Get Mystery Box with random crypto!

НӘЗІК ӘЙЕЛ♥

Telegram арнасының логотипі anagakenes — НӘЗІК ӘЙЕЛ♥ Н
Telegram арнасының логотипі anagakenes — НӘЗІК ӘЙЕЛ♥
Арна мекенжайы: @anagakenes
Санаттар: Денсаулық
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 4.99K
Арнадан сипаттама

❤️ Ана мен бала денсаулығы
🧡 Психологиялық кеңестер
💚 Гинекологиялық жауаптар

👉🏼 Аналарға чат: @anagachat
Серіктестік/Жарнама бойынша: @wtsp_bot

Ratings & Reviews

2.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 9

2022-06-07 16:43:39 АУЫЗ БЕН ТІЛДІҢ ОЙЫЛУЫ(СТОМАТИТ)

Емдеу жолдары:

Ас содасы

1стақанға 1шәй қасық ас содасын салып ауыздарыңызды шайқаңыздар. Егер, ойық еріндеріғізде болса, сол жерге ас содасын жағыңыздар.

Шикі картоп

Ауыз жараларыңыз ашып шыдатпаса, шикі картоп тілімдерін басуға болады.

Түймедақ

Түймедақ дәрілік шөбін қайнатып, суыған соң, 2 сағат сайын ауыз қуысын шайып тұру керек.

Қызыл май

Дәкені қолға орап, қызыл май жағып, толық ауыз қуысын сүрту қажет.

Метиленовый синий

Ойылған жерге жағасыздар. Аптекада сатылады.

Стоматит болғанда қандай ем қолданасыздар
372 views13:43
Ашу / Түсініктеме
2022-06-06 18:25:00 ҮЙ ЖАҒДАЙЫНДА ҚАС ӨСІРУ

Үй жағдайында қасты өсіру үшін мына бағытта жұмыс жасауыңыз керек

ҚАСТЫ ТАРАУ

Қасқа арналған қылқалам көмегімен күнде қастарыңызды өсу бағытымен тараңыздар.

ҚАСҚА МАССАЖ ЖАСАУ

Күнде ұйықтар алдында қасыңыздың жоғары жағына 2 минут массаж жасаңыз. Массаж қанайналым және алмасу процестерін жақсартады. Ақырындап шымшу, сипау, уқалау қозғалыстарымен жасаңыздар.

МАЙЛАР

Қасты өсіруге

Майсана майы
Ошаған майы
Осма майы көмектеседі.

Майды қасқа жағу үшін бірінші қасты тазалап жуып, кепкенін күтесіз. Майсана майын жағып, 2сағатқа қалдырығыз.

Майды 1ай жағу керек

Осы әдістерді тұрақты қолдану арқылы, жақсы нәтижеге жетесіздер.
750 views15:25
Ашу / Түсініктеме
2022-06-05 17:30:01 ВАЗЕЛИННІҢ СҰЛУЛЫҚҚА ПАЙДАСЫ

Вазелиннің сұлулыққа пайдасы

Вазелинді косметикалық далап ретінде қолдануға болады. Ерінді желден және суықтан қорғайды. Сонымен қатар, жарылғанды кетіріп, құрғақтықтан сақтайды.

Шашты бояған кезде, маңдай тұсына(құлақ, мойын) вазелин жағып қойсаңыз, теріге тиген краска бірден кетеді.

Вазелин теріні желден, аяздан қорғайды.

Макияжды кетіруге көмектеседі. Мақтаға вазелин жағып, макияждарыңызды сүртесіздер. Вазелинді тұрақты қолдану арқылы теріңіз ылғалданып, әжімдер

Қасқа бір тамшыдай вазелин жағып, щетка көмегімен тараңыздар. Кепкен соң, қас өз формасын бір күн бойы сақтайтын болады.

Түнде жатар алдында, кірпіктеріңізге жұқалап вазелин жағыңыздар. Бұл кірпіктің ұзын және қалың болып өсуіне көмектеседі.

Сіздер вазелиннің қандай пайдасын білесіздер?
227 views14:30
Ашу / Түсініктеме
2022-06-04 19:17:59 КИІМГЕ ТИГЕН КРАСКА ДАҒЫН ҚАЛАЙ КЕТІРЕМІЗ??


Дақты сол мезетте кетірсеңіз, жақсы нәтижеге жетесіз. Енді қазір сіздерге киімге тиген краска дағын кетіруді ұсынамын

Керек заттар:

Сұйық май - 1ас қасық
Тұз - 1шәй қасық
кір жууға арналған ұнтақ - 1шәй қасық

Керек заттарды араластырып, краска дағына жағып, мақта көмегімен ысқылайсыздар.

Дақ кеткеннен кейінгі жұмыс киімдегі май дағын кетіру. Ол үшін 1л суға 4ас қасық фери қосып, 20мин қалдырып, артынша порошокқа салып жуып аласыздар.
286 views16:17
Ашу / Түсініктеме
2022-06-03 17:37:37 Асқабақ дәнегінің пайдасы

Жүрек пен қан тамырына пайдасы

Асқабақ дәнектерінің құрамында жүрек жұмысын қалыпқа келтіре алатын магнийдің жеткілікті мөлшері бар. Магний жүрек бұлшық еттерінің жұмысын жақсартып, ырғақтың бұзылуына тосқауыл қояды. Ғылымда дәлелденгендей, холестериннің жоғары деңгейі жүрек, қан тамырлары ауруларын тудырады. Ал дәнектердің құрамындағы фитостеролдар қандағы холестерин деңгейін төмендетеді. Қан қысымын тұрақтандыратындықтан, гипертониктарға жиі шағып тұруға кеңес беріледі.

Ми жұмысын жақсартады
.
Асқабақ дәнектерінің құрамындағы триптофан аминқышқылдары ағзамыздағы серотиннің өнуіне жол ашады, бұл ұйқының толықтай жақсаруына септігін тигізе алады. Дәнек бойындағы цинк бас мидың жұмысын қалыпқа келтіріп, есте сақтау қабілетін жақсартып, ағзадағы шаршауды басады.

Ішек үшін пайдалы
.
Дәнектердегі жасұнық ішек жұмысын белсенді етіп, босата алады. Іш қату қиындықтарына тап болатын оқырмандарымызға күнделікті тағамға асқабақ дәнектерін қосуға кеңес берген болар едік.

Ішек құртымен күресе алады
.
Асқабақ дәндері – халық медицинасында ішек құртқа қарсы қолданылатын ең әсерлі құрал. Паразиттермен алысып жүретін адамдар дәнектерден кейін көп уақыт өтпей жатып, бар қиындықтан арылып жатады.

Вестибулярлық аппарат үшін
.
Теңіз ауруына шалдыққан науқастарға асқабақ дәндері ауадай қажет. Олар қатты ауытқу кезінде пайда болатын жүрек айнуын басады.

Жүкті әйелдерге
.
Жүктіліктің ең алғашқы айларында маза бермейтін жүрек айнулармен жақсы күресе алады. Көптеген болашақ аналар асқабақ дәнектерінің арқасында жеріктіктің ең қиын кезеңдерін жеңе алады.

Ерлерге пайдасы
.
Асқабақ дәнектерінде жеткілікті мөлшерде омега-3 майлы қышқылдары мен цинк бар, олар еркектердің ағзасындағы темір деңгейінің төмен түсіп кетуінің алдын алады.

Ескерту
.
Асқазан-ішек жолдары қатты бұзылған, ішек жолдары зақымданған, асқазан шырынының қышқылдығы жоғары адамдарға асқабақ дәнектерімен әуестенбеуге кеңес беріледі.
356 views14:37
Ашу / Түсініктеме
2022-06-02 16:17:46 Ақ нан әйелдерде жүрек-тамыр ауруларының даму қауіпін 2 есе жоғарылатады. Батон, багет сынды нандарда ағзаға сондай қажетті В тобының, Е және РР дәрумендері жоқ. Сондай-ақ обырдан қорғайтын селен де аз кездеседі. Пайдалы заттардың мұндай тапшылығы ақ нан пісіру барысындағы ұнның тартылу әдісіне байланысты. 

Күнделікті бірнеше тілім ақ нан жейтіндердің басқаларға қарағанда бүйрек обырына шалдығу қаупі көбірек. Бұған нан пісіруде қолданылатын ашытқы өз әсерін қосады. Ағзамызға түскеннен кейін ашытқы тез арада таралып, жайылады. Ашытқы ағзаның табиғи микрофлорасын бұзып, бактериялардың дамуына көмектесе алады. Әр тілім ақ нан жеген сайын, сіз бауыр, асқазан, асқорту жүйесіне зақым тигізе аласыз.

Алайда нансыз ас жеу мүкін емес. Сондықтан нанның дұрыс түрін таңдаңыз. Ең пайдалы нан -  бұталы дәндерден пісірілгені. Осындай нан ағзаға зиян әкелмейді, пайдасы да аз емес. Бұталы бидай, қарабидай дәндері ағзаны обыр мен сусамыр ауруларынан сақтайды. Бидайдың кебегі бұрын өндірістің қалдығы болса, қазірде кебек наны өте пайдалы саналады. Ол В және Е тобтарының дәрумендері мен микроэлементтерге өте бай.

Сонымен, нанның пайдалы не зиян екені оның түріне, ұнның өңделу әдісіне байланысты екен.

Ал сіз қандай нан жейсіз?
373 views13:17
Ашу / Түсініктеме
2022-06-01 17:29:05 Маманның пікірі бойынша құрманың құрамында көптеген дәрумен, минерал (кальций, темір, магний, калий, мырыш, марганец) және табиғи антиоксиданттар бар. Олар қабынуға қарсы қасиетке ие және жұқпалы аурулармен күресуге көмектеседі.
Күніне 3 құрма жеген пайдалы. Асқазан-ішек жолдарының қалыпты жұмыс істеуіне зор сеп болады, - дейді  Синтия Сасс.

Көптеген халықтарда құрма қасиетті тағам саналады. Жоғарыда маман айта кеткендей, бұл жемістің екі-үш данасының өзі ағзаға өте пайдалы. Күніне 3 құрма жеп қана ағзаны қажетті микроэлементтермен қамтамасыз етуге болады. Дәрігерлер тіпті тәтті әрі зиянды кәмпиттерді құрмамен алмастыруға кеңес береді.

Құрма – адамның асқа деген тәбетін жақсартып, жұмысқа деген қабілетін жақсартады. Жүрек ауруы түрлерінің алдын алады, холестеринді, қандағы қантты реттейді. Сонымен қатар Альцгеймер ауруы бар адамдар үшін пайдалы.

Құрма көздің көру қабілетін жақсартады(тіпті сәбізден де пайдалы). Себебі құрамында А дәруменінің мөлшері көп. Егер өзіңізді сергек әрі қуатты сезінгіңіз келсе құрма жеп тұрыңыз. Бар болғаны 3 құрма жесеңіз бір күнге жетерлік энергия аласыз.
331 views14:29
Ашу / Түсініктеме
2022-05-31 17:00:31 Қант – мәңгілікке бас тартатын өнімдердің бірі. Өйткені оның адам денсаулығына зиянды тұстары өте көп. «Қантсыз өмір» атты кітаптың авторы Нэнси Эплтон деген дәрігер қанттың қаншалықты зиян екендігін тізіп шығады.

1. Қант сіздің иммунитетіңізді әлсіретеді. 

2. Бактериялық жұқпаларға қарсы күресуді төмендетеді. 

3. Бүйрек ауруларына шалдықтырады. 

4. Ағзаңызға хром микроэлементі жетіспейтін болады. 

5. Сүт безі, қуықалды безі қатерлі ісігіне әкеліп соқтырады. 

6. Глюкоза мен инсулин мөлшерін көбейтеді. 

7. Кальций мен магнийді бойыңызға сіңіруді бұзады. 

8. Көзіңіздің көруін төмендетеді. 

9. Қан құрамындағы гемоглобиніңізді көбейтеді. 

10. Ойық жаралы колит ауруын шақырады.

Мінеки, мынадай ауруларға тап болмау үшін оның орнын бал, кептірілген жемістер, үйеңкі шәрбаты, арпадан істелген ашытқы секілді заттармен ауыстыруға болады. Сондықтан бүгіннен бастап қантты өзіңіздің ас мәзіріңізден алып тастағаныңыз жөн. 
383 views14:00
Ашу / Түсініктеме
2022-05-30 17:02:14 Құрт – сүттен жасалған ұлттық тағам. Құрт – сөзінің мағынасы да құрғатылған, кептірілген сүт деген мағынаны береді. Пісіліп майы алынған айранды қайнатып кенеп дорбада сүзіп алып тұздап өреде кептіріп сақтайтын тағам түрі. Жасалу тәсілдеріне қарай құрт сықпа құрт, ақ құрт, қара құрт, майлы құрт деген түрлерге бөлінеді.
Құрттың құрамында тұз болады. Ал, оның ауыз қуысы үшін пайдасы ұшан теңіз. Күнделікті 2-3 құрт жеп жүрген адамның ауыз қуысында ешқандай ауру болмайды. Тістері қатайып, ас қорытуы жақсарады. Ағзасында кальций көбейеді.

Егер, баспамен ауырып қалған жағдайда, күнінен 5-6 құрт жеңіз. Құртты жеу барысында сілекей көп бөлінеді. Сілекейдің құрамындағы лизоцим деген зат болады, ол ауыз қуысын бактериялардан тазалайды.
Ал, құрттың құрамындағы тұз баспаны жеңілдетуге өз әсерін тигізеді. Әрі құрттың арқасында ас қорыту жақсарады.

Құртты көп мөлшерде жесеңіз қайта-қайта шөлдей бересіз, ондай жағдайда кептірілген алмадан жасалған компот (қант қосылмаған) ішкен жөн. Осы компотты күнделікті ішіп жүру бүйректегі тас пен құмды түсіріп, несеп жолдарының жағдайын жақсартады.
жеткізіңіз.

Күнделікті 5-6 құрт жеп жүру арқылы, Сіз баспамен ауырмайсыз, ас қорыту жолдарыңызда қиындық туындамайды. Тістеріңіз ағарып, бүйрегіңіз сыр бермейтін болады. Ағзаңызда кальций көбейіп сүйектеріңіз сынғыш болмайды.
361 views14:02
Ашу / Түсініктеме
2022-05-29 16:54:13 Тамақтың дәмін кіргізетін кәдімгі ас тұзы ауыз қуысы мен тұмауды емдеуде жақсы көмектеседі. Тіпті, тұзды пайдаланып буын мен тамыр ауруларынан бастап, артық салмақтан арылуға дейін болады. Түрлі ауруларды тұзбен емдеудің жолдары:

1. Буындарды тұз таңу арқылы емдеу
Буын қабынулары мазаласа: артрит, ревматизм, бурсит – 10%-дық тұз ерітіндісін дайындап, оған бинтті батырып, аяққа бірнеше қайтара байлаңыз. Таңылған күйінде 10 сағат туруы қажет. Процедураны екі апта жасау керек.

2. Артық салмақ
2 кг қайнатылған немесе теңіз тұзын жылы су толтырылған ваннаға салыңыз. Сосын сол суға 15 минут шомылыңыз. Мұндай ванна сізге артық салмақтан арылуға көмектеседі.

3. Бас ауруы
Бас ауырған кезде тұзды суға бинтты малып, таңып тастаса науқастың жағдайы жақсарады және жағымсыз әсерлерді жоюға көмектеседі. 

4. Сүйек пен тамырдағы аурулар
1 стақан бал мен 1 стақан тұз және 1/5 стақан шомыр шырыны. Барлығын жақсылап араластырып, ауыратын жеріңізді сүртіңіз.

5. Күйікті емдеу
Тұзды таңу арқылы терінің шағын аудандарында орналасқан күйіп қалған жерлерді емдеуге болады. Тұздың әлсіз ерітіндісі зақымдалған ұлпалардың тезірек қалпына келуіне ықпал етеді, ісіну мен ауырсынуды жояды.

6. Тісті емдеу
Тісіңізді аман сақтағыңыз келсе, әр таң сайын 2-3 кесек теңіз тұзын соруыңыз керек. Ол тек тісіңізге емес, қызыл иегіңізге де пайдалы.
146 views13:54
Ашу / Түсініктеме