Get Mystery Box with random crypto!

ІШ ҚАТУДЫ ДӘРІСІЗ ЕМДЕУ Ағзасы дұрыс жұмыс істеп тұрған адам | Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік

ІШ ҚАТУДЫ ДӘРІСІЗ ЕМДЕУ

Ағзасы дұрыс жұмыс істеп тұрған адам күніне 1рет үлкен дәретке бару керек. Іштеріңіз қатқан жағдайда, дәрісіз емдеудің жолдарын ұсынамын

СУ ІШУ

Күніне жеткілікті су(1,5-2л) мөлшерін ішіңіздер. Суды таңертең аш қарынға, ас ішуден 30мин бұрын, ас ішкеннен соң 1сағ кейін, кешкі алтыға дейін ішкендеріңіз жақсы.

ҚОЗҒАЛЫС

Адамда қозғалыс болмаса, ағза дұрыс жұмыс істей алмайды. Сондықтан, күніне 2-3сағат серуендеңіздер.

ДҰРЫС ТАМАҚТАНУ

Күнделікті дәнді дақылдар, көкөністер, жемістерді ас мәзірлеріңізге қосыңыздар. Мысалы, қырыққабат, сәбіз үлкен дәретке шығуға жақсы көмектеседі.
Жеміс, көкөністерді күніне 2 мәрте тұтыныңыздар.
Дәнді дақылдарды 1рет тұтыну жеткілікті.

Жоғары сұрыпты нан өнімдерінен бас тартыңыз(егер сізде іш қату болса)

КЕПКЕН ҚАРА ӨРІК ПЕН САРЫ ӨРІК

Таңертең ашқарынға сумен бірге 3-4 кепкен қара өрікті(сары өрік)жақсылап шайнап жеңіздер. Дәретке шығуға жақсы көмектеседі.

ҚЫЗЫЛША

Қызылшаны орташа қайнатып, тёркадан өткізіп, ішіне дәмдеуіш майларын қосып тамақпен салат ретінде жеңіздер. Дәруменге бай және үлкен дәретке шығуға көмектеседі. Салатқа сұйық май қосып жеңіздер.

Сізде іш қату проблемасы барма?