштың салмағындай садақа беріледі.

Бұл амалдың 2 түрлі пайдасы бар:

Бала өте ақылды болады. Шашты алу нәрестенің құйқасының, жалпы ағзасының күшеюіне әсер етеді.

Екіншісі - әлеуметтік пайдасы. Оның шашының салмағындай садақа беру мұсылман қоғамындағы әлеуметтік ынтымақты нығайтады.

Тырнақ, шаш тез өседі. 40күннен кейін тағы шашын алып, шомылдырып аласыздар.

Осы жайлы білесіздерме
394 views12:23
Ашу / Түсініктеме
2022-04-25 18:05:54 БЕТТІ ТАЗАРТУҒА АРНАЛҒАН МАСКЫ ⠀

Бұл маскы:⠀

тері тесіктерін тазалайды⠀
бетті тарылтады⠀
қара нүктелерді кетіруге көмектеседі. ⠀

ҚАЖЕТТІ ЗАТТАР:⠀

сұлы жармасы - 2 ас қасық⠀
ас содасы - 1 шәй қасық⠀
лимон суы - 1 ас қасық⠀

Барлық ингредиенттерді араластырамыз. Масканы тазартылған бетке жағып, 10 мин ұстайсыздар . Содан кейін жуып аласыздар.⠀

Масканы аптасына 2 рет жасауға болады.⠀ ⠀
122 views15:05
Ашу / Түсініктеме