Get Mystery Box with random crypto!

КЕЗ КЕЛГЕН ІСТІ СОҢЫНА ДЕЙІН ЖЕТКІЗУДІҢ ЖОЛЫ ⠀ “Кемелден» Оқыр | Алмат Жайлаубаев

КЕЗ КЕЛГЕН ІСТІ СОҢЫНА ДЕЙІН ЖЕТКІЗУДІҢ ЖОЛЫ

“Кемелден» Оқырмандар Клубының мүшесі Айжамал ханымның 2-ші Вебинардан кейінгі түйіні. [Ешнәрсесін өзгертпей салып отырмын.]

Соңына дейін оқып, өз пайдаңызға қолданыңыз, досым!

“Сәлеметсіздерме.
Менің жазу стилім өте қарапайым болғандықтан, алдын ала кешірім сұраймын. Мен 6 сынып қана қазақша оқыдым. Менікі фишка, инсайт емес, конспект сияқты болып көрінді өзіме.

Бастаған істі соңына дейін жеткізу

Қазіргі таңда ең трендовый тақырыптардың бірі - бұл қалай энергиямызды толық бір іске арнап, соны соңына дейін жеткізу болып табылады. Алмат мырза өткізген екінші вебинарда 4 қажетті нәрсені айтып өтті.

1. Фокус - яғни, адам өзінің күшті қасиетін тауып, соған фокус қойып, соны дамыту. Мысалы, мен халықаралық қатынастар саласын қатты жақсы көремін. Бүгін бір имейл жазсам, ертең кездесуді белгілесем, үшінші күні кездессем, келіссөздер жүргізіп, бір келісім- шартқа қол қойылса, осы менің жетістігім болады. Фокусты жоғалтпай, бастаған іске күнде бір қадам жақындау.

2. Темірдей тәртіп. Адам ерте тұруды алдына мақсат етіп қойды ма, бірден ертесіне таңғы 5 те тұрып алып, тірлік бастап кетсек, ол денсаулыққа зиян болып қалуы мүмкін. Сондықтан, бұл дағдыны ақырындап дамыту керек. Әр апта сайын 15 минутқа ерте тұру. Сонда 1 айда 1 сағатқа ерте тұра алатындай организм үйренеді екен.

3. Әрекет. Мақсаттың екі түрі бар екен. Ұзақ мерзімді және 1 жылдық. Сол мақсаттарымызды қойып алғасын, оның орындалуы үшін әрекет жасау керек. Таңертең тұрғанда терезені ашып, миды, денені ояту үшін таза ауа жұтыңыз. Су ішу керек. Миды, денені дайындап алсақ, әрекетке көшу керек.

4. Табандылық, қайсарлық, ерік-жігер. Алдымызға қойған мақсатқа жету үшін бізге ең қажетті қасиет - табандылық. Бүгін 25 бет кітап оқуым керек дедік пе, оқу керек. Достар шақырып қалса, жоқ деп айта білу керек. Кейде бізге дискомфорт жасайтын жағдайлар шығады, сонда табандылық көрсете білген адам, бастаған ісін соңына дейін жеткізе алады.

Енді осы қасиеттерді адам ретінде елестетсек, фокус - адамның басы. Темірдей тәртіп - бұл омыртқа. Әрекет - аяқ пен қол. Табандылық - жүрек.

Бір істі соңына дейін жеткізу үшін осы 4 нәрсе керек.

Неге біз бір істі соңына дейін жеткізе алмаймыз? Өйткені бізде блоктар бар, яғни бұғаттау жолдары:

1. Дұрыс емес мақсат қою. Біреудің мақсатымен өмір сүру. Өзіңізге қажетті емес нәрсе үшін ұмтылу.

2. Кейінге қалдыру. Ол бәрінде бар қасиет. Кейін жасай саламын деп, көп нәрсе өз уақытында орындалмай қалады.

3. Ойын сауық пен әлеуметтік желілерге көп көңіл бөлу.

4. Нашар time management. Яғни ең берекелі уақытты дұрыс пайдаланбау. Біздің ең берекелі уақытымыз таң намазынан 15.00-16.00’ге дейін. Сол уақытты біз инстаграмға, кино көруге, өсек айтуға жұмсап қойсақ, ісіміздің мүлдем берекесі болмайды екен. Инстаграм қарауға болмайды емес, болады, бірақ ми шаршағанда, яғни кешке. Ал таңертеңнен түстен кейінгі уақытқа дейін табандылық танытып, пайдалы жұмыстарды істеп тастау керек екен.

Психологиялық кедергілер:

1. "Жұрт не дейді?" Менімше қазақтың дамуын ең үлкен кедергі болып жатқан осы нәрсе. Бұл біздің кішкентай кезімізден миымызға, денемізге, сүйегімізге дейін сіңіп кеткен түсінік. Басқалардың пікірі бізге өте маңызды. Солар не дейді деп, қажетсіз шығындар жасау, яғни кредитке той жасау. Жоқ тойларды да жасау, тілашар, пенсия той, юбилей... Ел не демейді, есек не жемейді, деп бекер айтылмаған екен. Біз осы психологиялық кедергіден құтылуымыз керек.

2. Қателесуден қорқу. Бұны да бізге кішкентайымыздан миымызға құйып тастаған, қателессек 2 қойып, дұрыс айтса 5 қойып. Қателесуден қорықпау керек. Әр қателіктен біз бір тәжірибе аламыз. Қателесуден қорыққан адам ешқандай жетістікке жете алмайды. Сүрінбейтін тұяқ жоқ деп бекер айтпаған дана халқымыз.

3. Барлық нәрсе керемет болуын күту. Ешнәрсе топ етіп, керемет болып келмейді. Барлығы біртіндеп болады.

4. Өзіміздің табиғатымыздан хабарсыз болу. Яғни, біз не қалаймыз, не ұнайды біз біле бермейміз. Алдымен өз қалауымызды айқындап алуымыз керек.”