Get Mystery Box with random crypto!

НӘЗІК ӘЙЕЛ♥

Telegram арнасының логотипі anagakenes — НӘЗІК ӘЙЕЛ♥ Н
Telegram арнасының логотипі anagakenes — НӘЗІК ӘЙЕЛ♥
Арна мекенжайы: @anagakenes
Санаттар: Денсаулық
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 4.99K
Арнадан сипаттама

❤️ Ана мен бала денсаулығы
🧡 Психологиялық кеңестер
💚 Гинекологиялық жауаптар

👉🏼 Аналарға чат: @anagachat
Серіктестік/Жарнама бойынша: @wtsp_bot

Ratings & Reviews

2.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 10

2022-05-28 16:25:47 Адам өмірі үшін аса бағалы дәрумендер мен минералды заттарға бай тағы бір өсімдік – сәбіз. А дәрумені, калий тұзы мен каротинге бай өсімдік ағзадағы тұзды судың айналасын реттеп, судың денеден бөлінуін қамтамасыз етеді.
Пайдалы қасиет сәбіз шырынында көбірек сақталады. Сондықтан да оны кішкентай бөбектер, болашақ және бала емізетін аналар, асқазан, бүйрек, жүрек, қант диабеті ауруына шалдыққан жандардың көбірек пайдаланғаны жөн. Ересек адам күніне 1 стақан сәбіз шырынын пайдаланса, әбден жеткілікті. Тек сәбіз шырыны тұрып қалмауы керек. Ұзақ тұрып қалса, шырынның сапасы өзгеріп, емдік қасиеті жоғалады.
Сәбіз құрамындағы А дәрумені адамның бойын өсіреді, көру қабілеті мен теріні жақсартуға ықпал етеді. Бұл дәрумен жұмыртқа, бауыр және сүт өнімдерінде кездеседі. Сондықтан да, сәбізді осы тағамдармен бірге пайдаланса болады. Сәбізді қаймақпен араластырып пайдаланса, оның құрамындағы каротиннің едәуір бөлшегін адам ағзасы өзіне оңай сіңіре алады.
Еуропа елдерінде сәбізді балмен араластырып сақтайды екен. Мерекелік басқосуларда еуропалықтар бір-біріне балда сақталған сәбіз сыйлайды екен. Бұл «Денсаулығың мықты болсын» деген ниеттің белгісі.
Сәбіздің құрамында каротиннен бөлек адам ағзасына сіңгенде глюкозаға айналатын 6-8 пайыз қант та бар. Ол көбіне сәбіздің сыртқы жұқа қабығында сақталады. Ал ортаңғы өзегі аскорбин қышқылы мен В дәруменіне бай.
Сәбіз қаны азайған адамдарға өте пайдалы. Оның құрамындағы фолий қышқылы қанның қызыл түйіршігі эритроцитке тез айналады. Бұл қышқыл картоп пен ас бұршақта да кездеседі, бірақ оны көбіне қайнатып барып пайдаланамыз. Ал сәбіз шикі күйінде де дәмді. Басқа өсімдіктер сияқты сәбізде де минералды заттар көп. Соған орай бүйрегі, жүрегі, қан тамырлары ауыратын адамға сәбіздің пайдасы мол. Сәбізді көптеген тағам түрлеріне қосып әзірлеуге болады.
Сәбізді тері күтіміне пайдалануға да болады. Дәрумендерге бай сәбізден жасалған маска терінің табиғи қалпын сақтауға, тартылып, тазаруына ықпал етеді. Күйік шалғанда үккіштен өткізілген сәбізді жара-сызаттарға басса, теріде күйік ізі қалмайды.
173 views13:25
Ашу / Түсініктеме
2022-05-27 16:40:22 Артықсалмақтан арылу жайлы көптеген пікірлерді естіп жатамыз. Бірақ қайсы шындыққа сай?
1. «Тез арықтасаң – дәл солай тез арада салмақ қосып аласың». Бұл шындық. Салмақ біресе түсіп, біресе қосылып тұруы ағзаға зиян. Бір айда 1-2 килограмм тастау қалыпты деп есептеледі. Кеңес: егер сәл де болса салмақ тастаған болсаңыз, әрі қарай арықтауға тырыспай, сол салмақты сақтап тұруға тырысыңыз. Егер қолыңыздан келсе, әрі қарай арықтауды жалғастырыңыз.
2. «Физикалық жаттығуларға қарағанда диета тиімді». Бұл тұжырым ақиқатқа сай емес. #Диетаға отырып, физикалық жаттығулармен айналыспау немесе жаттығу залында тер төгіп, кешкі аста қуырылған картоп және бәліштермен қарныңызды тойдырсаңыз, онда арықтау жайлы ұмытқаныңыз жөн.
3. «Арықтаудың бір жолы – аз тамақ жеу». Бұл қулық та іске аспайды. Кеңес: өз порцияңызды білетін шығарсыз, яғни, тәрелкеге қанша жей алатыныңызды салыңыз да, үштен бірін алып тастаңыз. Егер кешкі ас болса – жартысын.
4. «Нан жемеу». Бұл тұжырым да аңыз. Күніне бірнеше тілім қара нан немесе диеталық нан - пішініңізге онша әсер ете қоймайды.
5. «Жаңа піскен көкөністер мен жемістер тоңазытылғандардан жақсы». Олай емес. Егер өнімдерді қосымша тоңазытпай, дұрыс сақтаса олар дәрумендерінен айрылмайды. Мүмкіндік болса, әрине, жаңа піскен жеміс-жидектерді жеңіз, ал басқа кездері тоңазытылғаннан еш зиян жоқ.
6. «Майлы тамаққа «жоқ» деңіз!» Мүлде бас тартуға да болмайды. Майда бірнеше дәрумендер бар, оларсыз Е, Д, А дәрумендерінің тапшылығы болуы мүмкін.
7. «Тағамға дәмдеуіш қосыңыз». Бұл рас. Мысалы, жанжабіл тамыры және күнзе зат алмасуды тездетеді, ал бұл өз кезегінде арықтауға мүмкіндік береді. Карри болса тәбетті басып, май жасушаларының көбеюін баяулатады.
232 views13:40
Ашу / Түсініктеме
2022-05-26 17:36:57 АҒАРТҚЫШ МАСКА

Бұл маска қара нүкте, пигментті дақтар кетіруге көмектеседі. Сонымен қатар, бетті ағартып, қызырғанын және қабынуын басады.

Керек заттар:

Асперин - 6таблетка
Лимон согы - 3ас қасық

Асперинді езіп, лимон согын құйып, жақсылап араластырыңыздар. Беттеріңізге жағып, 10мин кейін ас содасы қосылғап суға жуасыздар(1л суға 1ас қасық ас содасы).

Бұл масканы жатар алдында жасаған дұрыс

Аптасына 1-2рет жасау керек
258 views14:36
Ашу / Түсініктеме
2022-05-25 17:34:32 ҮЙ ЖАҒДАЙЫНДА ШЫНТАҚ ПЕН ТІЗЕНІ АҒАРТУ ЖОЛЫ

Осы әдісті қолданып, тізе және шынтақтарыңызды ағартып алыңыздар

Қырынуға арналған көбік
Қант

Екеуін араластырып, шынтақ пен тізелеріңізге жағыңыздар. Сосын губканың қырғыш жағымен ысқылаңыздар. Таза сумен жуып, ылғалдандырғыш крем жағыңыздар.
318 views14:34
Ашу / Түсініктеме
2022-05-24 18:59:48 1. Иммунитетіңізді көтереді
Ананас шырынының құрамында дәрумендер мен органикалық қышқылдар көп. Олар ағзаның әлсіреуінен және түрлі аурулардан құтқарады.

2. Көздің көруін жақсартады
Құрамында бета-каротин мен А дәрумені бар тағамдардың көзге пайдасы көп екені бәріңізге мәлім. Тіпті қартайғанда да көру қабілетіңіз бұзылмайды.

3. Қызыл иек пен тісіңізді қатайтады
Сонымен қатар ананаста қызыл иегіңіз бен тісіңізді қатайтатын С дәрумені бар. Ол пародонтоз ауруынан аман сақтайды.

4. Буын ауруларына көмектеседі
Егер буындарыңыз ауырып жүрсе, ас мәзіріңізге ананасты қосыңыз. Өйткені оның құрамында бромелайн ферменті бар.

5. Жүрегіңізге де пайдалы
Жүрек-қан тамыр ауруларының алдын алу үшін анда-санда болса да, ананас жеп тұрыңыз.

6. Қан қысымын төмендетеді
Бұл жемісте калий бар. Ол гипертонияға қарсы күреседі.

7. Сүйектеріңізді қатайтады
#Ананас сіздің сүйектеріңізді қатайтады. Себебі онда марганец пен кальций көптеп кездеседі. Бір стақан шырынының өзінде 73% марганец бар. Ол күнделікті мөлшерге жеткілікті.

8. Ас қорыту жүйесін жақсартады
Ас қорыту мүшелерінің құрылысы мен қызметі бірқалыпты жұмыс істеу үшін ананас шырынын ішіңіз.
316 views15:59
Ашу / Түсініктеме
2022-05-23 16:54:35 ҚАТТЫ БОЛЫП КЕТКЕН ӨКШЕЛЕРІҢІЗДІ ЖҰМСАРТАДЫ

Керек заттар:

Асперин - 10таблетка
Жылы су - 1-2ас қасық
Лимон согы - 2-3тамшы

Барлық заттарды араластырып, өкшелеріңізге жағып, пакет киіп, 15мин қойып қоясыздар. Уақыт өткеннен кейін, аяқтарыңызды жуып аласыздар.
766 views13:54
Ашу / Түсініктеме
2022-05-22 17:58:06 АСПЕРИН - ШАШТАРЫҢЫЗДЫ ЖЫЛТЫРАТАДЫ

Аспирин ауырғанда, тазалықта, косметикада қолдануға болады. Бүгін сіздерге аспириннен шашқа арналған маска түрін айтамын

Жылы суға аспериннің 3таблеткасын ерітіңіздер.
Бірінші шаштарыңызды жуып алыңыздар.
Сосын дайын ерітіндімен шаштарыңызды жуыңыздар.
15мин бастарыңызға пакет киіп алыңыздар.
Шаштарыңызды таза сумен шайыңыздар.
Шаштарыңыз кепкен соң нәтижесін көресіздер.
Шаштарыңыз жылтырайтын болады.

Жасап көріңіздер....
1.1K views14:58
Ашу / Түсініктеме
2022-05-21 17:53:22 ЦИНКОВАЯ ЖАҚПАМАЙЫ

Пайдасы :

Қатты тершеңдікті кетіреді(қолтық, аяқ, бақай аралары, омырау асты). Жұқалап жағып, 2-3сағаттан кейін майлықпен сүртіп тастайсыздар.
Безеу кетіруге көмектеседі. Безеуге жағып, біраз уақыттан кейін сүртіп тастайсыздар. Күніне 3-4рет жасайсыздар.
Еріннің жарылуы кетіруге көмектеседі. Жарылған жерге жақпамайды жағып, күні бойы жүресіздер.
Пигментті дақтарды кетіруге көмектеседі. Күніне бір рет жағасыздар. Нәтижесі 3-4аптада болады.
Баланың көтені қызарған кезде қолдануға болады. Баланың көтенің жуасыздар, сосын жақпамайды жағасыздар.
Өкше жарылғанда көмектеседі. Жақпамайды өкшелеріңізге жағып, пакет, үстіне нәски киіп жатасыздар. Таңертең аяқтарыңызды жуып, өкшелеріңізге майлы крем жағасыздар.

Пост пайдалы болса, стористеріңізге салып мені белгілеп кетіңіздер. Достарыңыз да білсін.

Сіздер қандай пайдасын білесіздер? Бөлісе отырыңыздар
370 views14:53
Ашу / Түсініктеме
2022-05-20 18:03:46 ШАШТЫ ҚАЛАЙ ҮЙ ЖАҒДАЙЫНДЯА ҚАЛЫҢДАТАМЫЗ

Қалыңдату үшін пияз және сарымсақты аласыздар.

Бұл екі өнім шаштың түсуінен қорғап қана қоймай шашыңыздың ұзын әрі қалың болып өсуіне өте жақсы көмектеседі

Пиязды үккіштен өткізіп, шашыңыздың түбіне жағыңыз. Басыңызды пакетпен байлап, сүлгімен орап алыңыз. 30мин қалдырыңыз. Бастарыңызды сусабынмен бірнеше рет жуып, жылы сумен шайып алыңыздар.
228 views15:03
Ашу / Түсініктеме
2022-05-19 17:27:10 КӨГЕРГЕНДІ ТАЗАЛАУ

Көгеру ылғал, сулы жерлерде көп болады. Көбіне қабырғалар, терезе қуыстары көгеріп жатады. Осы көгерген жерлерді қалай кетіруге болатының айтамын.

Керек заттар:

Белизна
Ас содасы

Бірінші көгерген қабырғаны суға белизна құйып, жуып аламыз.
Қабырғаның кепкенің күтесіздер(1-2күн).
1-2күннен кейін сулы майлыққа ас содасын жағып, қабырғаны сүртесіздер.
Қабырғаңыздағы көгерген кетіп, тап-таза болып қалады.
541 views14:27
Ашу / Түсініктеме