Get Mystery Box with random crypto!

НӘЗІК ӘЙЕЛ♥

Telegram арнасының логотипі anagakenes — НӘЗІК ӘЙЕЛ♥ Н
Telegram арнасының логотипі anagakenes — НӘЗІК ӘЙЕЛ♥
Арна мекенжайы: @anagakenes
Санаттар: Денсаулық
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 4.99K
Арнадан сипаттама

❤️ Ана мен бала денсаулығы
🧡 Психологиялық кеңестер
💚 Гинекологиялық жауаптар

👉🏼 Аналарға чат: @anagachat
Серіктестік/Жарнама бойынша: @wtsp_bot

Ratings & Reviews

2.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 13

2022-04-24 17:22:08 ТЫРНАҚ САҢЫРАУҚҰЛАҒЫН(ГРИБОК) ЕМДЕУ

Тырнақта грибок пайда болып жатады. Сонымен қатар тырнағымыз сынғыш, қабаттары алынып, тілінеді. Сол кезде осы әдісті қолданыңыздар

Тырнақтарыңызға күніне бір рет йод жағыңыздар. Осы процесті тырнақтарыңыз жазылғанға дейін қайталаңыздар. Нәтижесін береді.

Бірінші йод жаққанда тырнаққа сіңіп кетеді. Ал, егер сіңбейтін уақытқа келгенде емді тоқтатасыздар
136 views14:22
Ашу / Түсініктеме
2022-04-23 16:10:35 ҚҰРМАНЫҢ ПАЙДАСЫН БІЛЕСІЗДЕР МЕ?

Құрма – дәруменге бай жеміс түрі.

Бүгін сіздерге құрманың 10 пайдасын айтамын.

Кеттік онда

Құрма – адамның асқа деген тәбетін жақсартып, жұмысқа деген қабілетін жақсартады.

Фруктоза мен глюкозаға бай бұл жеміс жүйкені тыныштандырып, ұйқыны қалыпқа түсіреді.

Ғалымдардың зерттеуі бойынша, құрманы көп жейтін адамдарда өкпедегі қатерлі дертпен ауру кемде-кем кездеседі екен.

Құрма құрамындағы магний бүйрекке тас жиналмаудың алдын алады. Сондай-ақ ағзадағы тұзды шығаруға көмектеседі.

Мәйегін жарақат алғанда немесе күйген жерге жақса, тез жазылады.

Дәрігерлер құрма жемісін тіс жиегі жиі қанайтын жандар мен туберкулез дертіне шалдыққанда көбірек жеуге кеңес береді.

Құрма – иодқа да бай. Қалқанша безінің қабынуымен ауырғанда бұл жемісті жеу дертке дауа болады.

Қаныңыз аз болса, бұл жемістің өзінен немесе жапырағынан шай жасап ішуіңізге болады.

Құрма құрамындағы маносахрид жүрек бұлшықеттеріне пайдалы.

Құрма құрамындағы «А» және «С» дәрумені иммунитетті көтеріп, суықтаудың алдын алады.

Бір құрманың осыншама пайдасы бар.....

Құрманы жақсы көресіздер ме?
401 views13:10
Ашу / Түсініктеме
2022-04-22 18:05:11 ҮЙ ЖАҒДАЙЫНДА ЖАРЫЛҒАН ӨКШЕНІ ЕМДЕУ

Жаз мезгілі келуге жақын қалды. Өкше жарылу сияқты проблемалар басталады. Өкше ашық аяқ киім кигендіктен, артық салмақтан жарылады.

Сіздерге жарылған өкшені үй жағдайында емдеу жолын ұсынамын

Керек заттар

Сутек асқан тотығы 3%
Сірке суы 9%
Глицерин
Өкшені қыруға арналған жұмсақ қырғыш

Аяқтарыңыз сиятындай ыдыс алып, 1,5литр ыстық су құйыңыздар.
5ас қасық сутек асқан тотығын қосыңыздар.
Аяқтарыңызды салыңыздар(қатты жарылған болса, біраз отырыңыздар)
10-15мин отырғаннан кейін, жұмсақ өкше қырғышты алып, жарылған жерлерді ақырындап ысқылаңыздар.
Судан алып аяқтарыңызды құрғақ сүлгімен сүртіңіздер.

Бұл әдісті аптасына 1рет жасау керек

Ерітінді жасаймыз

Глицерин 3ас қасық + 1ас қасық 9%сірке суы=араластырыңыздар.
Осы қоспаны жарылған өкшелеріңізге жағыңыздар.
Аяқтарыңызға нәски киіп, ұйықтаңыздар.
Таңертең тұрғанда жылы сумен жуып аласыздар.

Бұл қоспаны күнде жасасаңыздар болады

Сіздер қандай әдістерді білесізлер?
69 views15:05
Ашу / Түсініктеме
2022-04-21 17:29:27 ҮЙ ЖАҒДАЙЫНДА АҒАРТҚЫШ МАСКА

Керек заттар

Аспирин - 1кофе қасық
Сутек асқан тотығы 3% - 1шәй қасық
Айран(қаймақ, алоэ) - 1ас қасық
Витамин Е - 3-4тамшы

Аспиринді ұнтақтайсыздар.
Кішігірім ыдысқа 1кофе қасыұнтақталған аспирин салыңыздар.
н тотығы, 1ас қасық айран(қаймақ, алоэ) және витамин Е103-4тамшы қосыңыздар.
Жақсылап араластырыңызда.
Беттеріңізге жағып, 30мин кейін жуып тастайсыздар.
Нәтижесі
203 views14:29
Ашу / Түсініктеме
2022-04-20 17:16:45 БАЛДЫҢ САПАСЫН ҚАЛАЙ АНЫҚТАЙМЫз

Қазіргі кезде балдың түрі өте көп. Бірақ біз оның қайсысы табиғи, қайсысы жасанды екенін білмейміз. Сондықтан, сіздерге балдың сапасын анықтау әдістерін ұсынбақшымын.⠀

Таза балды мына белгілер арқылы білуге болады:

Таза бал ешқашан сұйық болмау керек.
Балды саусаққа жағып көріңіздер. Біраз уақыт өткен соң саусағыңыз бір-біріне жабыса бастаса, демек балға қант қосылғаны.
Табиғи балдың өзіне тән хош иісі болады, ал жасанды балда иіс болмайды.⠀

Табиғи балдың сапасын үй жағдайында қалай анықтаймыз

1стақан жылы суға 1 шәй қасық бал салып ерітесіздер және 1 сағатқа қалдырасыздар. Сапасы төмен бал стақан түбінде тұнба болып қалады.
Қағаз бетіне аз мөлшерде бал тамызыңыздар және күтіңіздер. Сапалы бал өзгермейді, ал жасанды бал қоңыр түске айналады.
Балды қасыққа салып, отқа қыздырыңыздар. Жасанды бал жанады.
1стақан жылы суға 1ас қасық бал салып, ерігенше араластырыңыздар және бірнеше тамшы йод тамызыңыздар. Егер су көк түске айналса, балға крахмал қосылған.

Бал жақсы көресіздер ме? Қаншалықты сатып аласыздар??⠀
531 views14:16
Ашу / Түсініктеме
2022-04-19 17:00:57 ҮЙ ЖАҒДАЙЫНДА ШАШТЫҢ ТҮСУІНЕ ҚАРСЫ МАСКА ДАЙЫНДАУ

Шаш витамин жетіспегеннен, қан аздықтан, дұрыс тамақтанбау, күйзеліс, т.б себептерден түседі.

Үй жағдайында шаш түсуіне қарсы маска ұсынамын

Керек заттар

Майсана майы - 1ас қасық
Бал - 1шәй қасық
Жұмыртқа сарысы - 1

Барлық заттарды араластырыңыз.
Микротолқынды пешке салып, жылытып алыңыз.
Шаш түбіне жағып, 1-2мин массаж жасаңыз.
Басыңызға пакет киіп, сыртынан жылы бас киім киіңіз.
30мин қойыңыз.
Уақыт өткеннен кейін, басыңызды шампуньмен жуып аласыз.

Аптасына 1-2рет жасауға болады

Тұрақты жасау арқылы нәтижеге жетесіздер(2ай)
939 views14:00
Ашу / Түсініктеме
2022-04-18 16:38:15 ҮЙ ЖАҒДАЙЫНДА ҚОЛТЫҚТЫҢ ҚАРАЙҒАНЫН КЕТІРУ ЖОЛЫ

Осы сұрақ маған жиі келеді. Сіздерге қазір үй жағдайында жасалатын скраб түрін ұсынамын

Керек заттар:

Бал - 1шәй қасық
Белсендірілген көмір - 2таблетка

Балға 2таблетка белсендірілген көмір салып(ұсақтап), жақсылап араластырып, дайын скрабты қолтықтың қарайған жеріне жағып, 2мин кейін сүртіп тастаңыз.

Белсендірілген көмір теріні шаң, кір, токсиндерден тазартады.

Бал теріні витаминмен, минералмен нәрлендіреді.

Скрабты аптасына 2рет жасау керек
1.2K views13:38
Ашу / Түсініктеме
2022-04-17 16:59:26 АЯҒЫҢЫЗ ТЕРЛЕМЕЙТІН БОЛАДЫ

Менің аяғым тершең, тек терлеп жүремін деген сұрақтар көп келеді маған. Енді осы тершеңдіктен құтылу үшін мына әдісті қолданып көріңіз.

Керек заттар:

Жылы су - 2л
Фурацалин - 2таблетка

Бірінші аз суға Фурацалинді ерітіп алыңыз. Дайын ерітіндіні суға қосып, жақсылап араластырып, осы ерітіндіде аяғыңызды 15мин салып қойыңыз. Уақыт өткеннен кейін ақ сүртетін сүлгі үстіне аяғыңызды қойып, өздігінен кепкенін күтіңіз.

Күн сайын жасауға болады

Нәтиже 3-4қолданудан кейін көрінеді
1.4K views13:59
Ашу / Түсініктеме
2022-04-16 17:01:33 БЕТТЕРІҢІЗ ЖҰП-ЖҰМСАҚ

Үй жағдайында күнделікті қолданатын заттардан маска түрін ұсынамын. Беттеріңіз баланың бетіндей болады

Керек заттар:

Сұлы жармасы - 2ас қасық
Сүт - 1ас қасық
Жұмыртқа сарысы - 1

Керек заттардың барлығын блендерге салып, езіңіз. Маска дайын.

Бетіңізге жағып(өзіңізге қалай ыңғайлы қолмен немесе щеткамен), 15мин кейін жылы сумен жуыңыз.

Беттеріңіз жұмсақ және баланың бетіндей болады.

Жасап көріңіздер…
1.5K views14:01
Ашу / Түсініктеме
2022-04-15 17:30:15 ӨКШЕҢІЗГЕ ЙОД ЖАҒЫҢЫЗ, СОНДА БӘРІ ЖАҚСЫ БОЛАД

Йод - адам организмі үшін керек ең қажетті элемент.

Йодтың адам организмдегі мөлшерін білу үшін мына әдісті қолдансаңыздар балады

Кешке өкшеңізге йодты 1×1см етіп тор (йодовая сетка) сызасыздар.
Аяқтарыңызға жылы нәски киесіздер.
Ертең таңертең өкшелеріңізді қарайсыздар. Егер, йод сол қалпы тұрса, сізде йод жеткілікті. Ал, йод сініп кетсе, онда сізде йод жетіспейді.
Осылай күнде, өкшелеріңізге йод арқылы тор жасайсыздар(йод жетіспесе).

Өкшелеріңізге йод арқылы тор жасау қанайналымды жақсартады және аяғыңыздың ісінуін кетіреді.
Йод организмнің қорғау функциясын жоғарылатады.
Мұрыннан су аққан кезде де йодтан осындай тор жасау пайдалы.

Йодты өкшеге 1×1см етіп, тор сызасыздар. Түгелдей сызбаңыздар, өкшелеріңіз күйіп қалуы мүмкін.

Аптасына 3-4рет жасау жеткілікті
1.7K views14:30
Ашу / Түсініктеме