Get Mystery Box with random crypto!

НӘЗІК ӘЙЕЛ♥

Telegram арнасының логотипі anagakenes — НӘЗІК ӘЙЕЛ♥ Н
Telegram арнасының логотипі anagakenes — НӘЗІК ӘЙЕЛ♥
Арна мекенжайы: @anagakenes
Санаттар: Денсаулық
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 4.99K
Арнадан сипаттама

❤️ Ана мен бала денсаулығы
🧡 Психологиялық кеңестер
💚 Гинекологиялық жауаптар

👉🏼 Аналарға чат: @anagachat
Серіктестік/Жарнама бойынша: @wtsp_bot

Ratings & Reviews

2.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 15

2022-04-04 17:21:47 БАЛАДА ІШ ҚАТУ - нәжістің шығуы кешеуілдеуімен және консистенциясы тығыздалып, қатаюымен жүретін ішек жолдары қызметінің бұзылысы.

Қалыпты үлкен дәретке қанша күнде бару керек?

Жаңа туылған нәресте алғашқы 4 айында күніне- 6-7 ретке дейін;
5 айдан - 2 жас аралығында күніне - 2-3 ретке дейін.
2 жастан жоғары балалар күніне -2 рет немесе 2-3 күнде 1 рет. Аптасына 2-3 рет барса қалыпты саналады.

егер балада мазасыздану, күшеніп жылау болмаса 7-10 күнге дейін нәжіс шығармауы, сонымен қатар нәжісі жұмсақ болуы қалыпты, іш қату емес деген сөз. Емді қажет етпейді.

Қай кезде іш қату деп айтамыз?

Егер бала ұзақ уақыт үлкен дәретке отырмаса , мазасызданып, күшеніп жыласа, сонымен қатар, нәжісі қатты, тығыз, құмалақ тәрізді болса, балада іш қату бар.Емді қажет етеді.

Іш қатудың себебі қандай?

Жаңа туылған нәрестеледе- анасы суды, сұйықтық аз ішкенде, іш қатыруға әкелетін тағамдар көп тұтынып, клечаткасы көп тағамдар ( көкөніс, жемістер) аз тұтынғанда, емізу кезектілігін сақтамағанда. Ал смесь ішетін балаларда - дұрыс емес смесь таңдағанда, су ішпеу.
Қосымша тамаққа көшкен балаларда (6 айдан асқан)- глютені бар кашалар жеуі, көкөніс, жемістер аз жегенде, Сиыр сүтін көп ішкенде, су аз ішкенде.
Мектепке дейінгі және Мектеп жасындағы балаларда -баланы Горшокқа мәжбүрлеп үйретуде, балабақшаға немесе мектепке үйренісуінде, стресс, су аз ішуі, клечаткаға бай тағамдар жемегенде, қолайсыз жағдай, тамақтану режимі бұзылғанда, майлы және тез дайындалатын тағамдар, іш қатуға әкелетін тағамдар көп жеуі.

Сонымен қатар созылмалы іш қатулар себебі:

Бала өтінде застой болғанда;
Лактазды ферменттер жүйесі жеткіліксіздігі және тума ішек аурулары.
Тік ішекте трещина болғанда - ауырсыну болатыны себепті бала нәжісін шығармай жүре береді.
Ішекте іш құрт, паразит және лямблиоз, кандидоз кезінде де іш қатады.

Баланы жиі-жиі тосып тұру керек, себебі кей балалар ойын қызуымен үлкен дәрет келіп тұрса да бармайды. Нәжіс жоғары көтеріліп, ішекті созып,тұрып қалады.Ал, дефекация шақыратын рецепторлар сезгіштігі төмендеп, дәретке бару сигналы төмендейді, іш қатады.

Емі қажет пе? + қоя кетіңіз
2.4K views14:21
Ашу / Түсініктеме
2022-04-03 16:36:06 "Баламды горшоккқа қалай үйретсем екен ?" - деген сынды сұрақтарға жауап!

Жөргектер пайда болмай тұрған уақыттарда аналарымыз, апаларымыз туыла салысымен баланы тосу арқылы өздігінен дәрет сындыруға үйреткендерін айтып жатады. Ия, ол уақыттарда бір жағынан мәжбүрлі түрде де ертерек үйреткен. Қәзір біздің заманымызда дайын бір реттік және көп қолданбалы жөргектер пайда болғаннан бастап, баланы ерте тосу түсінігі өте сирек кездеседі десек болады.

Баланы ерте тосу - жас нәресте кезеңінен бастап шартсыз рефлексті қалыптастыру. Баланы дәрет қысқанда мазасызданып, өздігінен жылай бастайды.Сол уақытта тосып отырса, шартсыз рефлекс түрінде қалыптасып кетеді екен.Уақыт аралығында қадағалап отырып, қалыптастырса болады.

Жас нәресте кезінен бастап үйретпей, орта жолдан горшокқа баламды үйретем деп босқа жүйкеңізді, уақытыңызды жұмсамаңыз. Өйткені қалыптаспаған рефлекс болмаған соң, балаға кіші және үлкен дәретке бару сигналы келмейді.

Кей балалар 1 жас 8 айында, кей бала 2-2,5 жасында өзінің денесін ТОЛЫҚ сезіне бастайды.Сол кезеңде балада дәретке барғысы келу СИГНАЛЫ пайда болады. Дәретке бару сигналы келген уақытта, Сіз бұйырмасаңыз да өздігінен горшоққа отырады.

Баланы қорқыту, ұрысу , бұйыру арқылы үйретем деп әуере болмаңыз, БАЛАҒА ҮЛКЕН СТРЕСС алып келесіз.Ойлаңызшы, сізге біреу әжетханаға отыр деп команда берсе, бара алмайсызғой, сол секілді баланы ұрысып, мәжбүри отырғызуға болмайды.

Сізден әрекет:

Горшокты тек 1 орынға қойып-қойыңыз.Тек сол жерде тұруы керек. Балаға көрсетіп, әжетхана екенін түсіндіресіз.
Бала ұйқысынан тұрғанда, далаға шығарда, тамақ жеп болғанда ұсынып көріңіз, қаламаса мәжбүрлемеңіз.
Егер бүлдіріп қойса, ұрыспаңыз.

Қызым Мәриям 2 жас 1 айында өздігінен горшокқа өзі отырды. Алдын артынан горшокты бірге ергестіріп жүруші едім, бірақ онымнан ешқандай нәтиже болмады. Қәзір өзі барып отырады.

Балаңыз қанша жасында отырды ?
2.2K views13:36
Ашу / Түсініктеме
2022-04-02 16:18:29 БАЛАНЫ БЕСІККЕ БӨЛЕУ ҚАНШАЛЫҚТЫ ДҰРЫС НЕМЕСЕ ЗИЯНДЫ ЖАҒЫ БАР МА? ОСЫНДАЙ САУАЛДАР МАЗАЛАСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН БОЛАМЫН.

Соңғы уақыттары БЕСІККЕ баланы бөлеуге болмайды деген пікір педиатр-дәрігерлер арасында көбейіп жатыр.

Көзқарастары бойынша баланы БЕСІККЕ бөлегенде мынандай кері әсері болады дейді:⠀
Баланы қатты байлап, таңып тастағанда қан-айналым нашарлайды, бала еркін қозғалыстан қалады, дамуы кешеуілдейді ;
Бала ұйықтағанда барлық бұлшық-ет жүйесі, буындары босаңсиды. Сол кезде Баланы тербеткенде басы шайқалып, мойын омыртқасына зақым әкелуі мүмкін және тыныстың тарылуына әкеп соқтырады.

АЛ, МЕН БҰЛ ПІКІРЛЕРДІ ЖОҚҚА ШЫҒАРМАЙМЫН. ӘРИНЕ, БІР ЖАҒЫНАН ДҰРЫС.

АЛ, БЕСІКТІҢ ПАЙДАЛЫ ТҰСЫН АЙТСАҚ:

Бала жылы жатады. Ары-бері аунамайды, үсті ашық қалмайды.
Балада терең әрі, сапалы ұйқы болады. Өйткені, қозғалып кетсе, бала ояна беретіні барғой.
Бала таза болады.Бесікте арнайы зәрін жіберетін түбегі, шүмегі бар. Жөргектен босайды.
Ең бастысы, Анасы тербетіп,бесік жырын айтады.Оның өзі бөлек әңгіме. Бесік жырының тәрбиелік мәні де бар.

Ғалымдардың айтуы бойынша 1 жасқа дейінгі балалар өлімінің көп бөлігі тербеткіш люлька-баунсер, шезлонг тербеткіш, электронды орындық тербеткіштер себебінен болады екен.

10°-қа ҚҰРЫЛҒЫНЫҢ беті иілгенде,баланың басы алға иілгенде, баланың басы шайқалып, тыныс-алу мүшелерін қысып қалады, балада өлім болады дейді.Сонымен қатар бала етбетімен аунауы оңай болып,ішімен жатып қалса, тұншығу мүмкіндігі жоғары болады.

СОНДА БЕСІККЕ БӨЛЕМЕУ КЕРЕК ПЕ?

Баланы 24 сағат емес,1 мезгіл жатқызса болады.

Ол үшін:
- баланы қатты қысып байламаймыз , бостау байлауға болады.
- Қатты тербетуге болмайды . Ақырын, баланың басы қатты шайқалмайтындай болуы керек .
- түнде бесікке жатқызбаймыз.Бала Анасының қасында жатқаны дұрыс. Сонда өзін жақсы сезініп, еркін ұйықтайтын болады.

СІЗ БЕСІККЕ ЖАТҚЫЗАСЫЗ БА?ПІКІРІҢІЗ МАҢЫЗДЫ!
2.3K views13:18
Ашу / Түсініктеме
2022-03-02 18:12:22 БАЛАНЫҢ СӨЙЛЕУІН ҚАЛАЙ ДАМЫТАМЫЗ?

Балаңыз ішіңізде жатқан сәттен бастап көп сөйлесіңіз Әрине, кейбіреулеріне ол біртурлі көрінуі мумкін, бірақ, тунде ұйықтар алдында, ешкім жоқ сіз және балаңыз
Баламен туа сала сөйлесіңіз, сізге ештеңе тусінбейтін сияқты көрінуі мумкін, бірақ бала анасымен тығыз байланыста болғандықтан, сізді тусінеді
Сөйлейтін сөзіңізді байқаңыз. Жақсы, әдемі сөздерді көп айтыңыз. Сіздер уйде қандай сөзді көп қайталайтын болсаңыздар, баланың тілі дәл сол сөздермен шығады, сеніңіз
Кішкентай болсада баланы таңғалдырудан жалықпаңыз!
Далаға көп шығарып қыдыртыңыз, жаңа нәрселерді көрсетіңіз, айналадағы заттармен таныстырыңыз
Бала туыла сала алақанына, табандарына массаж жасаңыз. Бұл баланың миының дамуына оң әсерін тигізеді
Балаға әр нәрсенің атын айтып үйретіңіз. Мысалы, ол машина, мысық, ит деген сияқты. Аф-аф, вум деген сөздерді пайдалануды доғарыңыз
Телефон, гаджеттерді пайдаланғаннан гөрі, миын сергітетін, дамытатын ойындар ойнауға тырысыңыз.

Әр бала өзінше бір тұлға екенін ұмытпаңыз! Басқаның баласы ерте сөйледі екен деп сіздің балаңызда дәл сол уақытта сөйлеп кетуге міндетті емес! Соны біліңіз!

Ең бастысы балаңызға сеніңіз, сенетініңізді көрсетіңіз!

Көп көңіл бөліңіз!
356 views15:12
Ашу / Түсініктеме
2022-03-01 15:23:52 ҚОЛТЫҚТАҒЫ ЖАҒЫМСЫЗ ИІСТІ КЕТІРУ ЖОЛДАРы

Қолтық терлеу, жағымсыз иіс, бұл қазіргі қыз-келіншектердің негізгі проблемасы болып табылады.

Осы проблемадан құтылу үшін мен сіздерге бірнеше кеңестер ұсынбақшымын

1-әдіс. Марганцовкадан

3-4 түйір марганцовканы 1 стақан қайнатылған жылы сумен араластырыңыздар.
Осы сумен күніне 3-4 рет қолтығыңызды жуасыздар.
Бұл ерітінді қолтықтың терлеуін тоқтатады, жағымсыз иісті жояды және түктерді кетіреді.
Емді үзбей 2 апта жүргізесіздер.

2-әдіс. Ас содасы

100 мл жылы суға 1 шай қасық ас содасын араластырасыздар.
Осы ерітіндіні қолтығыңыздың айналасына жағасыздар.
Емді тәулігіне 5 рет қайталаңыздар.
Ас содасы қолтықтың терлегенін тоқтатады әрі түктің өсуін тежейді.

3-әдіс. Лимон

Лимон жағымсыз иіс тудыратын бактерияларды өлтіреді.
Одан құтылу үшін 1-2 тамшы лимон шырынын қолтығыңызға жағасыздар.
Бірнеше минуттан соң дымқыл сүлгімен сүртесіздер.
Ал лимон шырыны мен суды араластырып, дезодорант ретінде сеуіп жүрсеңіз де оң нәтижеге қол жеткізесіз.

Қолтықтарыңыз терлейді ме?? Сіздер қандай әдістер қолданасыздар?
807 views12:23
Ашу / Түсініктеме
2022-02-28 18:24:49 ДЕНІ САУ БАЛАНЫҢ ҰЙҚЫСЫ

Жас аналарды алаңдататын жағдай ол баласының ұйқысы.
Әрбір бала өз жасына сәйкес, өз уақытында ойнап, өз уақытында ұйықтап демалып алғаны дұрыс. Олай болса төменде бала жасына сәйкес кундізгі және тунгі ұйқы нормасы берілген:

1-1,5 жас: күндізгі ұйқы 2 рет (1-шісі 2-2,5 сағат, 2-шісі 1,5 сағат ) түнгі ұйқы 10-11 сағат;
1,5-2 жас: күндізгі ұйқы 1 рет, ұзақтығы 2,5-3 сағат, түнгі ұйқы 10-11 сағат;
2-3 жас: күндізгі ұйқы 1 рет ұзақтығы 2-2,5 сағат, түнгі ұйқы 10-11 сағат;
әрі қарай 7 жасқа дейін ұзақтығы 2 сағат күндізгі ұйқы, ал түнгі ұйқы 10 сағат;
7 жастан жоғары күндіз ұйықтамаса да болады, ал түнде 8-9 сағаттан кем емес болуы тиіс

Бөлме жағдайы қандай болуы тиіс:
Оптимальды температура 18-20’С
Ылғалдылық 50-70%
Баланы артық мөлшерде орып, қалың көрпе жаппаңыз
Бөлмеде шаңды тез ж/е көп жинайтын ойыншықтар, және де мебель қоюдың қажеті жоқ;

Балаңыз 21:00 де ұйқыға жатуын қадағалаңыз!

Себебі, ұйқы адам өміріндегі ең маңыздысы! Баланың денсаулығы мықты болсын десеңіз ұйқысына аса мән бергеніңіз абзал!
484 views15:24
Ашу / Түсініктеме
2022-02-27 15:28:51 ЖҰМЫРТҚАДАН ЖАСАЛАТЫН ШАШ МАСКАЛАРЫ ⠀

Жұмыртқаның құрамы А, В, Д, Е дәрумендері мен кальцийге, ақуызға, протеинге, холестеринге бай. Бұл минералдар мен дәрумендер денсаулық пен шаш үшін өте пайдалы.

Шашты нәрленді⠀

Құрғақ әрі өңсіз шашты ылғалдандыру үшін мына масканы жасаңыз. Ол үшін жұмыртқа сарысы, майсана майы, қыша және қант қажет. Әрқайсысын бір ас қасықтан салып араластырыңыз. Дайын болған масканы шаш түбіне, құрғақ және өңсізденген ұштарына жағу керек. Бұл маска құрамында қыша болғандықтан шаштың өсуіне көмектесіп, оны нәрлендіреді. 20-30 минут ұстаған соң, жылы сумен шайып, кейін қалаған сусабыныңызбен жуа аласыз. Аталмыш масканы аптасына 2-3 рет қайталаңыз.⠀

Шашты жылтыратады⠀

Шашты жылтырату үшін жұмыртқа мен лимон шырынынан жасалған масканы пайдаланып көріңіз. Ыдысқа шашыңыздың көлеміне жететіндей етіп жұмыртқа жарып, 2-3 қасық лимон шырынын қосыңыз. Әбден араластырып, шашқа және түбіне жағып шығыңыз. Целлофан қалта киіп, 20-30 минутқа қалдырыңыз. Жылы сумен немесе кондиционермен шайыңыз. ⠀

Шашты өсіреді⠀

Бал мен жұмыртқа маскасы шашты өсіру қабілетіне ие. Бір жұмыртқаны жарып, ас қасық сұйық балды қосу керек. Дайын болған масканы шашқа жағып, 30 минуттан кейін жылы сумен жуып тастайсыз. ⠀

Ұштанған шаш ⠀

Жұмыртқаның ақ бөлігі, зәйтүн майы, бадана майы ұштанған шашпен күреседі. Ақ бөлігінен сары бөлігінен бөліп, бір ас қасық зәйтүн майын, бадана байын қосасыз. Целофан қалтаның сыртынан сүлгі орап алғаныңыз дұрыс. 30 минуттан кейін сусабынбен жуып тастаңыз. ⠀

Қайызғаққа қарсы

Ошаған, майсана майынан бір қасықтан алып, лимон шырыны мен жұмыртқа қоспасына қосасыз да, арнайы құралмен жақсылап араластырасыз. Бұл маска үшін де 30  минут жеткілікті. ⠀

Әлсіз шаш⠀

Күңгірттенген, жұқа, зақымдалған, әлсіз шашты берік ету үшін де жұмыртқа маскасына жүгініңіз. Жұмыртқаны жарып, ас қасық коньяк пен зәйтүн майын қосасыз. Бұл масканы 1 сағатқа дейін қалдыруға болады. Артынан сусабынмен жуыңыз.⠀

Маскаға арналған жұмыртқа ескірмеген әрі бөлме температурасымен бірдей болу керек. Маскалар құрғақ шашқа жағылып, сусабынсыз жылы сумен жуылады, бірақ шашқа арналған кондиционерді қолдануға тырысыңыз
571 viewsedited  12:28
Ашу / Түсініктеме
2022-02-26 17:21:48 ШАШЫҢЫЗ ТЕЗ МАЙЛАНАДЫ МА?

Шаш майлану себептері:

гормональды бұзылулар
стрес
ұйқының қанбауы
шашты дұрыс күтпеу

Шаштың майлылығын азайту үшін:

Шаш түбіне кондиционер, бальзам қолданбаңыздар.
Бастарыңызды жылы сумен жуыңыздар.
Бастарыңызды жуып болғаннан кейін, шаш түбін шалфея қайнатпасымен сүртіңіздер.
Шашқа арналған розовый және жасыл глинаны аптасына 2рет қолданыңыздар.
Фень қолданбаңыздар
Күніне 1,5литр су ішіңіздер.
Шаштарыңызға тек майлы шашқа арналған сусабын қолданыңыздар.

Сіздің шашыңыз қандай типке жатады
533 views14:21
Ашу / Түсініктеме
2022-02-25 12:21:23 ТЕРІСКЕН ТЕРІС ҚАЙТ деп
бала кезімізде көзімізге теріскен шықса  оң көзімізге шықса 3 рет сол қолымызбен қабағымызды  тартып, сол көзге шықса оң қолымызбен тартатын едік қой ия?

Әрине бұл әдісті  балалықпен жасаған шығармыз,

Теріскен (ЯЧМЕНЬ)  -кірпіктің түбіне, тері және мейбомий бездеріне инфекция түскенде пайда болады.

Ауру тудыратын: 90%-стафилококк

(жуылмаған қолмен уқалау,
кірпік жабыстырғанда, инфекция стафилококк бактериясы инструмент арқылы).

Кірпіктің түбі ісінеді, қызарады,ауырады,ірің жиналған түйін пайда болады.

Теріскенді қатты сығуға болмайды
, ол инфекцияның  көз ішіне таралуына әкеледі.

Емі күніне 3-4 рет жылы сумен компресс қою.(стерильді марліні жылы қайнатылған суға малып компресс қылып басасыздар)
Ыстық сумен жасап күйдіріп алмаңыздар!!!

Теріскен 3-4 күнде ірің сыртқа шығып жазылады

Ал , сізге теріскен шықтыма???
369 views09:21
Ашу / Түсініктеме
2022-02-23 17:12:19 ӨКШЕДЕН ҚАН АЛУ

Жаңа туылған нәрестенің өкшесінен босану үйінде(роддом) арнайы бланкаға қан тамшысын жағады, кептіріп генетикалық лабораторияға жібереді.

Мұны "неонатальді скриниг" деп атайды!

Мақсаты:
Тұқым қуалайтын ауыр ауруларды ерте анықтау, анықталған жағдайда емді ерте, уақытылы бастау үшін.

Мына ауруларды анықтау үшін
1.Гипотиреоз
2Фенилкетонурия
3.Галактоземия
4.Мукополисахаридоз
5.Андрогенитальный синдром

Бұл аурулар баланың өсіп, ақыл- ойының дамуына кедергі келтіретін, мүгедектікке, өлімге алып келетін аурулар!!

Анализді қашан алады?

Уақыты жетіп туылған балалардан  2-3күндері
Мерзімінен ерте туылған балалардан 7 күндері
Баланы тамақтандырғаннан соң 3 сағаттан соң алынады

Қан құрамындағы қалқанша безі гормондары мен фенилаланинді зерттейді.

Өзгеріс болса сіздің поликлиника ға жібереді результатын,сізге хабарласады(телефон мен адресті дұрыс айтқан жөн)!

Егер анализ результаты жақсы болса сізге хабарласпайды!

Сіздің балаңыздан осы анализді алдыма? Әлде отказ жаздыңызба??
602 views14:12
Ашу / Түсініктеме